Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар

22 желтоқсан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Математика
Тақырып: Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар (квадрат, ромб, тіктөртбұрыш, параллелограмм, трапеция)

Сабақтың мақсаты:
А) Өмірде кездесетін төртбұрыштарды өз өмірлерінде кездесетін жағдайлар мен зерттеулер арқылы оқушылардың ой - өрістерін дамыту;
Б) Қоршаған орта заттарындағы төртбұрыштарды талдай алатын және сызбасын келтіру, шығармашылықпен елестету қабілеттерін дамыту;
В) Оқушыларды достыққа, ынтымақтастық пен бірлікке, топпен жұмыс жасауға, жауапкершілікке тәрбиелеу;
Сабақтың типі: білімді жүйелеу
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, есеп шығару, ойын түрлері, СТО
Көрнекіліктер: слайд, сызғыш, қималар, таратпа тапсырмалар

Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Амандасу.
- Оқушыларды түгелдеп, топқа бөлу.
- Назарларын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
Эссе: «Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар туралы» оқушылар ой - толғаныстарын оқып береді.
Төртбұрыштың түрлері бойынша топтар өз ұрандарын таныстырады:
1. «Төртбұрыштар» тобы: «Шығар. Ізден. Жаса. Ойлан!»
2. «Ромбтар» тобы: «Іздену, шешу, ұқыпты санау, жеткізер бізді жеңіске»
3. «Параллелограмм» тобы: «Ойлан. Есіңе түсір. Зертте. Қорытынды жаса!»

3. Өткенге шолу:
«Қайталау – оқу анасы»
Сөзжұмбақ шешу.
Оны шешу барысында төртбұрыштардың анықтамалары мен элементтері және түрлері еске түсіріледі.
Тігінен:
1. Тек екі қарама - қарсы қабырғалары параллель болатын төртбұрыш
2. Төртбұрыштың көршілес төбелерін қосатын кесінді
3. Төртбұрыштың қабырғалары шығатын нүкте
4. Төртбұрыштың қарама - қарсы төбелерін қосатын кесінді
5. Барлық қабырғалары тең болатын тіктөртбұрыш
6. Барлық қабырғалары тең параллелограмм
Көлденең жолда қандай фигура жасырынған? (параллелограмм)
Негізгі бөлім:

«Ерте, ерте, ертеде...»
Соңы сұрақтармен аяқталатын ертегімді тыңдаңыздар. Ертегі барысында қойылатын сұрақтарға топтарда ойлана отырып жауап беруге тырысыңдар.
Күндердің күнінде барлық төртбұрыштар орман алаңына жиналып өздерінің ханзадаларын сайлап алмақшы болады. Олар ұзақ дауласып бір шешімге келе алмайды. Сол кезде бір кәрі параллелограмм дауды тоқтатыңдар, бәріміз жиналып төртбұрыштар патшалығына барайық. Кім бірінші жетсе, сол ханзада болады. Бәрі келісіп ертелете алыс сапарға аттанады.
Жолда фигуралар сылдырап ағып жатқан өзенге кездесті. Су иесі Сүлеймен «Кімде кімнің диагоналдары қиылысып, қиылысу нүктесінде қаққа бөлінсе солар ғана өте алады»,- деді. Төртбұрыштардың кейбіреулері жағада қалып, ал қалғандары арғы бетке жүзіп өтіп сапарларын жалғастырды. Жолдарында биік тау кездесті де былай деп тіл қатты: «Кімдердің диагоналдары тең солар ғана өтеді»,- деді. Фигуралардың кейбіреуі тау етегінде қалды да, қалғандары аттанып кетті. Қанша жүргені белгісіз олар жіңішке ғана көпірі бар орға кездесті. Көпір бірден кімнің диагоналдары тік бұрыш жасап қиылысса, соны ғана өткіземін деді. Көпір арқылы бір ғана төртбұрыш патшалыққа бірінші болып жетіп, ханзада болып сайланды.

