Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аңшылықта хабаршы, мерекеде жаршы болған аспаптар

17 наурыз 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Музыка
Музыка 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Аңшылықта хабаршы, мерекеде жаршы болған аспаптар
Сабақтың мақсаты: қазақ халқының көне аспаптарының шығу тарихын есте сақтауға баулу; аспаптардың үнімен, сыр-сипатымен таныстыру; балалардың халық музыкасына деген сүйіспеншілігін арттыру; есту, есте сақтау, ырғақты сезіну қабілеттерін дамыту.
Сабақтың міндеті:
• Оқушыны сөйлеуге, ойын тұжырымдап айтуға үйрету;
• Музыканың адам өміріндегі маңызын терең түсінуге баулу;
• Адамгершілікке, әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Көрнекілігі: Аспаптардың суреті, аспаптар, композитордың суреті,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық тренинг: Шаттық шеңбер құрайық!
Дөңгеленіп тұрайық
Жылы сөзді арнайық
Бірімізге біріміз,
Достық жырын жырлайық,
Қол ұстасып бәріміз
Шат көңілден нәр алып,
Сабаққа көңіл бұрайық!

Үй тапсырмасы: Аспаптар туралы және олардың атауын сұрау. «Домбыра» әнін қайталату.

Жаңа сабақ:
Қазақ халқы көбіне мал шаруашылығымен айналысқан. Сол малдың қыры мен сырын жақсы білген. Малдың ішегін, тұяғын аспапқа пайдаланған. Тіпті малды аң - құстан қорғау үшін оған да аспаптар пайдаланған екен.

Асатаяқ - ертеден келе жатқан сілкіп ойнайтын аспап. Қазақ халқында ұлттық билерді сүйемелдеу үшін қолданылған Шу шығаратын музыкалық аспап. Асатаяқтың темір масағы бар. Жалпақ басы екі жағынан шебер өрнектеліп, әшекейленген. Оған металл сылдырмақ ілінген. Асатаяқтың қуыс басының ішіне бір уыс бұршақ тастап, сыртынан көн терімен қаптайды. Асатаяқты сілкіген кезде жаңағы бұрақтар өзгеше үн шығарады.

Тұяқтас - ұру арқылы үн шығаратын аспаптар тобына жатады. Ол жылқының тұяғынан жасалады, оны өңдеп, музыкалық аспап ретінде қолдануға үшін, бір немесе бір жарым жыл уақыт кептіру қажет. Сонда ғана соққанда анық, таза үн шығады. Тұяқтасты бес саусақтың ұшымен алақанға жеткізбей ұстап, екі шеткі жиегін кезекпен жартылай дөңгелетіп, алмастыра отырып соғу керек.

Қоңырау - ерте заманда қобызшылар мен бақсылардың қолданған музыкалық аспабы. Күйшілер қоңырауды қылқобыз бен домбыраның жоғарғы мойын жағына байлап, тартқанда әрлі - берлі шайқап, шылдыратып отырған. Ал шаңқобыз тартатын әйелдер саусақтарына қоңырауды киіп алып, анда - санда қағып отырып шылдырлатқан.

Даңғыра - ұрмалы - сылдырмақты, қатты дыбысты музыкалық аспап. Бұл бір жағы терімен қапталған, ішкі жағынан темір сақиналар мен сылдырмақтар ілінген дөңгелек аспап. Даңғыра - шамандық әдет - ғұрыптың бөлінбес белгісі болып табылады.

Дабыл - бұл «дабыл қағу» деген сөз. Дабыл ұрып ойналатын аспап, ол туралы қазақ ауыз әдебиетінде көп сөз болады. Даусы күркіреп шығады. Аспаптың екі жағы көн теріңмен қапталады. Ерге іліп қою үшін бүйіріне ағаш сап орнатылады.
(Аспаптардың атауын дәптерге жаздырамын)

Музыка тыңдау: Нұрғиса Тілендиев күйші - композитор. Оның халық арасында кең тараған әндері де көп. «Отырар сазы» оркестрін құрып, басқарған. Әйгілі композитордың өзі құрған оркестрдің орындауында әндері мен күйлері халыққа кең танымал болды. Н. Тілендиевтің «Ата толғауы» күйін тыңдаймыз. «Отырар сазы» оркестрдің орындауында орындалады.
Түрлі аспаптардың дыбысын анық ести аласыңдар.
- Қандай күй тыңдадыңдар?
- Қандай аспаптардың даусын ести алдыңдар?
- Күйді кім шығарған?

