Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сандардың нумерациясы

07 қазан 2018, Жексенбі
Категориясы: Математика
Математика
№1. Тақырыбы: Сандардың нумерациясы.
Мақсаты: үш таңбалы сандардың құрылу тәсілдерін қорытындылау; оларды салыстыру; алдыңғы, келесі түсініктерін пайдалана отырып, натурал сандар қатарындағы сандарды табу дағдыларын жетілдіру.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі: суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Жаңа сабақ: кіріспе. Көркем жазу сәтіне 1, 2, 3 цифрларының көмегімен үш таңбалы сандар жазу ұсынылады. (123, 132, 213, 231, 312, 321)
- Неше сан жаздыңдар? Ең кіші санды; ең үлкен санды; 1 ондығы бар санды; 1 бірлігі бар санды; 3 ондығы бар санды ата. 312 мен 321 сандарының арасындағы сандарды жаз.
1. Оқулықпен жұмыс. № 1 ауызша есептеу. Жасырын сандарды ата.

2. Сандар туралы білімдерін қайталауға арналған жұмыс.

№ 2. Өздік жұмыс. Сандарды ата. Оларды кему ретімен жаз.
№ 3. Салыстыр. Жұптық жұмыс. Есептемей – ақ салыстыру.
699 – 90 808 – 80
400 + 80 > 400 + 8
550 + 50 > 550 + 5
998 – 900 < 998 – 90
665 – 60 – 5 = 665 – 5
№ 4. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте. (Үш қатардан 3 оқушы, жарысу).

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы,
Лекер жалпы негізгі білім беру мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Тасыбаева Канипа Казесовна
Сандардың нумерациясы. жүктеу
3 655
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Екі таңбалы санға жазбаша көбейту
Екі таңбалы санға жазбаша көбейту
оқушыларды екі таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілін үйрету; есте сақтау, ойлау және математикалық тілде дұрыс сөйлей білуін дамыту;
Теңдеулер және оларды шешу тәсілдері
Теңдеулер және оларды шешу тәсілдері
Оқушыларға теңдеуді және оларды шешу тәсілдерін қайталату;
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдері. Қайталау.
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдері. Қайталау.
Оқушыларға екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерін тиянақтауға, теңдеу құрастырып шешімін табуға үйретуге мүмкіндік жасау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; білімділікке, дәптермен жұмыс жасау барысында тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Оқушыларды екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілін тиянақтау; 2) есте сақтау, ойлау және математикалық тілде дұрыс сөйлей білу қабілетін дамыту;
Сандардың нумерациясы
Сандардың нумерациясы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный п. №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сманова Гүлназ Сантаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×