Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күй атасы – Құрманғазы

02 қаңтар 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Музыка
Ақтөбе қаласы,
№ 53 орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі
Сафина Лиза Куантаевна

Сабақтың тақырыбы: Күй атасы – Құрманғазы
Сабақтың мақсаты:Ұлы күйші Құрманғазы шығармалары арқылы оқушыларды рухани байыту, өнер арқылы шығармашылық ойларын мақсатында және музыканы саналы түрде қабылдауға, мәнерлеу дыбысы арқылы музыканың даму ерекшелігін анықтауға.

Сабақтың міндеттері:
а)білімділігі:Күй атасы – Құрманғазы туралы толық мағлұмат беру.
ә)дамытушылығы: Оқушылардың ән – күйлер тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту.
б)тәрбиелігі: Өнерді құрметтеуге, өзін – өзі ұстауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Құрманғазы суреті, мақал – мәтелдер, психологиялық тренинг, слайдтар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу
ІІ Психологиялық дайындық:
Үлкендерге сіз,
Кішілерге біз.
Әдеппен бас иіп,
Сәлем бердік біз!
Үй тапсырмасын тексеру: 1. Аспаптық музыка дегеніміз не?
2. Күй дегеніміз не?
3. Күй нешеге бөлінеді?
4. Қандай күйшілерді білеміз?
5. Дәулеткерейдің күйін ата?

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Психологиялық тренинг
Балалар музыка сабағында қандай жанрларымен танысамыз?
Сұрақтарға жауап беру?
- Ән, күй, би, жыр
- Ән, би, күй, жырлар неге жатады? Әрине өнерге.

Өнер туралы қандай мақал – мәтелдер білеміз
«Өнерлі бала-сүйкімді».
Өнерліге – өріс кең.
- Әнді, күйді, жырды, биді орындайтын өнер адамдарын не дейміз?
- Әрине әнші, күйші, биші, жыршы.
«Аман, бол шешем, аман, бол» - Құрманғазының күйін тыңдау.
- Балалар, бұл қандай күй?
- Кімнің күйі деп ойлайсыңдар?

Ұлы күйшілер жақын адамдарына арнап күй шығарған. Мұндай күйлерді «арнау күйлер» деп атайды. Соның бірі – Құрманғазының анасына арнаған «Аман бол, шешем, аман, бол» күйі. Торы атты ертіп, жолға Құрманғазы үйден шығар алдында домбырасын қолына алады да, қоштасып бір күй тартады. Шығарып салуға жиналған достары күйдің атын сұрамай – ақ білді. Өйткені, бірінші бастамасының өзі «Аман, бол шешем, аман, бол» деп айтып тұр еді.
Иә, балалар, бұл күйдің авторы – қазақтың халық композиторы, күйші Құрманғазы Сағырбаев
Әрине бүгінгі жаңа сабағымыз «Күй атасы – Құрманғазы» туралы өтеміз.
Құрманғазы Сағырбайұлы – күйші, композитор.
Құрманғазы Сағырбайұлы – Батыс Қазақстанда 1818 жылы дүниеге келген.
Құрманғазы Сағырбайұлы – алғашқы ұстазы Ұзақ күйші.
Құрманғазы Сағырбайұлы – күйлері: «Ақсақ құлан», «Адай», «Қайран шешем» т. б. күйлері бар.

Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болды. Ол Ұзақ күйшіден тәлім алып, есейген шағында домбырашылық, күйшілік шеберлігін танытты. ХІХ ғасырдың асаи көрнекті композиторы, күй атасы. Құрманғазы Сағырбайұлы – теңдесі жоқ ұлы күйші. Ол – заманындағы қоғамдық - әлеуметтік қайшылықтарға, зорлық – зомбылыққа қарсы күресіп өткен адам. Ол 71 жасында қайтыс болады.
- Құрманғазының шәкірті кім?
- Шәкірті – Дина
Атақты күйші Динаға «Қайран шешем» күйін үйретіп отыр еді. Сырттан аттың дүбірі естілді. Құрманғазыны тұтқынға алып, ол домбырасын Динаның қолына ұстатады. «Мұрамды саған тапсырамын, халқыма жеткіз», - дейді. Құрманғазы тек күйші емес, оның шәкірті атақты күйші апамыз Дина Нұрпейісқызы.
Жұмбақтар шешу
Ұзын мойын,
Екі ішек.
Қатар – қатар текпішек.
Басып көрсең бір – бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.
(Домбыра)
Әрине Домбыра аспабының қасиеттілігін атайықшы
Тақтаға шығып плакатқа жазады
Домбыра – еңбекқорлыққа үйретеді.
Домбыра – шежірені білуді талап етеді
Домбыра – адамның ішкі – жан дүниесін емдеп, көңілін көтереді, денсаулықты нығайтады.
Домбыра – иманды болуға жол ашады.
Домбыра – әдебиеттің дамуына ықпал етеді.
Домбыра – жарысу мен таласуға, ізденуге баулиды.
демекші бүгін үйренетің әніміз «Домбырасыз сән қайда»
Ән айтар алдыңда дауыс жаттығуларын жасайық.
Дауыс жатығуы: До, ре, ми, фа, соль, ля, си. До.

