Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математика сабақтарында оқушылардың өз бетімен жұмысын ұйымдастырудың олардың математикаға қызығушылығын арттырудағы маңызы

15 мам 2014, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Баяндама

Математика сабақтарында оқушылардың өз бетімен жұмысын ұйымдастырудың олардың математикаға қызығушылығын арттырудағы маңызы

Оқушыларға орта білім беру жолында және жоғары үлгерімге жетуге ұмтыла отырып, әрбір математика пәні мұғалімі басқа әріптестері секілді барлық оқушының мектеп программасының негізгі мәселелерін өте жақсы меңгеруіне баса назар аударатыны сөзсіз. Мектептегі жұмыстардың нәтижелері мынаны көрсетеді: сабақ үстінде, сабақтан тыс уақыттарда математикаға бейім оқушыларға дұрыс көңіл бөлмеу, олармен жеке жұмыс жүргізбеу олардың пәнге деген қызығушылығын төмендетеді.
Қосымша өзіндік жұмыстар алмай, өзінің математикаға бейімділігін көрсетуге мүмкіндік болмас, мұндай оқушылар сабақ үстінде көңілсіз болады және еріксіз орташалар сапына қосылады. Ал бұл болашақта еліміз үшін өз мамандығын сүйетін, шығармашылық еңбекпен жұмыс істеуге қабілетті адамды, мамандық иесін жоғалту қаупін туғызады.
Сондықтан да мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі уақытында оқушының оқу материалын шығармашылықпен меңгеруге деген қабілетін және кейбір есептерді шешудегі қиындықтарды өз бетімен жеңуге деген талаптарын байқап, оны қолдау және көмектесу болып табылады.
Ал бұл істе оқушылардың сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттарда орындайтын өз бетімен және қосымша жұмыстары, тіпті қосымша үйге берілетін тапсырмалар да маңызды орын алады. Мұндай жұмыстар оқушылардың шығармашылық ойын, қырағылығын, ойлау қабілетін, математикаға бейімділігін дамытуға әсер етеді. Ал жаттығулардағы қиынырақ жерлерді өз бетімен орындап, есепті өз беті - мен шешу олардың математикаға деген қызығушылығын, өз білімінің күшіне деген сенімін арттырады, қуанышқа бөлейді.
Мұғалімнің алдындағы басты мақсат – барлық балаларды өз бетімен білімді игеруге үйрету, ал бұған оқытудың барлық кезеңдерінде: жаңа материалды түсіндіру кезінде, есептер мен жаттығуларды орындау кезінде қайталау сабақтарында оқушылардың белсенді түрде жұмыстануы арқылы жетуге болады. Бұл мәселеде оқулықпен өз бетінше жұмыс жасай білу маңызды роль атқарады, ал оқушының оқулықпен жұмыс жасау дағдысын 4 - 5 - сыныптардан бастап - ақ қалыптастыра беру керек. Мұнда оқушының негізгі материалды қосымша мәселелерден айыра білуіне ерекше көңіл бөлу керек, кейбір оқушы барлық материалды барлық мысалымен жаттап алуға тырысады, ал геометриялық материал болса, ондағы сызбалардағы бейнеленгендерді есте ұстауға ұмтылады. Бірақ егер логикалық ойлар, байланыстар болмаса, білімнің де жоқ болғаны, жаттағандары тез ұмытылады.
Оқулықпен жұмысты әртүрлі жүргізуге болады. Мысалы, бір оқушы есептің берілгенін оқыса, қалғандары өз оқулықтарына қарай отырып, есептің шартымен танысып, берілген және ізделінді шамаларды анықтайды.
Әр оқылған абзац бойынша түсініксіз сөздер мен сөйлемдерді түсіндіре отырып, пункт оқытылып болған соң қайталау жүргізіледі. Кейбір тақырыптарды өткізуді жоспарлағанда, олардың ішінен оқушының өз бетімен меңгеруге, оқулықпен жұмыс жасауына мүмкіндік беретіндерін бөліп алған жөн. Мұндай жұмыстар оқушылардың қызығушылығын арттыратыны анық.
Мысалы, 5 - сыныпта «Бөлу ережелері» тақырыбын өткенде алдымен теріс сандарды бөлу мағынасын түсіндіріп, бірнеше мысалдарды қарастырдым. Оқушылардың теріс сандарды бөлу ережесін өздігінен шығаруына мүмкіндік беріп, олардың осы ережені кітаптан тауып алып, ережені толықтай айттырдым.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 547
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мдт сыныбының күнделікті өмірі мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың циклограммасы
Мдт сыныбының күнделікті өмірі мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың циклограммасы
Мдт сыныбының күнделікті өмірі мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың циклограммасы
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қаблетін дамыту, алған білімдерін тереңдету есептеу дағдыларын жетілдіру.
Математикаға арналған дидактикалық ойындар жинағы
Математикаға арналған дидактикалық ойындар жинағы
Математикаға арналған дидактикалық ойындар жинағы
Оқушылардың шетел тілі пәніне қызығушылығын арттырудағы ойын элеменнттерінің рөлі
Оқушылардың шетел тілі пәніне қызығушылығын арттырудағы ойын элеменнттерінің рөлі
Оқушылардың шетел тілі пәніне қызығушылығын арттырудағы ойын элеменнттерінің рөлі
Жаңа технология әдістемелерін қолдана отырып физика, математика, информатика, сызу – сурет сабақтарында оқушы біліктілігін дамыту
Жаңа технология әдістемелерін қолдана отырып физика, математика, информатика, сызу – сурет сабақтарында оқушы біліктілігін дамыту
Әбдіқасым Молдақадырұлы жоғары санатты математика пәні мұғалімі Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш селосы Жамал Ермегияев атындағы орта мектебі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×