Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күй атасы Қазанғап

02 қаңтар 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Музыка
Ақтөбе қаласы,
№ 53 орта мектебі музыка пәнінің мұғалімі
Сафина Лиза Куантаевна

Сабақтың тақырыбы: Күй атасы – Қазанғап (1 СЛАЙД)
Сабақтың мақсаты:Ұлы күйші Қазанғап шығармалары арқылы оқушыларды рухани байыту, өнер арқылы шығармашылық ойларын мақсатында және музыканы саналы түрде қабылдауға, мәнерлеу дыбысы арқылы музыканың даму ерекшелігін анықтауға.

Сабақтың міндеттері:
а)білімділігі:Күй атасы – Қазанғап туралы толық мағлұмат беру.
ә)дамытушылығы: Оқушылардың ән – күйлер тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту.
б)тәрбиелігі: Өнерді құрметтеуге, өзін – өзі ұстауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Қазанғап суреті, мақал – мәтелдер, психологиялық тренинг, слайдттар.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу
ІІ Психологиялық дайындық: (2 СЛАЙД)
Үлкендерге сіз,
Кішілерге біз.
Әдеппен бас иіп,
Сәлем бердік біз!

Үй тапсырмасын тексеру: (3 СЛАЙД)
1.Аспаптық музыка дегеніміз не?
2.Күй дегеніміз не?
3.Күй нешеге бөлінеді?
4.Қандай күйшілерді білеміз?
5.Құрманғазының күйлерін ата?

ІІІ.Жаңа сабақ
1.Психологиялық тренинг (4 СЛАЙД)
Балалар музыка сабағында қандай жанрларымен танысамыз?
Сұрақтарға жауап беру?
- Ән, күй, би, жыр
- Ән, би, күй, жырлар неге жатады? Әрине өнерге.
Өнер туралы қандай мақал – мәтелдер білеміз
«Өнерлі бала-сүйкімді».
Өнерліге – өріс кең.
- Әнді, күйді, жырды, биді орындайтын өнер адамдарын не дейміз?
- Әрине әнші, күйші, биші, жыршы.
«Аман, бол шешем, аман, бол» - Құрманғазының күйін тыңдау.
- Балалар, бұл қандай күй? (5 СЛАЙД)
- Кімнің күйі деп ойлайсыңдар?

Оқушы: Ұлы күйшілер жақын адамдарына арнап күй шығарған. Мұндай күйлерді «арнау күйлер» деп атайды. Соның бірі – Құрманғазының анасына арнаған «Аман бол, шешем, аман, бол» күйі. Торы атты ертіп, жолға Құрманғазы үйден шығар алдында домбырасын қолына алады да, қоштасып бір күй тартады. Шығарып салуға жиналған достары күйдің атын сұрамай – ақ білді. Өйткені, бірінші бастамасының өзі «Аман, бол шешем, аман, бол» деп айтып тұр еді.
Иә, балалар, бұл күйдің авторы – қазақтың халық композиторы, күйші Құрманғазы Сағырбаев.
«Шынаяқ» күйін тыңдау (5 СЛАЙД)
«Шынаяқ» күйінің шығу тарихын айту.
(6 СЛАЙД)
Әрине бүгінгі жаңа сабағымыз «Күй атасы – Қазанғап» туралы өтеміз.

(7 СЛАЙД)
Қазанғап Тілепбергенұлы
Күйші, композитор
1854-1927жж
Ақтөбе облысы Шалқар ауданында
Алғашқы үстазы-Ұзақ.
Шәкірттері Бақыт Басығараев
“Шынаяқ”, “Құс қайтару”, “Қыз Ақжелең”, т.б .күйлері бар

(6 СЛАЙД)
Халық күйшісі – Қазанғап Тілепбергенұлының творчествосының қазақ музыка мәдениетінің тарихында ерекше орын алады. Ол – қазақтың аспапты музыкасын дамытуға өзіндік үлес қосқан композитор. Қазанғаптың күй мұрасы халық творчествосының биік шыңының біріне саналады. Қазанғап – халық өнерінің ең озық үлгілерінен, өз тұсындағы атақты күйшілерден тәлім алып, өз домбыра ойнау мектебін қалыптастырған күйші. Ол дәстүрі ғасырлар бойы бекем орныққан халық музыкасың тілі мен форма заңдылығына сүйене отырып, мазмұны, түрі және ойнау тәсілі жағынан ерекше айшықты күйлер шығарған.