Ән үйрену:
Балалар шығармашылығынан бүгін жаңа ән үйренеміз. Бақытжан Байқадамовтың әні «Айгөлек». Әнді алдымен аспаптың сүйемелдеуімен орындап беремін. Ал, сендер мұқият зейін қойып тыңдайсыңдар.
(әнді фраза бойынша үйретемін, музыкалық аспапқа қосылып орындатамын)
Сергіту сәті:
«Кел, ойнайық» (ырғақты қимыл жасату)
Кәне, қызық ойын бар,
Домбыраны алыңдар.
Енді шертіп көріңдер,
Әнге салып айтыңдар.
Айгөлек - ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек!
Жайраңдасып, қуанып,
Би билейік дөңгелеп!

Домбыра ойнау:
«Екі саусақ» жаттығуын жоғары, төмен қағыстармен орындау.
Домбыраны дұрыс ұстау, орындыққа дұрыс отыру ережелерін қадағалау.
Сабақты бекіту:
Музыкалық – дидактикалық ойын. Ұрмалы немесе ішекті аспаптарды (дабыл, асатсяқ, тұяқтас, қоңырау, домбыра, қобыз, жетіген, т. б) дыбыс ерекшеліктері арқылы айыра білуге дағдыландыру. Ойын барысында балалардың белсенділігін, қызығушылығы жоғалтып алмау мақсатымен, аспаптарды дұрыс тапқанша көрсетпеген жөн.

Кестені толтыру.
Тапсырма ------------------- Жауабы
Ұрмалы аспаптар...
Ысқышты аспаптар...
Шертпелі аспаптар...
Үрмелі аспаптар...

Сабақты қорытындылау:
Сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер бөлшектенген аспапты дұрыс құрастыруға болады.
1.«Айгөлек» әнінің авторын ата.
2. Әннің әуені қандай?
3. Бүгін сабақта қандай күй тыңдадық?
4. Күйдің авторын ата.
Үйге тапсырма: «Айгөлек» әнін жатқа әнімен орындау. Ұлттық аспаптар туралы оқып келу.
Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтап, мақтап, бағалау
8 718
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көңілді дыбыстар
Көңілді дыбыстар
Музыка әлемінде көңілді дыбыстар көп кездеседі. Көңілді дыбыстар бізге шаттыққа толы көңіл күй сыйлайды. Көңілді әуен тыңдағанда көтеріңкі көңілде боламыз. Шалқып ән салып, би билегіміз келеді. Музыкалық дыбыстарға – ән, әуен, музыкалық аспаптардың
Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Домбыра аспабының құрылысымен, шығу тарихымен таныстыра отырып, домбыраның ән - күй өнеріндегі алатын орнын түсіндіру. Оқушылардың ән - күй тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдап ойлау қабілеттерін дамыту. Өнер иелерін
Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Сабақтың мақсаты: Балаларды домбыраға қызықтыру. 1. Білімділік: Домбыра аспабының қазақ халқында алатын орны
Оркестр құрамындағы аспаптар
Оркестр құрамындағы аспаптар
Ұлттық музыканың, ұлттық аспаптың ұрпақтан – ұрпаққа жеткен мұра екендігін білуге, оны құрметтеуге баулу.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, №5 орта мектептің музыка мұғалімі Есмуханова Самал Жанатлековна
Сазды аспаптар сыры
Сазды аспаптар сыры
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Үшқұдық мектеп – бақшасының музыка пәні мұғалімі Тулепова Гулайна Жаркынбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×