Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оркестр құрамындағы аспаптар

30 қараша 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Музыка
Қызылорда обылысы, Шиелі ауданы, Н. Бекежанов ауылы
№156 Н. Бекежанов атындағы қазақ орта мектебінің
әуез пәні мұғалімі Сардарбекова Құралай Қыдырбайқызы

3 сынып
Тоқсандық тақырыбы: Қазақ халық аспаптарының жаңа өмірі
Сабақтың тақырыбы: Оркестр құрамындағы аспаптар.
Сабақтың мақсаты: Балалардың мамандығына кәсіби бағдар беру.
Білімділік мәні: Үлкен ұжым – ұлттық оркестрдің құрамымен таныстыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың жан – жақты білімдерін арттыру.
Тәрбиелік мәні: Ұлттық музыканың, ұлттық аспаптың ұрпақтан – ұрпаққа жеткен мұра екендігін білуге, оны құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру, әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу.
Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті, тарих, әдебиет.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Үй тапсырмасы: Дауыс жаттығуы: «Балалық шақ» А. Маханбетова
Ж. Еңсеповтің «Құтты болсын мереке» әнін орындау.
Ой қозғау:
1. Ең алғашқы ұлт аспаптар оркестрін құрған кім? А Жұбанов
2. Алғашқы оркестр құрамында қанша адам болды? Он бір
3. Домбыраны «Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл - сәл кем бұра,
Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп аса құрметтейді.
4. Қорқытты өлімнен құтқарған аспап қандай, аспап еді? Қобыз болатын. Міне, бұл аспаптар ұлт аспаптар оркестрінің құрамына кіреді.
5. Домбыра мен қобыз аспабының түрленуі.

Домбыра тобын атайық:
домбыра - прима, домбыра - альт,
домбыра - бас, домбыра - контрабас.

Қобыз тобын атаймыз:

қобыз - прима, қобыз - альт,
қобыз - бас, қобыз - контрабас.

Суретті карточкалар арқылы топтастыру

3. Жаңа сабақ: Оркестр құрамындағы аспаптар.
Сұрақ - жауап арқылы жаңа сабақты түсіндіру
1. Балалар, қандай ұлт аспаптар оркестрін білесіңдер?

Олар Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі,

«Отырар сазы» ұлт аспаптар оркестрі.

2. Мына аспаптарды қандай аспаптарға жатқызамыз?

Үрмелі және ұрмалы аспаптар
3. Оркестр құрамын үрмелі және ұрмалы аспаптарсыз елестету мүмкін емес. Қазақ халқында көне үрмелі сыбызғы аспабы сақталған. Сыбызғы аспабы ешқандай өзгеріске ұшырамай, өзінің о бастағы табиғи түпнұсқа қалпын сақтап қалды. Оның есесіне оркестр құрамына Еуропаның флейта және гобой сынды үрмелі аспаптары енді. Өйткені бұл аспаптардың үні сыбызғымен пара - пар келеді.

4. Сонымен қатар оркестр құрамы сырнай аспабымен толықтырылды. Сырнай аспабы қазақ даласына 19 ғасырда татарлардан келіп, танымал болып кеткен.

Қазақтың Майра, Шашубай, Нартай сынды атақты ақындары өз ән - жырларын сырнай аспабының сүйемелдеуімен орындаған.

5. Ал қазақтың ең көне ұрмалы аспаптарының бірі - дауылпаз

Дауылпазды оркестрде орындауға лайықтап, көлемін үлкейтті. Үлкейтілген дауылпаз өзінің зор дыбысымен оркестрде орындауға мүмкіндік алды. Кейін келе дауылпаз аспабы Еуропаның литавра аспабымен орын ауыстырады. 6. Литавра аспабына қоса Еуропаның барабан және треугольник сынды аспаптары енгізіледі. Сөйтіп, оркестр құрамында жаңа ұрмалы аспаптар тобы пайда болды.

