Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Спортты-математикалық эстафета

25 қазан 2013, Жұма
Категориясы: Математика
Мақсаты: Танымдық шығармашылық қабілеттерін дамыту, ой - өрістерін кеңейту. Оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттыру. Ұйымшылдыққа, табандылыққа, өз ара сыйластыққа тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын насихаттау.

Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Бәріне жар салайық,
Бүгінгі ойын төрінде,
Математика еліне, математика тілінде, есеп шешіп жарысып, шабыт тасып шалқысып, көңілді ойын жасайық!
Бүгінгі өткізілетін спортты математикалық эстафетаға «Қош келіпсіздер!» Құрметті ұстаздар, көрермен қауым және тікелей осы эстафетаға қатысушылар!
Біреу озса жарыста, біреу артта қалады.
Ренжімей тараса, озбағандар жарады
Жарыс заңы ежелден, жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол, еңбектену жалықпау.
Сәт - сапар тілеп бәріңе, сайысты біздер басталық.

Ведущий:
Математика – это ум!
Математика – это шутки!
Математика – это уверенность!
Одним словом, математика – это ушу.
Но ушу – это борьба, а значит сила.
Поэтому математика – это сила!

Добрый день, дорогие друзья! Сегодня мы предлагаем вам «посоревноваться» с математикой. Вам будут предложены различные задания, при выполнении которых надо не только уметь быстро и правильно считать, но и бегать, прыгать, бросать мяч в баскетбольную корзину.

Жүргізуші:
Енді қатысушыларға сәт - сапар тілеп, сайысты бастайық!

Жүргізуші:
Бірінші конкурс - үй тапсырмасы. Әрбір команда өздеріне атау, команда девизін ойлап табу, қарсыластарына құттықтау сөз айтуға алған болатын. Конкурс 5 балдық жүйе бойынша бағаланады.

Ведущий:
Первый конкурс домашнее задание. Каждая команда получила задание придумать название команды, девиз, приветствие сопернику. Конкурс оценивается по 5 балльной системе.

Жүргізуші:
Құрметті әділқазы алқасы бірінші конкурстың бағасын көрсетіңіздер!
_______________________ командасының бағасы
________________________ командасының бағасы.

Жүргізуші:
Екінші конкурс “Бой қыздыру”. Команда мүшелері жыланша ирек жүгіріп бір ойыншыны өзімен қосып алады. Бүкіл команда жиналғанда үстелге жетіп тапсырманы орындайды. Капитан жауабын әділқазы алқасына беріп. Өзінің алғашқы орнына жылдам келіп тұруы қажет.

Ведущий: Второй конкурс “Разминка”. Участники команд выполняют упражнение «змейка», оббегая препятствие, цепляя по одному игроку. После того, как вся команда соберется, добегают до стола и выполняют задание. Капитан отдает лист с ответами членам жюри. Бегут к месту старта, чья команда быстрей.

Жүргізуші:
Құрметті әділқазы алқасы екінші конкурстың бағасын көрсетіңіздер!
_______________________ командасының бағасы
________________________ командасының бағасы.

Жүргізуші:
Үшінші конкурс “Математикалық ақыл құрылымы”. Баскетбол добын еденде ойнатып, шығыршыққа доп лақтырып түсіруге тырысады, содан кейін столдағы есепті шешеді де, жауабын қағазға жазады. Содан кейін допты еденде ойнатқан күйі артымен жүріп орнына қайтып келеді.

Ведущий: Третий конкурс “Математический склад ума”. Участник должен вести баскетбольный мяч, выполнить бросок в кольцо, затем должен решить пример и написать ответ на бумаге. Затем, взяв мяч, вернуться, выполнив ведение мяча.

Жүргізуші:
Құрметті әділқазы алқасы үшінші конкурстың бағасын көрсетіңіздер!
_______________________ командасының бағасы
________________________ командасының бағасы.

