Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Логикалық есептердің кейбір түрлері және оларды шығару жолдары

09 қазан 2015, Жұма
Категориясы: Математика
Талдықорған қаласының
№16 орта мектеп гимназиясының
математика пәнінің мұғалімі
Сапарғалиев Марат Тілеуліұлы.

Тақырыбы: Логикалық есептердің кейбір түрлері және оларды шығару жолдары.

Адамның ерекше қасиеттерінің бірі – есепті дұрыс шеше білу. Менің мақсатым – әр түрлі қиындықтағы есептерді дұрыс шығара білуге үйрену. Біздің заманымыз ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен ерекшеленеді. Сондықтан әрбір мектеп оқушысының алдында тұрған міндеті – қазіргі заманғы математикалық логиканың негізін түсіне білу, логикалық есептерді шеше білу. Математикалық логиканы білмейінше, оны ойдағыдай меңгеру қиын. Өйткені бүгінгі күні ғылым мен техниканың қарыштап дамуы ол адамның ойлау қабілетінің ең ірі жетістіктері болып табылуда.
Арнайы формуланы қолдануға келмейтін, белгілі бір алгоритмді қолданып шығаруға болмайтын, әрқайсысына өзінше талдау жасауды қажет ететін есептерді стандарттық емес логикалық есептер дейміз.
Логикалық есептердің саны да, шығару да тәсілдері де алуан түрлі. Математика ғылымында логикалық есептер бірнеше түрге бөлінеді, соларға жеке - жеке тоқталайын. Стандартты емес логикалық есептерді жекелей тақырыптар бойынша топтап қарастырайық.

1) Граф әдісі. (Сәйкес нұсқаны табу есептері)

Мұндай есептерде оқушыдан әр затқа сәйкес затты, бұйымды тауып беру талап етіледі. Есепті шешуді бағандар әдісімен немесе кесте көмегімен орындаған оңай. Кесте әдісін қолданғанда бір жиынның элементтерін бағандар етіп, екінші жиын элементтерін жолдар етіп орналастырамыз. Содан кейін есеп шарты бойынша әр жеке баған мен әр жолдың сәйкес не сәйкес еместігін «+» және «-» таңбаларымен белгілеуді орындаймыз.

1 - Есеп: Төрт спортшы: Әлия, Ғалия, Мадина, Динара гимнастикадан - өткен жарыста алдыңғы 4 орынды алды, бірақ олардың кез келген екеуі бұл орынды бөліскен жоқ.
Кім нешінші орын алды?- деген сұраққа үш жанкүйер былай деп жауап берді.
а) Әлия – ІІ, Динара – ІІІ
ә) Әлия – І, Ғалия – ІІ
б) Мадина – ІІ, Динара – ІV.
Жанкүйерлердің әрқайсысы бір рет қателескенін ескеріп, әр спортшының қандай орын алғанын табу керек.

Жауабы: Әлия – І орын
Мадина – ІІ орын
Динара – ІІІ орын
Ғалия – ІV орын

2 - Есеп: Үш адам сөйесіп тұр: Ақбаев, Қарабаев, Сарыбаев. Олардың қара шаштысы Ақбаевқа айтады. «Біреуіміздің шашымыз ақ, екіншінің шашы қара, үшіншісінің шашы сары, бірақ ешкімнің шашының түсі фамилиясына сәйкес келмейді». Олардың әрқайсысының шаштарының түстері қандай?

Шешуі:
1 - тәсіл (логикалық пайымдау арқылы)
Қара шашты адам Ақбаевпен сөйлескендіктен, Ақбаев қара шашты да болмайды, ақ шашты да болмайды (себебі шашының түсі фамилясына сәйкес келмеу керек). Олай болса Ақбаев – сары шашты. Онда Қарабаев – ақ шашты, ал Сарыбаев – қара шашты болады.
2 - тәсіл. (кестенің көмегімен )
алдымен есептің шарты бойынша, кестені салайық

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
31 248
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикадан олимпиадалық қиын есептерді тиімді шешу жолдары
Математикадан олимпиадалық қиын есептерді тиімді шешу жолдары
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамды сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, ойлау қабілетінің жоғары, шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді. Оқушылардың математикалық білімін жоғары деңгейде оқыту, яғни тереңдету
Мәселе есептерді шешу жолдары
Мәселе есептерді шешу жолдары
Күнделікті тұрмыста мәселе есептерді шешуді көп кездестіреміз. Есеп шығара білу - әр адамның математикалық, логикалық және сын тұрғысынан ойлау қабілетінің даму көрсеткіші.
Логика. Логиканы тез есептеудің жолдарын зерттеу
Логика. Логиканы тез есептеудің жолдарын зерттеу
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №64 орта мектептің математика пәні мұғалімі Тасмамбетова Зауре Қуанбайқызы
PISA зерттеулеріне сәйкес теңдеу құруға берілген есептерді шығару
PISA зерттеулеріне сәйкес теңдеу құруға берілген есептерді шығару
Оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын қалыптастыра отырып, PISA тапсырмаларын өз бетімен шығара алатын қабілеттерін қалыптастыру
Теңдеулер мен теңсіздіктер (тақырыптық жоспар 7 сынып)
Теңдеулер мен теңсіздіктер (тақырыптық жоспар 7 сынып)
Тараз қаласы №51 орта мектеп Құрастырған: математика пәні мұғалімі Нұрсейтова Айнаш Қанафинқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×