Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математика халық тағылымында

31 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Математика халық тағылымында. (сыныптан тыс шара)
Хош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!
Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Бүгінде сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.
Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.
Математикалық сайыс - бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн. Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен таңысасыңдар:
«Математика ақыл - ойды тәртіпке келтіреді сондықтан оны оқу керек.» (М. В. Ломоносов).
«Білімді болу деген - жаңалық ашуға қабілетті болу» (Әл - Фараби).
«Екі нәрсе ғана өмірдің сәнін келтіреді: Бірі - математикамен шұғылдану, екіншісі - одан сабақ беру.» (С. Д. Пуассон)

Математика барлық пәндер патшасы,
Онсыз құрылмайды, өлшеусіз картасы.
Нақты жауап ой толғауын ашатын
Жауаптарын дұрыс шешіп табатын.
Ғылымдардың сыр сандығын жинақтап,
Дәлелдейді, шығарады салалап.
Керегіне жаратамыз біз оны
Онсыз пәннің келіспейді ажары.

І. « Жұмбақтар сайысы».
ІІ Тапқыр болсаң тауып көр.
ІІІ Шебер қолдар сайысы.
IV Кім жүйрік.
V Шешендікке баулу.

1) Бір итім бар қабаған,
Ауызына темір жамаған. (кебеже )
2) Атқа арта салдым,
Ішіне толтырып арпа салдым (қоржын)
3) Бір қыз көрдім сайланған
Орай тастап белдеулі (домбыра)
4) Мата қиындыларын қидаладым,
Қимай оны қызға арнадым(құрақ)
5) 100 мүйізі бар үстінде киізі бар (киіз үй)

ІІ. «Тапқыр болсаң тауып көр!»
1) Бірде біздің ауылда ат шабыс болып, тайлы тұяғымызбен дөң басына барғанбыз. Аттың көркі жал емес пе, адам көркі мал емес пе?- дей келіп
- Әкем маған
- Анау үш пар атты көрдің бе?
- Үш пар ат сегіз шақырым шапса, бір ат қанша шақырым шабады?- деді
Мен не деп жауап бергенім есімде жоқ, сен не деп жауап берер едің?(8 шақырым)
2) Кенжетай 1968 жылы 29 ақпанда дүниеге келген. Қазір 45 жаста болса, осы кезге дейін неше рет туған күнін жасайды? (11 рет)
3) Атадан мал қалғанша тал қалсын дегендей, қазір мектеп ауласында 500 тал бар. 33 адам жылына 3 талдан ексе, 3 жылдан соң мектеп ауласында қанша тал болады?
99+99+99=297, 500+297=797
4) Екі сегіз - он алты және сегізх және алты.
Жандап жүрген бір алты, барлығы неше алты?

ІІІ. «Шебер қолдар» сайысы
Берілген геометриялық пайдалана отырып өз беттерімен бірнеше фигураларды құрап шығуға үйрету. Әр түрлі нәрседен бір нәрсе құрастыру.

ІV. «Кім жүйрік»
1. Төрт санына байланысты қандай ұлағатты ұғымдарды білесіз?
2. Жеті санына байланысты қандай ұлағатты ұғымдарды білесіз?
3. Алты санына байланысты қандай ұлағатты ұғымдарды білесіз?
4. Үш санына байланысты қандай ұлағатты ұғымдарды білесіз?
Үш саны:
Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл
Үш ғайып: ажал, қонақ, несібе
Үш көз: су анасы - бұлақ, жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ.
Үш жұрт: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты.
Жеті саны:
Жеті күн: бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына.
Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, ілім - білім, жүйрік ат, тазы, қыран бүркіт, берен мылтық
Жеті жұт: құрғақшылық, мал жұтау, оба, өрт, соғыс, сел, жер сілкіну.
Төрт саны:
Төрт тұлға: от, су, жел, жер.
Төрт құбыла: Шығыс, Батыс, Оңтүстік, Солтүстік.

Төрт пірлер:
Қой - ешкінің пірі - Шопан ата,
Жылқының пірі - Қамбар ата,
Түйенің пірі - Ойсылқара,
Сиырдың пірі - Зеңгі баба.

V. Шешендік баулу
Нағыз тұлпар тайынан белгілі болатын секілді.
Ақтайлақ бала ұлы жүздің Шымыр биінен бата алуға барыпты, сонда Шымыр би:
Балам, бір - екі ауыз сұрайын - депті де сұрақтарын жаудырыпты.
Арзан не? Қымбат не? Алыс не? Жақын не? Жаман не? Жақсы не? Тәтті не? – депті.
Оқыстан, тосыннан қойылған сұрақтарға жас Ақтайлақ жауап беріпті...
Арзан - өтірік, Қымбатыңыз - шындық, Жаманыңыз - қиянат, Жақсыңыз - амандық, Алысыңыз - жұмақ, Жақыныңыз - өлім, Қатты - жоқшылық, Тәтті - бала.
2 250
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жүзден жүйрік сайысы
Жүзден жүйрік сайысы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Сам орта мектебі" ММ, бастауыш сынып мұғалімі Қадірова Өрік
Қызықты математика
Қызықты математика
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Пшанова Гульнур Абубакировна
Ой жүйрік математикалық сайыс
Ой жүйрік математикалық сайыс
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі Серік Рабиға Серікқызы
Ең кішкентай математик
Ең кішкентай математик
БҚО, Ақжайық ауданы, Шабдаржап ауылы Харькин орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, әлеуметтік педагогы Мурзалиева Акмарал Муратовна
Білімді мыңды жығар
Білімді мыңды жығар
Мақсаты: Оқушыларды ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу, әділ шешім айтуға, бірлікке ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар (тапқырлар сайысы)
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар (тапқырлар сайысы)
Математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×