Қазанғап екі дәуір аралығында өмір сүрген (1854 - 1921 ). Күйші Арал теңізінің жағалауындағы Құланды түбегінің Ақбауыр деген жерінде қойшының жанұясында туған. Кедейлік, жоқшылық тауқіметі Қазанғапты жастайынан әкесіне қолғабыс беріп, байлардың қозысын бағуға мәжбүр етеді. Жалғыз өзі таңертеңнен кешке дейін қой соңында күн өткізген жас баланың жұбанышы домбырасы болады. Табиғатынан сезімтал, ән – күйге ынтық бала кең далада көкейіне оралған саздарды пернеге түсіріп, балалық қиялы мен сезім сырларын домбырамен бөліседі. Сырласы да мұңдасы да домбырасы болады. Жалпы Қазанғап ауыл домбырашыларың көрсеткенін домбыраға салып ойнайтын болған.
Есейе келе домбырашы болып, өнер қууға бекем бел буады. Күй құпиясына бойлай түссем деген арман көкейін мазалаған Қазанғап әкесінің жалғыз атын мініп, елге аты мәлім домбырашыларды іздеп сапарға шығады. Алдымен Доңызтау – Аққалқа деген жерде тұратын Төреш күйшіні іздеп барады. Жас домбырашының дарынына таң қалып, таңдай қаққан Төреш оған күйлер үйретіп, домбыра шертудін құпияларын құлағына құяды. Күйші талапты жасқа батасын беріп, өнер жолындағы тұсауын кеседі. Қазанғап Бесқалада тұратын Орынбай, Ембідегі Құрманияз, Қарақамыстағы Үсен күйшілермен кездесіп, шеберлік сырларын көкейіне тоқи береді. Аты шулы домбырашылардан дәріс алып, олардың орындаушылық мәнеріне көзі қаныққан Қазанғап өзі де күй шығарып, ойнау стилін қалыптастыра бастайды.
(8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 СЛАЙД)

“Шәкіртсіз ұстаз — тұл” деген, Қазанғаптың шәкірті аз болмаған. Олар – Матай Қуантайұлы, Құрманғали Өмірзақов, Кәдіралы Ержанов, Нұрқат Қосуақұлы, Медеубай Бақтыбергенұлы және басқа көптеген домбырашылар. Сондай шәкірттерінің бірі – Жәлекеш Айпақов. А.Жұбанов Қазанғаптың күйлерін зерттеп жүріп, 1965 жылдары Шалқарда Жәлекешті кездестіреді. Оның шеберлігіне тәнті болған Жұбанов Алматыға алдырып, Құрманғазы атындағы ұлт аспаптары оркестріне домбырашы етіп қабылдайды. Барлық жағдайын жасайды. Оның себебі бар. 1904 жылы туған Жәлекеш Қазанғаптың көзін көрген, әкесі қоңсылас қонған. Ж.Айпақовтың орындауындағы Қазанғаптың 13 күйі Қазақ радиосында 1975 жылға дейін беріліп келді. Қазанғап күйлерін алғашқы насихаттаушылар ретінде Жәлекеш Айпақовқа Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген артисі атағы берілген.

Жұмбақтар шешу (15 СЛАЙД)
Ұзын мойын,
Екі ішек.
Қатар – қатар текпішек.
Басып көрсең бір – бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.
(Домбыра)

Әрине Домбыра аспабының қасиеттілігін атайықшы – (16 СЛАЙД)
Домбыра – еңбекқорлыққа үйретеді.
Домбыра – шежірені білуді талап етеді
Домбыра – адамның ішкі – жан дүниесін емдеп, көңілін көтереді, денсаулықты нығайтады.
Домбыра – иманды болуға жол ашады.
Домбыра – әдебиеттің дамуына ықпал етеді.
Домбыра – жарысу мен таласуға, ізденуге баулиды.
демекші бүгін үйренетің әніміз «Домбырасыз сән қайда»
Ән айтар алдыңда дауыс жаттығуларын жасайық.

