Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тік төртбұрыштың ауданы

09 желтоқсан 2018, Жексенбі
Категориясы: Математика
Геометрия 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың ауданы
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Мақсаттары: Сыни ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық қиялды күшейту; графикалық қабілетін дамыту. Есеп шартына сәйкес формулаларды қолдана білуге үйрету, сол формулалар арқылы аудандарды есептейді.

І. Ұйымдастыру бөлімі.
3 мин І. Топқа бөлу. Мұғалімнің нұсқау береді
ІІ. Тақырып жоспары:
1. Амандасу (мимикамен)
Жеребе таңдау арқылы топтарға бөлу / тік төртбұрыш, квадрат, пареллограмм, трапеция /тік төртбұрыш - 1 топқа; квадрат - 2 топқа; пареллограмм - 3топқа; трапеция

Кіріспе 5 мин
«Ой қозғау» мұғалім айтады «Ертегі есеп»
... Орманды алқапқа барлық төртбұрыштың түрлері жиналады. Олар өздерінің араларынан патша сайламақ болады. Бірақ келіспей, ұзақ дауласады. Сол кезде кәрі параллелограмм: - - Барлығымыз төртбұрыштар патшалығына барайық. Кім бірінші жеткен болса, сол патша тағына лайық деп саналсын, - дейді. Бұған барлығы келіседі. Келе жатқанда алдарынан өзен кездеседі. Сонда өзен: Мені тек кімнің диагоналі қиылысады және қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді тек сол ғана өте алады, - деп сылдырлап қоя береді. Кейбірі қалып, өткендері ары қарай жол жүреді. Алдарынан үлкен тау шығады, ол диагональдары тең төртбұрыштар ғана өте алатынын айтады. Кейбір саяхатшылар бұл жерде де қалады. Өткендері келе жатса, алдарынан үлкен сайды жалғастырып тұрған жіңішке көпір шығады. Ол да өз шартын айтады: Кімнің диагоналдары тікбұрыш жасап қиылысса солар ғана өте алады. Көпірден тек бір ғана төртбұрыш өтіп, патша сарайына жетіп, патша атанады.
Сұрақ: Қай фигура патша болды? Оның ең бірінші қарсыласы кім болды? Қайсысы жарыстан бірінші шығып қалды?

Үй тапсырмасын сұрау
«Сұрақ - жауап»
Тік төртбұрыштың ауданы
1) Тең фигуралардың аудандары тең болады.
2) Егер фигура қандай да бір сызықпен екі басқа фигураларға бөлінсе, онда берілген фигураның ауданы осы бөліктердің аудандарының қосындысына тең.
3) Қабырғасы бір өлшем бірлігіне тең квадраттың ауданы 1 – ге тең.
Салдар 1. Егер бір фигура екінші фигураның бөлігі болса, онда бұл фигураның ауданы екінші фигураның ауданынан кем болады.
Салдар 2. Тең құрамды фигуралардың аудандары да тең болады.

Пән мұғалімі: Шаммухамбетова Н. Г.
Тік төртбұрыштың ауданы жүктеу
1 752
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Төртбұрыштар
Төртбұрыштар
Параллелограмм анықтамасы: Қарама - қарсы қабырғалары қос қостан параллель болатын төртбұрыш параллелограмм деп аталады.
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі
Оқушылардың тік төртбұрыштың (шаршының) қабырғаларын өлшейді және оның ұзындықтарының қосындысын табады, периметрін табу жолымен таныстыру, екі амалмен шығарылатын есептерді құру, шешу, бекіту.
Тік төртбұрыш
Тік төртбұрыш
Сапарғалиев Марат Тілеуліұлы
Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар
Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар
Тақырып: Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар (квадрат, ромб, тіктөртбұрыш, параллелограмм, трапеция)
Трапецияға есептер шығару
Трапецияға есептер шығару
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы № 30 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Шепенова Ләззат
Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданын есептеу
Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданын есептеу
Сабақтың мақсаты: Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданының формуласын пайдалана отырып ауданды таба білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×