Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көңілді дыбыстар

30 мам 2019, Бейсенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Көңілді дыбыстар
Сабақтың мақсаты: оқушы музыканы сүюге, әр музыкалық шығарманы түсіне тыңдап орындауға, өнерлі тұлға болуға құлшындыру.
Сабақтың міндеті: музыкалық қабілетін дамытып, музыкалық - эстетикалық қабілетін ашу, есту, есте сақтау, сезіну қабілеттерін өз білімдерін тереңдету үшін қолдануға машықтандыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: дауыс ашу, ән айту, музыка тыңдау, әңгімелеу, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы:
Дауыс жаттығуы: (Демді дұрыс ала отырып, дауыс жаттығуын жасау ).
Ұйымдастыру кезеңі:
Сұрақтар:
- Кешегі сабақта біз Табиғатпен үндескен аспаптар туралы өткенбіз.
Тембр - дегеніміз не?
Музыкалық аспаптар да өз дыбыс тембріне қалай жіктеледі?
Аспаптардың қайсысынан бір - біріне ұқсас үн естисің?

Жаңа сабақ:
Музыка әлемінде көңілді дыбыстар көп кездеседі. Көңілді дыбыстар бізге шаттыққа толы көңіл күй сыйлайды. Көңілді әуен тыңдағанда көтеріңкі көңілде боламыз. Шалқып ән салып, би билегіміз келеді. Музыкалық дыбыстарға – ән, әуен, музыкалық аспаптардың дыбысы, күйлер жатады. Көңіл күй дегеніміз түрлі сезім – қуаныш, мұң, тамашалау, тамсану, көңілді, көңілсіз сәттеріміз. Ал музыкалық көңіл күй – осы сезімдердің музыкада бейнеленуі. Музыканың көмегімен ән, жыр, күйлер мен бидің түрлі көңіл күйін білуге болады. Музыканың мол мүмкіндігінің арқасында біз әсем табиғат пен адамдардың, құстар мен жан - жануарлардың көңіл күйін, көңілді - көңілсіз дыбыстар ажырата аламыз.
Музыкалық сауат:
Биік Төмен
Музыкада биік, төмен дыбыстар бар. Биік дыбыстар – жіңішке, төмен дыбыстар – жуан естіледі.

Дәптермен жұмыс:
Жаңа тақырыпты және әннің сөзін ұмытып қалмау үшін дәптерге жазу.

Ән үйрену: Ән үйрену барысында дауыс бояуына (тембр), дыбыс биіктігінің таза орындалуына назар аударылады.

Музыка тыңдау:
Сергіту сәті: Қимылды жаттығу.
Менің елім – Қазақстан (қолды жүректің тұсына қойып, алға созып, шапалақтау).
Менің Республикам – Қазақстан (қолды жүректің тұсына қойып, жоғары созып, шапалақтау).

Сабақты қорытындылау:
Көңілді дыбыстар дегеніміз не?
Көңіл күй дегеніміз не?
Биік, төмен дыбыстар қалай орындалады?

Үйге тапсырма беру:
«Көңілді күн» әнін жаттау. «Туған жер» тақырыбына сурет салу.
4 382
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күмбірлеген күміс күй. Дәулеткерей Шығайұлы
Күмбірлеген күміс күй. Дәулеткерей Шығайұлы
Шығайұлы Дәулеткерей (1814 - 1887 ) — қазақтың әйгілі күйші композиторы, төкпе күйлерінің негізін қалыптастырушы.
Көңілді ноталар
Көңілді ноталар
Музыкалық ойындар арқылы балалардың денсаулығын, шығармашылығын нығайту. Музыканы мұқият тыңдай отырып ести білуге, ырғақтарды айыра білуге үйрету. Музыкаға әсерлену, дыбыс жоғарылығын ажырату қабілетін дамыту.
Музыкалық шығармалардың мазмұнын талдау білу
Музыкалық шығармалардың мазмұнын талдау білу
Табиғаттың әсем көріністерін музыка тілімен де айтып түсіндіруге, суреттеуге, бейнелеуге болатыны туралы мағлұмат береміз. Сөзгер, композиторлар табиғаттың сұлулығын, көркемдігін музыкаға әндерге, күйлерге көшірген. Сондықтан балалар музыка
Табиғатпен үндескен сыбызғы
Табиғатпен үндескен сыбызғы
Аспаптардың тарихымен таныстыру арқылы музыкалық сауаттылығын арттыру, ауызша сипаттама жасауға дағды қалыптастыру.
Табиғатпен үндескен сыбызғы
Табиғатпен үндескен сыбызғы
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Бөгетсай орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Хасенова Галя Рахымжанқызы
Музыкалық дыбыстар
Музыкалық дыбыстар
ШҚО, Жарма ауданы, Қапай батыр ауылы Васильковка негізгі мектебінің музыка пәні мұғалімі Абильмажинов Нариман Талгатович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×