Әндер мен күйлерді жеке аспаптарда және оркестрдің орындауында да тыңдауға болады. Оркестр құрамында көптеген аспаптар болады. Домбыра, қобыз, сырнай, дауылпаз, даңғыра, т. б. аспаптардың әр түрі болады.

5. Музыка тыңдайық: Түркештің «Көңілашар» күйін Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің орындауында тыңдаймыз. Күй ұрмалы аспаптардың үнімен басталады. Ұрмалы аспаптардың үні аттың шабысын елестеткендей әсер қалдырады. Бұл күйді көбіне үлкен салтанатты кештерде орындайды.
Музыканы мұқият тыңдап ұрмалы аспаптардың үнін бірге орындап, ырғақты
сезіну қабілеттерін қалыптастыру
4. Сергіту сәті: Ойнайық та, ойланайық.
Кім ойшыл: Суретті сөзжұмбақты шеш, қандай сөз шығатынын табайық
О П Г Д
М Р К Л
Е С И Ы
Н Т Р А

Кім тапқыр: Ноталардың дұрыс орналасу ретін тап
1. 2. 3. 4.

Мына суретте қанша музыкалық аспаптар бейнеленген

6. Ән үйренейік: «Келді, міне, Жаңа жыл!» әні Бота Бейсенованікі
Әуесқой композитор Бота Бейсенова әнші және балаларға арналған әндері көп.
Мысалы: «Ардақты ұстазым», «Алғашқы ұстазым», «Мектебі, аяулы мектебім», «Ақ дидарлы анашым», «Анажаным», «Қасиетті домбыра» т. б
Әнді тыңдатып, әуенін меңгертіп, хормен орындауға және топпен орындауға
машықтандыру. Ән көңілді, жайдары орындалады.
1. Келді, міне, Жаңа жыл!
Шаттық сыйлап әр үйге!
Жаңа бақыт, жаңа нұр,
Үлкен, кіші, сәбиге. 2рет
2. Жаңа жауған ақ ұлпа,
Қар жамылды даламыз.
Балаларды сағынта,
Келді Аяз атамыз. 2рет
7. Қорытындылау: Бүгінгі танысқан аспаптарымыз

Үрмелі аспаптар тобы
флейта гобой

Ұрмалы аспаптар тобы
Литавра
Барабан, треугольник

Сырнай тобы: баян

8. Үйге тапсырма: Оркестр құрамындағы аспаптар жайлы оқулықтан оқу.
Бота Бейсенованың «Келді, міне, Жаңа жыл!» әнін жаттау.
9. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтап, мадақтап бағалау.
10. Сабақ аяқталды, сау болыңдар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 171
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оркестр
Оркестр
Оркестр - музыкалық шығарманы әртүрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар ұжымы және оны басқаратын дирижер болады. Музыкалық шығармалардың түріне қарай симфониялық оркестр, ішекті аспаптар оркестрі, үрлемелі аспаптар оркестрі, эстрада
Киелі аспап
Киелі аспап
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының аспабы қылқобыз жайлы әңгімелеу, қылқобыз аспабымен танысу. Білімділік: Аспаптың шығу тарихымен танысу
Аңыздан жаралған аспаптар
Аңыздан жаралған аспаптар
Ән әуеніне қызығушылығын арттыру, ұлттық музыканы сүюге, үйренуге, тыңдай, білуге баулу
Табиғатпен үндескен сыбызғы
Табиғатпен үндескен сыбызғы
Аспаптардың тарихымен таныстыру арқылы музыкалық сауаттылығын арттыру, ауызша сипаттама жасауға дағды қалыптастыру.
Шырқа, сырнай!
Шырқа, сырнай!
Музыканың өмірмен байланыстылығын түсіндіре отырып, халық аспаптар түрлерімен таныстыру. Балалардың музыкалық қабілетінің дамуына себепші болу.
Қазақтың халық аспаптары оркестрі
Қазақтың халық аспаптары оркестрі
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Бөгетсай орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Хасенова Галя Рахымжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×