2. Сұрақтар:
Кім ханзада болды? (квадрат немесе шаршы)
Оның басты қарсыласы кім? (тіктөртбұрыш)
Кім бірінші болып жарыстан шығып қалды? (трапеция)
Тау етегінде кімдер қалды деп ойлайсыңдар? (ромб пен параллелограм) ( Әр кезеңінде топтар бір - бірін фишка арқылы бағалап отыру)

3.«Сәулетшілер» сайысы:
Әр топтан бір «сәулетшіден» шығып түрлі түсті картон қағаздан қиылған
- параллелограмнан
- ромбыдан
- квадраттан трапеция қиып түсіру қажет.

4. Деңгейлік есептер шығару
А деңгейі
1- есеп. <ВАС= 40°, < САД =20°. АВСД - ның қалған бұрыштарын табыңдар..
2 -есеп.< BAD= 10°. ∆AOD - ның барлық бұрыштарын табу керек.

В деңгейі
3-есеп. Егер ABCD параллелограммының периметрі 24 см болса, оның қабырғаларын тап.
АВ: ВС= 2: 1.
4 есеп. ЕРКМ – ромб. ЕК=5см, < КЕМ=60°- қа тең. Ромбының периметрін тап.
С - деңгейі
6 есеп. Егер параллелограмның периметрі 24 см және АВ=АД болса, онда АВСД параллелограмның қабырғаларын тап.

5. Шығармашылық тапсырмалар
1 - ші топқа тапсырма:
Ромбының әрбір қабырғасын тең үш бөлікке бөліп, сол нүктелер арқылы ромбының қабырғаларына параллель түзулер жүргіз. Қанша ромб пайда болды? ( жауабы – 14)
2 - ші топқа тапсырма:
Параллелограмм берілген. Қарама - қарсы қабырғаларының ортасын кесінділермен қос. Қанша параллелограмм пайда болды? ( жауабы – 9)
3 - ші топқа тапсырма:
Квадраттың қарама - қарсы төбелерін қосқанда неше үшбұрыш пайда болады?
( жауабы – 8)

Бекіту.
Топтардың бір - біріне сұрағы
Квадраттың тіктөртбұрыштан айырмашылығы? (барлық қабырғалары тең)
Квадраттың ромбыдан айырмашылығы қандай? (барлық бұрыштары тік)
Квадраттың параллелограмнан айырмашылығы? (барлық бұрыштары тік және барлық қабырғалары мен диагоналдары өзара тең)

Үйге тапсырма: Трапеция мен параллелограмға және трапеция мен квадратқа Венн диаграммасын құрып келу.
Қорытындылау
Бағалау
15 064
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Төртбұрыштар
Төртбұрыштар
Параллелограмм анықтамасы: Қарама - қарсы қабырғалары қос қостан параллель болатын төртбұрыш параллелограмм деп аталады.
Тік төртбұрыштың ауданы
Тік төртбұрыштың ауданы
Сыни ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық қиялды күшейту; графикалық қабілетін дамыту. Есеп шартына сәйкес формулаларды қолдана білуге үйрету, сол формулалар арқылы аудандарды есептейді.
Төртбұрыштар тарауын қайталау
Төртбұрыштар тарауын қайталау
Жаңаарқа ауданы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Қуанышбекова Самал Көшкенқызы
Төртбұрыштар тарауын қайталау
Төртбұрыштар тарауын қайталау
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қожбанбет би атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Оспанбекова Гулназира Курумбайқызы
Трапецияға есептер шығару
Трапецияға есептер шығару
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы № 30 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Шепенова Ләззат
Төртбұрыштар тақырыбын қорытындылау (геометрия)
Төртбұрыштар тақырыбын қорытындылау (геометрия)
Бибіжан Кәдіржанқызы Зайырбаева Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы Боровской селосы, Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×