Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Халықтың мақтанышына айналған домбыра

24 сәуір 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Пәні: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Сабақтың мақсаты: Домбыра аспабының құрылысымен, шығу тарихымен таныстыра отырып, домбыраның ән - күй өнеріндегі алатын орнын түсіндіру. Оқушылардың ән - күй тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдап ойлау қабілеттерін дамыту. Өнер иелерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Домбыра суреті, домбыра, интербелсенді тақта, слаид.

I. Ұйымдастыру кезеңі:
Топқа бөлу.
- Асатаяқ, сыбызғы, домбыра суреттерін таңдап алып оқушылар орындарына отырады.
Психологиялық дайындық
Күй тыңдаймыз күмбірлі
Ән айтамыз созылтып
Би билейміз ырғақты
Біз бастаймыз сабақты.

II. Негізгі бөлім
Үй тапсырмасын сұрау.
- Оқушылар сіздер жаңа асатаяқ, сазсырнай, домбыраны таңдап алдыңыздар. Осылай отыруларыңыздың өзінде үлкен мағына жатыр. Алдымен мына сұраққа жауап беріңіздер. Аспаптар нешеге бөлінеді? Аспаптар үш топқа бөлінеді.
- Ұрмалы аспаптар, үрмелі аспаптар, ішекті аспаптар.
- Ендеше асатаяқты таңдаған топ ұрмалы аспаптар, сыбызғыны таңдаған топ үрмелі аспаптар және домбыраны таңдаған топ ішекті аспаптар тобы болады.
Сурет жұмбақ
Алдымен сіздерге аспаптардың суреттері көрсетіледі. Сіздер сол аспаптардың қандай аспап екенін табасыздар.
- Осы аспаптарды сіздер қайдан көріп жүрсіздер?
(Балалардың жауаптары тыңдалады)

III. Жаңа сабақ
Күй тыңдау. Адай күйі
- Оқушылар бұл күйді бұрын естідік пе? Бұл күй қалай аталады? Дұрыс айтасыңдар бұл Адай күйі.
- Бұл күй қандай аспаппен орындалып отыр?(домбырамен)
- Кімнің үйінде домбыра бар екен?
- Ендеше оқушылар біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз осы домбыра аспабы туралы болмақ. (тақырыпты слайдтан шығару)
Қазақтың домбыра аспабы әрбір үйдің төрінде ілулі тұрған. Оны әрбір қазақтың баласы ойнай білген. Домбыраның шығу тарихына келер болсақ ертеден бір аңыз қалған екен.
- Аңыз әңгіме.
- Мінеки оқушылар домбыра осылайша көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналған екен.
- Аңыз әңгімелер тыңдаған ұнай ма?
- Аңыз не туралы оқушылар? Ендеше домбыра туралы оның құрылысы туралы тереңірек білу үшін біз оқулығымызды ашайық, дәптерімізді ашайық, күннің жадын, бүгінгі өтетін тақырыбымызды жазайық.
Оқулықпен жұмыс. Тақырыпты оқушыларға тізбектеп оқыту.
Біліп ал! Домбыраның құрылымы
Домбыра негізгі үлкен үш бөліктен тұрады:
шанағы(кеудесі), мойны және басы;
- Шанақта дауыс шығаруға арналған ойық, үлкен тиек және ішекті тартып
тұратын түйме орналасқан;
- Мойын пернелерге бөлінген;
- Басында ішекті тартып бұрауға арналған екі құлақ бар. Құлаққа екі ішек тағылады. Құлақ домбыраның күйін келтіруші роль атқарады.
Қомыз - қырғыз халқында домбыра тәрізді кеңінен таралған аспап. Үш ішекті.
Балалайка - орыс халқының аспабы. Көңілді мерекелерде осы аспаппен ән айтып, би билейтін болған. Көне аңыздарда оның атауы «бала» сөзінен шыққан дейді.
Бейнекөрініс тамашалау.
- Домбыра аспабы қалай жасалады екен?
- Домбыраның неше бөлігі бар екен? Қай бөлігі бірінші жасалады екен?

- Оны кімдер жасайды екен? (шеберлер)
- Домбыраны қандай ағаштан жасайды екен?
- Домбыра аспабында кімдер ойнайды?
- Дұрыс айтасыңдар күйшілер ойнайды, халық әншілері домбырамен ән шырқайды.
- Бүгін бізге қонаққа ауылымыздағы Өнер және кәсіпке бағдарлау мектебінің мұғалімі Дәулетиярова Эльмира апай келіп отыр екен. Апайды ортамызға шақырамыз. Әңгімелесу.
Топтық жұмыс.
- Әр топқа аспаптар суреттерінің қиындылары беріледі. Әр топ өздеріне берілген қиындыларды жапсыру арқылы аспапты шығарып оған қысқаша мәлімет береді. Ортаға шығып қорғайды.
Кері байланыс орнату.
Маған ұнады...............
Мен тілеймін...........
Маған........ қиын болды?
Ән: Домбыра.

Таушық ауылы
Бастауыш сынып мұғалімі: Абдырова А.
2 515
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Сабақтың мақсаты: Балаларды домбыраға қызықтыру. 1. Білімділік: Домбыра аспабының қазақ халқында алатын орны
Оркестр құрамындағы аспаптар
Оркестр құрамындағы аспаптар
Ұлттық музыканың, ұлттық аспаптың ұрпақтан – ұрпаққа жеткен мұра екендігін білуге, оны құрметтеуге баулу.
Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар
Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар
Батыс Қазахстан облысы, Тасқала ауданы. Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Утешева Роза Айсиевна
Музыкалық аспаптар
Музыкалық аспаптар
Қостанай облысы, Рудный қаласы, «№1 Қашар орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ғаниева Мәдина Жаппарқызы
Ұлттық музыкалық аспап
Ұлттық музыкалық аспап
«Алтын кілт» балабақшасының саз жетекшісі Тынысбаева Айнаш Ажигалиевна
Ұлттық аспаптар. Етістіктің шақтарын қайталау
Ұлттық аспаптар. Етістіктің шақтарын қайталау
Астана қаласы, № 45 орта мектеп Науразбаева Мадина Алтынбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×