Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Темекі шегудің денсаулыққа зияны жөнінде – математика тілімен (Туындыны қайталау)

29 қыркүйек 2017, Жұма
Категориясы: Математика
Алгебра 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Темекі шегудің денсаулыққа зияны жөнінде – математика тілімен (Туындыны қайталау)
Сабақтың мақсаты:
 Білімдік – туындыны таба білу дағдылары мен практикалық білімдерін шыңдау;
 Тәрбиелік – салауатты өмір салтын насихаттау, шылым шегудің денсаулыққа зияны туралы білімдерін кеңейту;
 Дамытушылық – салыстыру, ең бастысын анықтау тәсілдерін қолдана білу шеберлігінің қалыптасуына ықпал ету, білімді жаңа жағдайға ауыстыру, зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту.

Құрал - жабдықтар: слайдтар, слайдтық презентациялар, сабақтың ұраны «Мен салауатты өмір салтын таңдаймын», жүрекшелер, карточкалар.

Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ, Туынды тақырыбы бойынша білімін жетілдіру
Сабақ әдісі: топпен жұмыс, өз бетімен жұмыс.
Сабақ көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: информатика, биология, математика
Жаңа технология түрі: деңгейлеп оқыту.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастырушылық кезең. Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызамыз, әр топтың өз атаулары болады.
- Балалар, біз бүгін «Туынды» тақырыбын аяқтаймыз, сабақта бұл тақырып бойынша есептер шығарамыз. Біздің, бүгінгі сабағымыз «Темекі шегудің зияны – математика тілімен» деп аталады. Бұл сабақ «Информатика» пәнімен кіріктірілген, информатикадан біз Power Point арқылы презентация жасау тақырыбын аяқтаудамыз. Үйде сендер сабаққа жоба презентациялар әзірледіңдер, біз оны сабақ барысында көреміз.
«Мен салауатты өмір салтын таңдаймын» деген сөздер біздің сабағымыздың ұраны болады, мен бұл сөздерді әдейі үлкен әріптермен жаздым, себебі бұл барша адамзаттың, Қазақстан Республикасының және біздің колледжіміздің ең басты мәселесі.
Сонымен, біздің сабағымыздың мақсаты мынадай: сендер өздеріңді:
1. Бұл сабақтың есептерін шығара алатындықтарыңа;
2. «Туынды» тақырыбын меңгергендіктеріңе;
3. Презентация жасай білетіндіктеріңе;
4. Темекі денеге зиянын тигізіп, ақылды аздырып, тұтас ұлттарды улайтындығына сендірулерің керек.

ІІ. Ауызша жұмыс.
1. Тапсырма. Кестені толтыру тапсырмалары
2. тапсырма. Оқушылар келесі бетінде есептер жазылған жүрекшелер таратылады, оларды шешіп, тақтаға дұрыс жауабын жазу, жүрекшені тақтада сызылған үлкен жүрекке жапсыру керек. Ауызша есептеу аяқталған соң мұғалім: «Бұл үлкен жүректі біз бүгін бір - бірімізге және барлық қонақтарға сыйлаймыз»- дейді.

ІІІ Есеп шығару.
Келеcі есептерді шығара отырып, біз парақтың ар жақ бетінде қандай сөздер жасырылғанын білеміз. (Тақтаға 1, 2, 3 номерлі парақтар ілінген)
1тапсырма:

Бірінші кестені ашамыз (жүрек). Аяқталған соң 1 - топ шылым шегудің жүрекке тигізетін зияны жөнінде презентация көрсетеді
Қорытынды: Темекі жүрек – қан тамырларын жіңішкертіп, жүректің қан айналдыру қызметін қиындатады
2 - тапсырма:
Бөліндінің туындысы

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
№9 орта мектептің жоғары санаты математика пәні мұғалімі
Нурбергенова Индира Татарбековна

Темекі шегудің денсаулыққа зияны жөнінде – математика тілімен (Туындыны қайталау) жүктеу
1 632
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дифференциалдауға есептер шығару.
Дифференциалдауға есептер шығару.
Оқушылардың туынды, туындыны есептеу ережелері, күрделі және тригонометриялық функциялардың туындысы жөнінде алған білімдерін тереңдету.
Туындыны табу ережелері
Туындыны табу ережелері
Туындыны табудың ережелері және дәрежелік функцияның туындысын табу формуласын өздеріне қорытып шығарту; Оларды есеп шығаруда қолдануды үйретіп, туынды ұғымы бойынша білімдерін кеңейту
Туындыны табу ережелері
Туындыны табу ережелері
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ақтам орта мектебінің математика пәні мұғалімі Иманғазиева Клара
Темекі шегу - адам ағзасына зиян
Темекі шегу - адам ағзасына зиян
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 ЖББ орта мектебінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Сансызбаева Ақгүл Тілегенқызы
Салауатты өмір салтын сақтайық!
Салауатты өмір салтын сақтайық!
Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Балмұқанова Гүлсім
Туындыны есептеу ережелері
Туындыны есептеу ережелері
Туынды жайлы меңгерген білімдерін одан әрі тереңдету, толықтыру Оқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктерін дамыту, алған білімдерін практикада пайдалана білу дағдысын қалыптастыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×