Сергіту сәті: «Буги, буги» ритмикалық ән – би.
«Домбырасыз сән қайда»
Әнін жазған: И. Нүсіпбаев
Сөзін жазған: Х. Талғаров
(Әннің авторы туралы оқушы айтып береді)
Әннің авторы – әуесқой композитор, қазақ балаларына эстетикалық тәрбие беруде көп еңбек еткен адам. Одан білім алғаншәкірттерінің көбі музыканы өздерінің мамандығына айналдырып, белгілі әнші, дирижер, композитор болды. И. Нүсіпбаев 150 – ден астам балалар әндерін жазды. Олар мектеп өмірі, еңбек, достық. «Жомарт өлке», «Саяхат жыры», «Айналайын ақ мамам», «Май жыры», «Достық» т. б. әндерін балалр ерекше сүйіп орындайды. Енді осы әнді мұқият тыңдап отырыңдар мен орындап берейін. (ән орындалады)
Әнді бірінші тыңдаймыз.
Баян аспабымен айтамыз.
- Әннің дыбыс мәнерін тыңдап көріңдер.
- Ән не туралы айтылып тұр?
Домбыра туралы қандай өлендер білеміз?
Балалар мәнерлеп «Домбыра » туралы өлендер оқиды.
Жұмбақтар жасырылады.
Карточкамен жұмыс: «Орнынды тап»

ІV. Бекіту: Балалар бүгін біз қандай күйшімен таныстық? Әрине Құрманғазы Сағырбайұлы. Енді тыңдайтын Құрманғазының «Сарыарқа» күйі. Күй тарту арқылы сурет саламыз. Күй тыңдай арқылы көз алдымызға не елестейді, әрине жайлау, тау, қазақтың ауыл жері. Балалар суреттерін түсіндіреді.
[Сабақты қорытындылаймыз:

Сұрақ – жауап:
1. Бүгін біз сабақта қандай күйшімен таныстық?
2. Құрманғазының қандай күйлерін білеміз?
3. Қандай әнмен таныстық?
4. Әннің авторларын ата?
5. Әнді домбыра аспабымен айту.
V. Бағалау: Белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.
VІ. Үйге тапсырма: Құрманғазы туралы толық мағлүмат жазып келу. Әнді жаттап келу.
62 220
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Халыққа жеткіз күйімді
Халыққа жеткіз күйімді
Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлымен Дина Нұрпейісовамен таныстыру Мәтінді түсініп оқуға, мазмұнын айта білуге баулу сыни тұрғыдан ойлауды дамыту және таланттарын ашу.
Күй атасы - Құрманғазы
Күй атасы - Құрманғазы
Қаратөбе балалар саз мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Қайырлиева Оралай
Күй құдіреті
Күй құдіреті
Қарауылкелді орта мектебінің музыка пәні мұғалімі: Жазымова Задаш
Құрманғазы Сағырбайұлы
Құрманғазы Сағырбайұлы
Атырау қаласы, Амангелді селосы, Амангелді атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мурсалимова Эльвира Ғабитқызы
Аспаптық музыка
Аспаптық музыка
Шымкент қаласы, № 42 Хамза атындағы жалпы орта мектебі музыка пәні мұғалімі Мараимова Ақбота
Күй атасы Қазанғап
Күй атасы Қазанғап
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебі музыка пәнінің мұғалімі Сафина Лиза Куантаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×