Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу

09 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға «Жай бөлшектер, оларды оқу және жазу» туралы түсіндіру. Оқушылардың есептер шығару дағдысын жетілдіру. Жай бөлшектердің оқылуын және жазылуын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге қызығушылығын
арттыру. Ауызша, жазбаша тез есептеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Топпен жұмыс жасай білуге үйрету.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Электронды оқулық, компьютер слайды, тірек - сызбалар.

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру
А) Сынып тазалығы, оқушылардың сабаққа қатысуы
Б) Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.
ІІ Өтілген тақырыпты пысықтау «Тест бойынша біліміңді тексер»
І Топқа
1. Ең үлкен ортақ бөлгіш деген не? ЕҮОБ
Ж: а және в сандары бөлінетін ең үлкен натурал сан.
2. ЕҮОБ (6; 12) =
ЕҮОБ (15; 225) =
ЕҮОБ (16; 64) =
ЕҮОБ (4; 44) =
ЕҮОБ (5; 35) =
ІІ Топқа
1. Ең кіші ортақ еселік деген не? ЕКОЕ
Ж: Осы сандарға еселік болатын ең кіші натурал сан.
2. ЕКОЕ (3; 8) =
ЕКОЕ (2, 5) =
ЕКОЕ (8, 11) =
ЕКОЕ (6, 7) =
ЕКОЕ (10, 100) =

ІІІ Жаңа сабақ
1. Электронды оқулық арқылы түсіндіру
2. Мысалы: Жер телімі 9 бөлікке бөлінген. 4 гүлшіде - көк, 3 гүлшіде - сары,
2 гүлшіде - қызғылт жұлдызгүл тұқымы болады. Әрбір гүлші бір атызға ғана отырғызады. Сұрақ: Жер телімі бірдей қанша атызға бөлінді?
?- қызыл,?- сары,?- қызғылт
1/9; 4/9; 3/9; 2/9 бөлшектің алымы, бөлімі, оқылуын түсіндіру.
Ереже:
Жай бөлшектің бөлімі бүтіннің қанша тең бөлікке бөлінгенін, алымы ол бөліктердің нешеуі алынғанын көрсетеді. 1: 9=1/9
Бөлшек сызығы бөлу дегенді білдіреді.
4/9; 4 - бөлінгіш, 9 - бөлгіш
Бірнеше мысалдар арқылы тақырыпты түсіндіремін.
1 см қанша дм болатынын табайық:
1дм=10см. Демек, 1 дм - дің 1/10 бөлігі 1 см - ді құрайды.
Жауабы: 1 см=1/10 дм

Есептер шығару: №358 -№359 ауызша
№360 -№362 есептерді сурет бойынша орындап, жай бөлшектерді жаздыру.
№360 Әр шаршының боялған бөлігін жай бөлшекпен жазу керек.

№361
Фигуралар берілген.
Фигуралардың қандай бөлігі боялғандығын анықтап жазу керек.
№362
Фигураның боялған бөліктері жай бөлшекпен дұрыс көрсетілген бе?
1 - дұрыс 2 - дұрыс 3 - дұрыс емес 4 - дұрыс емес
№363
Алтыдан бес 5/6
Он үштен сегіз 8/13
Отыз сегізден үш 3/38
Қырықтан он бір 11/40
Тоқсан жетіден жиырма 20/97
Үш жүзден алпыс екі 62/300
№364 есепті орындау
2: 17=2/17 ------------- 72: 113=72/113
6: 19=6/19 ----------------- 324: 1001=324/1001
31: 100=31/100 ---------------- 500: 501=500/501
22: 25=22/25 ---------------------- 721: 999=721/999

Өздігінен жұмыс:
Әрқайсысың 5 жай бөлшек жазыңдар

№365
1) 2/23 = 2: 23 ----------------- 7/400= 7: 400
2) 10/47 = 10: 47 ------------------ 11/3462= 11: 3462
3) 65/73 = 65: 73 ---------------------- 400/523= 400: 523
4) 205/333 = 205: 333 ------------------ 1489/5555= 1489: 5555

Шығармашылық тапсырма:
Үш таңбалы сан ойлаңдар. 123
Ойлаған санға осы санның өзін тіркеп жаз. 123123
Екінші оқушыға бер.
Қағазға жазылған санды 13 - ке бөліп, шыққан санды үшінші оқушыға бер.
Ол санды 11 - ге бөліп, 4 - ші оқушыға бер.
4 - ші оқушы 11 - ге бөлінген санды 7 - ге бөліп, шыққан санды оқиды. Бұл сан бірінші ойлаған оқушының саны болады.
№366 есепті шығартамын.

ІУ. Қорытындылау:
1. Жай бөлшектің бөлімі нені білдіреді?
2. Жай бөлшектің алымы нені білдіреді?
3. Екі натурал санның бөліндісін жазу тәсілдері қандай?
4. Натурал санды жай бөлшек түрінде жазуға бола ма?
У. Үйге тапсырма:
№367 есеп
УІ. Бағалау: Оқушылар күнделігіне баға қою
16 632
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті табуға есептер шығару
Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті табуға есептер шығару
Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті табуға есептер шығару кездегі білімдерін міндетті және мүмкін деңгейде тексеру, ойда сақтау қаблетін дамыту.
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайтуды меңгерту және жүйелеу. Ондық бөлшектердің жай бөлшектермен, жай бөлшектердің ондық бөлшектермен жазылуын және оқылуын үйрету. Біліктерін логикалық оймен іске асыра білу.
Жай бөлшектер. Жай бөлшектерді оқу және жазу
Жай бөлшектер. Жай бөлшектерді оқу және жазу
Оқушыларға үлес, жай бөлшектер, оларды оқу және жазу туралы түсіндіру. Оқушылардың есептер шығару дағдысын жетілдіру. Жай бөлшектердің оқылуын меңгерту.
ЕҮОБ және ЕКОЕ тақырыптарына байланысты есептер шығару
ЕҮОБ және ЕКОЕ тақырыптарына байланысты есептер шығару
Алматы облысы, Балқаш ауданы, «Көкжиде орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің математика - информатика пәні мұғалімі Абитбекова Жанар Санаққызы
Үлестер. Жай бөлшектер
Үлестер. Жай бөлшектер
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Абай атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жолдыбаева Зәуре
Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру
Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру
Қызылорда қаласы, Талдыарал елді мекені №215 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Абдикаримова Гаухар Абдикаликовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×