Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жай бөлшектер. Жай бөлшектерді оқу және жазу

14 желтоқсан 2017, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер. Жай бөлшектерді оқу және жазу.
Математика 5 сынып
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: Оқушыларға үлес, жай бөлшектер, оларды оқу және жазу туралы түсіндіру. Оқушылардың есептер шығару дағдысын жетілдіру. Жай бөлшектердің оқылуын меңгерту.
Б) Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ауызша, жазбаша тез есептеуге дағдыландыру.
С) Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер слайды, үлестірмелі карточкалар, сөзжұмбақтар мен суреттер.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақ
IV. Қорытынды
V. Үйге тапсырма

I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгелдеп, сыныптың сабаққа дайындығын қадағалап, сабақты бастаймын.

II. Үй тапсырмасын тексеру:
Тақтаға үй тапсырмасы ілініп, оқушылар өздерінің үй тапсырмаларын дәптерлерін бір - біріне алмастыру арқылы тексереді.
Үй тапсырмасы:
№750 есеп
Азайғыштың, азайтқыштың коэффициенттерінің ең үлкен ортақ бөлгішін жақша сыртына шығарып жазыңдар:
1) 42x - 30y=6(7x - 5y)
2) 56x - 24y=8(7x - 3y)
3) 60m - 36n=12(5m - 3n)
4) 75m - 15n=15(5m - n)
5) 95a - 35b=5(19a - 7b)
6) 88a - 55b=11(8a - 5b)

III. Жаңа сабақты түсіндіру:
a/b жай бөлшек. а - алымы, b - бөлімі
Жай бөлшектің бөлімі бүтіннің қанша тең бөлікке бөлінгенін, алымы ол бөліктердің нешеуі алынғанын көрсетеді. a/b=a: b. 4/9=4: 9. Бөлшек сызығы бөлу дегенді білдіреді.
5/8. Мұндағы 5 - бөлінгіш, 8 бөлгіш.
Жай бөлшекті оқығанда алдымен бөлшек сызығының астындағы сан(бөлімі) шығыс септігінде оқылады. Сонан соң сызығының үстіндегі сан(алымы) атау септігінде оқылады.
Мысалы, 7/10жай бөлшегінің оқылуы: “оннан жеті”
4/5жай бөлшегінің оқылуы:”бестен жеті”
Екі натурал сандардың бөліндісін жай бөлшек түрінде жазуға болады. 2=2/1. 6=18/3. 28=56/2.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы,
№127 Т. Бердияров атындағы жалпы орта мектебі
Орындаған: Аулан Анар

Жай бөлшектер. Жай бөлшектерді оқу және жазу. жүктеу
5 516
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайтуды меңгерту және жүйелеу. Ондық бөлшектердің жай бөлшектермен, жай бөлшектердің ондық бөлшектермен жазылуын және оқылуын үйрету. Біліктерін логикалық оймен іске асыра білу.
Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту
Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту
Жай бөлшектерді көбейте білуге үйрету, көбейту ережесін айта білуге жаттықтыру, натурал санды бөлшекке көбейтуге дағдыландыру, жай бөлшектерді көбейтуде көбейту амалының қасиеттерін пайдалана білуге дағдыландыру. Жауапкершілікке өз бетінше
Дұрыс және бұрыс бөлшектер
Дұрыс және бұрыс бөлшектер
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Әйке орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Өмірбекова Ақбілек Амангелдіқызы
Үлестер. Жай бөлшектер
Үлестер. Жай бөлшектер
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Абай атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жолдыбаева Зәуре
Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу
Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу
Қызылорда қаласы, Талдыарал елді мекені №215 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Абдикаримова Гаухар Абдикаликовна
Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру
Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру
Қызылорда қаласы, Талдыарал елді мекені №215 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Абдикаримова Гаухар Абдикаликовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×