Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математиканы оқыту әдістемесі пәні

25 қазан 2023, Сәрсенбі
Категориясы: Математика

1. Математиканы оқыту әдістемесі пәні
1. 1 Математиканың ғылым ретінде дамуы.
1. 2 Математиканы оқыту әдістемесі пәні, мазмұны, міндеттері.
1. 3 Математиканы оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы.
1. 1 Математиканы оқыту әдістемесі математика ғылымымен тығыз байланысты. Математика – орта мектептегі негізгі пәндердің бірі болып табылады. Ол басқа пәндерді оқып үйренуге, оқушылардың логикалық ой – өрісінің дамуына септігін тигізеді. Математика әдістемесінің мазмұны мен даму барысын дұрыс бағдарлап түсіну үшін математика ғылымының даму тарихынан мағлұматтарды білу қажет. Математиканы оқыту әдістемесі математиканың көп ғасырлы дамуымен тығыз байланысты. Жалпы математика ғылымының даму тарихын төрт кезеңге бөледі: 1. Математиканың пайда болу кезеңі VI - V ғасырларға дейін созылған. Бұл кезеңде математиканың алғашқы негізгі ұғымдары: сандар, фигуралар, т. б. қалыптасты; математиканың тәжірибелік есептерді шығаруға қажетті бастамасы шықты.
2. Элементар математика кезеңі. Біздің дәуірімізге дейінгі VI - V ғасырлардан бастап, біздің дәуіріміздің XVII ғасырына дейін болған аралықта тұрақты шамалар зерттеліп, ашылады. Математика ғылымы өзіндік зерттеу тақырыбы және зерттеу әдісі бар пән ретінде танылды.
3. Айнымалы шамалар математикасының даму кезеңі. XVII ғасырдан бастап XIX ғасырдың орта тұсына дейін созылған. Аналитикалық геометрияға айнымалы шамаларды Р. Декарттың (1596 - 1650) енгізуімен есептер басталады.
2. Математиканы оқытудың мақсаттары мен мазмұны
2. 1 Математиканы оқытудың мақсаттары.
2. 2 Математиканы оқыту мазмұнының негізгі компоненттері.
2. 3 Дамыту тенденциясы.
2. 1 Жеке тұлғаны тәрбиелеудің қажеттілігі мен қазіргі кезеңдегі математикалық білімінің рөлі мектепте математиканы оқытудың мақсатын анықтайды. Математиканы оқыту мақсатын анықтаудың әдіснамалық негізі демократиялық қоғамның жан - жақты дамыған белсенді құрылысшысын қалыптастыру, білімнің дүниеге ғылыми көзқарас пен практиканың арасындағы байланыс жайындағы ілім болып табылады. Қазіргі таңда жалпы білім беретін орта мектепке қойылатын жалпы талаптар: мектеп оқушыларының бойына Отанға сүйіспеншілік, үлкендерді, ата - аналар мен мұғалімдерді сыйлау сезімін дарытуға, жеткіншек ұрпақты оқу мен еңбектің сапасы үшін, өздерінің мінез - құлқы үшін жоғары жауапкершілік рухында тәрбиелеуге, оқушылардың өзін - өзі басқаруын дамытуға, экономиканы басқаруы сол арқылы өзін де, қоғамды да байлыққа кеңелтуі керек. Бұл тұжырым математикалық білім берудің басты мақсатын анықтайды. Математикамен бала күнінен айналысқан адамдар өзінің ілтипатын дамытады, миы мен еркін жаттықтырады, көздеген мақсатына жеткізетін жігер мен табандылықты қалыптастырады. Математиканы оқытудың негізгі мақсаттары: білім беру, тәрбиелеу, тәжірибелік, дамытушы лық болып табылады.

2 113
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
5 - 7 сыныптарға арналған математика пәнінен факультатив жоспары
5 - 7 сыныптарға арналған математика пәнінен факультатив жоспары
5 - 7 сыныптарға арналған математика пәнінен факультатив жоспары Тақырыбы: Математиканың сан сырлары
Математика сабағында көрнекі құралдарды қолдану
Математика сабағында көрнекі құралдарды қолдану
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №64 орта мектептің математика пәні мұғалімі Тасмамбетова Зауре Қуанбайқызы
Математиканы арнаулы пәндермен байланыстыра оқыту
Математиканы арнаулы пәндермен байланыстыра оқыту
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Архабаева Жұпар Көпбайқызы
Қолданбалы курс бағдарламасы «Матрица»
Қолданбалы курс бағдарламасы «Матрица»
Ыдырысов Әбдіқасым Молдақадырұлы жоғары санатты математика пәні мұғалімі Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш селосы Жамал Ермегияев атындағы орта мектебі
Сыйымдылық және көлем ұғымдарын оқыту
Сыйымдылық және көлем ұғымдарын оқыту
Қызылорда қаласы, М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледждің математика пәні оқытушысы Гүлжанат Сәрсен Сабақ жоспары Пәні: Бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі Сабақтың тақырыбы: Сыйымдылық және көлем ұғымдарын оқыту әдістемесі
Математика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар. 11 сыныптар үшін
Математика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар. 11 сыныптар үшін
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №249 мектеп-лицейдің математика пәні мұғалімі Сансызбай Айгүл Мұхтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×