Жүргізуші:

Келесі эстафетаның барысы туралы мәлімет тыңдаймыз. Бірінші ойыншы скакалкамен секіріп, кегельдерді айналып өтіп тапсырмалар орналасқан столға дейін барып, скакалканы столға қойып карточкадағы есепті шығарады. Есепті шығарып болған соң, карточканы алып, скакалкамен секіріп қайтадан келген жолымен келеді, келесі ойыншыға скакалканы табыс етеді. Карточкасын есептеушілерге апарып береді, сосын өз тобының соңына барып тұрады. Эстафета осылай жалғасын тауып соңғы ойыншы орындап болғанша жалғасады. Ең соңында соңғы ойыншы алға шығып қолын жоғары көтереді. Бұл эстафетаның аяқталғанын білдіреді. Алға!

Ведущий: Следующий конкурс называется бег со скакалкой. Каждый участник команды бежит стола, прыгая при этом через скакалку, обегая кегли. добегает до стола и выполняют задание. возвращается обратно бегом через скакалку. Передает скакалку следующему участнику. А свою карточку передает жюри.

Жүргізуші:
Әділқазы алқасы конкурстың баллдарын есептен шығарғанша, қатысушылар мен қонақтар назарына музыкалық үзіліс.

Жүргізуші:
Құрметті әділқазы алқасы төртінші конкурстың бағасын көрсетіңіздер!
_______________________ командасының бағасы
________________________ командасының бағасы.

Жүргізуші:

Мінекей, біз жарысымыздың соңғы кезеңіне де аяқ бастық. Ең үлкен қорытынды эстафетаны бастаймыз. Әрбір қатысушы стартта қаптың ішіне кіріп, гимнастикалық сәкіге дейін секіріп барады, содан кейін қапты шешіп, сәкімен жүгіріп, баскетбол добын алады да, шығыршыққа доп лақтырып түсіруге тырысады. Әріп жазылған бір қағазды столдан алып, келесі ойыншыға қапты беріп орнына жылдам тұруы керек. Он ойыншы жиналған он бет қағаздағы әріптерден. Математикалық мағынасы бар сөздер құрастыру керек. Кім көп сөз құрастырса сол команданың ұпай арта түседі.

Ведущий:
Вот мы и подошкли к последнему этапу нашего соревнования.
Начинаем самую большую заключительную эстафету. Каждый участник, на старте надев мешок, должен допрыгать до гимнастической лавочки, затем снять мешок. Пробежать по лавочке, взять баскетбольный мяч и выполнить бросок в кольцо. Затем со стола взять листок, на котором написана буква и по прямой вернуться назад захватив мешок для следующего участника. Когда последний участник принесет последний листок, из всех полученных букв надо сложить слово. Команда строится и хором кричит получившее слово. Задание: а теперь за 1 минуту придумайте как можно больше слов из этих букв все что касается математики. Все слова вы должны записать на листок и сдать жюри.

Жүргізуші: Ал енді есептеушілер жиналған ұпайлардың қорытындысын жарияласын.
Ведущий: А сейчас мы просим судей огласить результаты всего соревнования.

Жүргізуші:
Мінекей, біздің спорттық мерекеміз де мәресіне жетті. Біз жарысқа қатысушылардың барлығын жеңістерімен құттықтаймыз.

Ведущий: Вот и подошел наш спортивный праздник к концу. Мы рады поздравить всех участников соревнований с победой.
6 207
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикалық ой – жұмбақтар сыры
Математикалық ой – жұмбақтар сыры
Жұмбақты дұрыс шешу үшін цифрлардың орнына қойылған әріптерді тиісті сандармен алмастыру керек.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар спорттық сайыс
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар спорттық сайыс
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» спорттық сайыс Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Уа халайық! Халайық! Бәріне жар салайық Бүгінгі ойын төрінде Математика елінде Математика тілінде Есеп шешіп жарысып Жұмбақ шешіп аңдысып Шабыттасып шалқысып Есеппен ән салысып Көңілді ойын жасайық
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, №1 жалпы орта мектеп - интернатының информатика пәні мұғалімі Пиралиева Айкерим
Математика – барлық ғылымдар патшасы, ал арифметика оның патшасы
Математика – барлық ғылымдар патшасы, ал арифметика оның патшасы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Башимова Гүлшат Мұхтарқызы
Математика, физика және лирика
Математика, физика және лирика
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжі» МКҚК математика пәні оқытушысы Қалдаулетова Айгерим Максатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×