Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Амалдардың орындалу реті

30 қаңтар 2014, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Тақырыбы: «Амалдардың орындалу реті»
Сабақтың мақсаты:
1. Жақшаның ішіндегі амалдардың орындалу ретін анықтауға есептер шығарту: Екі таңбалы сандарды оқуға машықтандыру.
2. Оқушылардың ақыл – ой, байқағыштық қабілетін, өз беттерінше жұмыс істеуін ізденушілігін дамыту.
3. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, ақыл - ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс. Музыка, қазақ тілі.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Сөзжұмбақ, тест, кубик, баян

І. Ұйымдастыру кезеңі. Түгендеу. Математика сабағына деген дайындықтарын тексеру. Сыныпты топқа бөлу.
І топ. «А» басшысы -
ІІ топ. «Ә» басшысы -
ІІІ топ. «Б» басшысы -

ІІ. Өткен сабақты пысықтау. Сөзжұмбақты шешкізу арқылы өткен сабақты еске түсіру.
1. Ең кіші таңбалы сан
2. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш
3. Ондықтан құралған сан.
4. Бір таңбалы сан
5. Кемітетін амал
- Ал, енді жолақшаның ішін оқимыз. «ЖАҚША» деген сөз шықты.
- Сонымен өткен сабақты еске түсіреміз. Егер жақшалы амал кездессе, алдымен ненің іші орындалады.
- Ия, жақшаның іші.
Тақтаға үш жақшалы амалды есептер беріледі.
Әр топтан 3 оқушы шығып, өткен сабақты пысықтайды.
І (4 + 2) – 2 =
ІІ. 3 + (5 - 3) =
ІІІ. 10 - (3 + 3) =
Әр топтың оқушылары тексеріп, кімнің дұрыс орындағанын айтып береді.

ІІІ. Жаңа сабақ
1 - тапсырма. «Арифметикалық» диктант
1. 4 пен 3 - тің қосындысынан 2 - ні азайт
2. 40 пен 30 - дың қосындысынан 20 - ны азайт
3. 8 - ге 7 мен 6 - ның айырмасын қос
4. 80 - ге 70 пен 60 - ның айырмасын қос.
2 - тапсырма. Салыстыруға байланысты тапсырма:
Әр топтан бір - бір оқушы шығып қоржыннан асық алады. Сол асықтың нөміріне байланысты есептер беріледі. Әр топ өз есебін шығарады.
• ІҮ. Сергіту сәті
Математикалық қызықты есеп.
3 - тапсырма «Кубизм»
Әр топтың алдына кубик берілген, сол кубиктегі берілген теңдеуді шығару керек. Егерде музыка кілті түссе, ән айтады.
1) х + 9 = 10
2) 10 – х = 1
3) х – 1 = 9
4) музыка кілті
4 - тапсырма. Әр топқа есептің шарты беріледі. Соған әрбір топтан бір оқушыдан шығып, тақтаға орындайды.
1 топ. 1 - ші ыдыста 10 қызанақ --------------- ІІ топ. 1 - ші ыдыста 10 қызанақ
2 - ші ыдыста -? 4 қызанақ артық ------------- 2 - ші ыдыста 14 қызанақ
2 - ші ыдыста неше қызанақ? ------------------ Барлығы неше қызанақ?

ІІІ топ. 1 - ші ыдыста -? 4 қызанақ кем
2 - ші ыдыыста 14 қызанақ
1 - ші ыдыста неше қызанақ?

6 - тапсырма. «Кім шапшаң?» ойыны арқылы орындату.
Әр толық ондықпен 8 қосындысын жазу.

Ү. Сабақты бекіту. Шығармашылық тапсырма беріледі.
Тестік қималар таратылады.
1. (6 + 2) + 2 ---------- 2. 10 – (3 + 4) ---------- 3. 3 + (8 - 4)
а) 8; а) 7; а) 7; -------- ә) 10; ә) 6; ә) 4; ----------- б) 4; б) 3; б) 11
Бағалау.
37 601
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Тік төртбұрыштың ауданы жайында түсінік қалыптастыру және оның мәнді белгілерін тағайындау; есепті әр түрлі тәсілмен шығару, үш амалдан тұратын өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу реті, тік төртбұрыш пен шаршының ауданын табу және олардың
Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану
Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану
Амалдар саны төрттен артық болатын жақшамен және жақшасыз берілген санды өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтау және мәнін табу; Натурал сандарға амалдар қолдану қасиеттерін үйрету және пысықтау;
Қосу мен азайту 26+30 56 - 30
Қосу мен азайту 26+30 56 - 30
Ондықтарды ондықтарға қосуға және ондықтардан ондықтарды азайтуға негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру; екі амалмен шығарылатын есепті және ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдерін енгізуге дайындық жүргізу; амалдардың орындалу ретін
Амалдардың орындалу реті. Жақшалар
Амалдардың орындалу реті. Жақшалар
Жақшалармен таныстыру және жақшалардың ішіндегі амалдың алдымен орындалатынын айту; өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтауға жаттықтыру
Амалдардың орындалу реті
Амалдардың орындалу реті
Сатпаев қаласындағы №4 мектеп-лицейінде бастауыш сынып мұғалімі Байжан Халқа Қалжігітқызы
Екі амалдан тұратын жақшасы бар өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу реті
Екі амалдан тұратын жақшасы бар өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу реті
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Қарашатау орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Малайдарова Гүлнар Нағашыбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×