Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Екі амалдан тұратын жақшасы бар өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу реті

17 қараша 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Екі амалдан тұратын жақшасы бар өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу реті.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды жақшалармен таныстыру және жақшалардың ішіндегі амалдардың алдымен орындалатынын айту, өрнектегі амалдардың орындалатын ретін анықтауға жаттықтыру, екі басқыштың амалдары көрсетілген жақшасыз өрнектегі амалдарды орындау тәртібімен таныстыру.
2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, өткенді жаңғырту арқылы есте сақтауларын, уақытқа есеп шығару, жұмыс барысында шапшаңдықтарын қадағалау.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа, жылдамдыққа, тез ойлауға, өзіндік ізденіске баулау.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап есеп шығару, топтың жұмыс тест,
ой қозғау, ой қорыту
Сабақтың көрнекілігі: схемалар, ережелер, шығармашылық жұмыс, тірек сызба, кесте, карточкалар.

1. Ұйымдастыру кезеңі.
І. Психологиялық дайындық
Жарын болсын күніміз.
Жарқын шығар үніміз
Елін сүйіп ер жетер
Біз болашақ баламыз - деген өлеңмен сабақты бастау.
2. Оқушылардың зейінін тұрақтандыру.
2. 1991 Балалар, мына жазу нені білдіреді?
- Кәне, ойланып көрейік?
- Ендеше, осы сандар 1991 ж Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздік алған жылы екен. Неше жыл толды? - 20 жыл
- Енді осы сандарға амал таңбаларын қойсақ не шығады?- Жақшасыз өрнек шығады. Мысалы: 1*9: 9=1 Жақшасыз өрнекте алдымен көбейту мен бөлу содан кейін қосу мен азайту орындалады.
Өткен сабақтағы жақшасыз өрнекті орындалу ретін естеріңе түсіру, сұрау.

ІІ. Жаңа сабақ
Бүгінгі біздің жаңа сабағымыз жақшалы өрнекте арифметикалық амалдардың орындалу реті. Жаңа сабағымызды бастамас бұрын 2 топқа бөлініп алайық.
1 - топ Қазақстан
2 - топ Тәуелсіздік
Ал, енді бүгінгі тақырыбымызға қатысты мұқият тыңдап отырайық (30+6): 4 өрнегі қалай құрылғанын схема бойынша түсіндірейін
Енді (5+2)*2 өрнегін құрып көрейік, ендеше жақшасы бар өрнектерде алдымен жақша ішіндегі амал орындалады.
А) Схемамен түсіндіру
Яғни (30+6): 4=9
ә) (5+2)*2=14

ІІІ. Тақтамен жұмыс:
- Балалар біртіндеп келіп мына өрнектің мәндерін табайық. Амалдардың орындалу ретін сақтай отырып есептейік.
№2
5*(10 - 4)=30 ------- (18+14): 4=8 --------- (10+20): 3 =10
6*4+16=40 ---------- 40: 5 +22=30 -------- 100: 5+203=223

IV Ауызша жұмыс.
№3
Кесте бойынша есеп құрастыр және оларды шығар.
Жәшіктің массасы ----- Жәшіктің саны ----- Жалпы массасы
3кг ----------------------------- 6 -----------------------? кг
? кг ---------------------------- 5 ----------------------- 30кг
4кг -----------------------------?------------------------ 28кг
№ 5 есепті оқу, талдау, шешу

V. Дәптермен жұмыс.
А) Амалдарды орындау
392+408=800 --------- (300 - 196)+74=104 --------- 456 - 244=212
600 - 156=444 --------- 800 -(365+35)=400 --------- 292+(390 - 176)=506

ә) Теңдеу құр және оны шеш:
А) Белгісіз санды 8 - ге көбейткенде, 32 шығады
Б) 40 - ты белгісіз санға бөлгенде, 8 шығады.
4) Жаңа білімді бекіту.
Теңдік дұрыс болатындай етіп, жақшаларды қой.
(18+16): 2=17 6*(8: 4)=12
(15 +6): 3=7 (24+4): 4=7

VI Тест жаттығу. Қай амал бірінші орындалады көрсет.
Өрнек
Амал
А) қосу
Ә) азайту
Б) көбейту
В) бөлу
Жауабы: 1) – 2) – 3) – 4) -

6) Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Несімен?
- Нені білдік?
Жеңімпаз топты белгілеу.
Бағалау, мадақтау.
Үй тапсырмасы:
26 684
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Тік төртбұрыштың ауданы жайында түсінік қалыптастыру және оның мәнді белгілерін тағайындау; есепті әр түрлі тәсілмен шығару, үш амалдан тұратын өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу реті, тік төртбұрыш пен шаршының ауданын табу және олардың
Математика пәнінен 3 - класқа арналған күнделікті сабақ жоспарлары
Математика пәнінен 3 - класқа арналған күнделікті сабақ жоспарлары
Математика пәнінен 3 - сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспарлары
Амалдардың орындалу реті. Жақшалар
Амалдардың орындалу реті. Жақшалар
Жақшалармен таныстыру және жақшалардың ішіндегі амалдың алдымен орындалатынын айту; өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтауға жаттықтыру
Амалдардың орындалу реті
Амалдардың орындалу реті
Сатпаев қаласындағы №4 мектеп-лицейінде бастауыш сынып мұғалімі Байжан Халқа Қалжігітқызы
Амалдардың орындалу реті
Амалдардың орындалу реті
Бастауыш сынып мұғалімі: Амантаева Ләззат Рахменияқызы
Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері.
Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері.
Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, № 21 Негізгі мектебінің информатика пәні мұғалімі Жарылғасова М. Ж.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×