Сергіту сәті: «Аяқ пен қол кимылы» ритмикалық ән – би.(17 СЛАЙД)
Дауыс жатығуы: До, ре, ми, фа, соль, ля, си. До. (18 СЛАЙД)
«Домбырасыз сән қайда» (19 СЛАЙД)
Әнін жазған: И.Нүсіпбаев
Сөзін жазған: Х.Талғаров
(Әннің авторы туралы оқушы айтып береді)

Оқушы: Әннің авторы – әуесқой композитор, қазақ балаларына эстетикалық тәрбие беруде көп еңбек еткен адам.Одан білім алғаншәкірттерінің көбі музыканы өздерінің мамандығына айналдырып, белгілі әнші, дирижер, композитор болды.И.Нүсіпбаев 150 – ден астам балалар әндерін жазды. Олар мектеп өмірі, еңбек, достық. «Жомарт өлке», «Саяхат жыры», «Айналайын ақ мамам», «Май жыры», «Достық» т.б. әндерін балалр ерекше сүйіп орындайды.Енді осы әнді мұқият тыңдап отырыңдар мен орындап берейін. (ән орындалады)
Әнді бірінші тыңдаймыз. (20 СЛАЙД)
Баян аспабымен айтамыз.
- Әннің дыбыс мәнерін тыңдап көріңдер.
- Ән не туралы айтылып тұр?
Домбыра туралы ән айту. (21 СЛАЙД)
Аспаптар туралы мақал мәтелдер.
Жұмбақтар жасырылады.

Плакатпен жұмыс: «Орнынды тап» (22 – 23 СЛАЙД)
(24 СЛАЙД)
ІV.Бекіту: Балалар бүгін біз қандай күйшімен таныстық? Әрине Қазанғап Тілепбергенұлы. Енді тыңдайтын Қазанғаптың «Құс қайтару» немесе «Қиту – қиту, қайт – қайт » күйі. Күй тарту арқылы сурет саламыз. Күй тыңдай арқылы көз алдымызға не елестейді, әрине жайлау, тау, қазақтың ауыл жері. Балалар суреттерін түсіндіреді.
V.Сабақты қорытындылаймыз: (25 – 26 СЛАЙД)
Сұрақ – жауап:
1. Бүгін біз сабақта қандай күйшімен таныстық?
2. Қазанғаптың күйлерін білеміз?
3. Қандай әнмен таныстық?
4. Әннің авторларын ата?
5. Әнді қазіргі заманғы әдіспен айтайықшы.

V.Бағалау: Белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын. (27 СЛАЙД)
VІ. Үйге тапсырма: Қазанғап туралы толық мағлүмат жазып келу.Әнді жаттап келу. (28 – 29 СЛАЙД)
15 609
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күйге тіл бітірген Қазанғап және күйлері
Күйге тіл бітірген Қазанғап және күйлері
Қазанғап Тілепбергенұлы 1854 жылы Арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Абауыр деген жерінде дүниеге келген. 1927 жылы сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылынан топырақ бұйырады. Шыққан тегі - Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпаларының бірі - Шанышқылы.
Күй атасы - Құрманғазы
Күй атасы - Құрманғазы
Қаратөбе балалар саз мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Қайырлиева Оралай
Күй құдіреті
Күй құдіреті
Қарауылкелді орта мектебінің музыка пәні мұғалімі: Жазымова Задаш
Күй тартудағы оқушының алғашқы қадамы
Күй тартудағы оқушының алғашқы қадамы
Қазанғап атындағы Саз мектебінің мұғалімі Кемалова Зина Баймырзақызы
Аспаптық музыка
Аспаптық музыка
Шымкент қаласы, № 42 Хамза атындағы жалпы орта мектебі музыка пәні мұғалімі Мараимова Ақбота
Күй атасы – Құрманғазы
Күй атасы – Құрманғазы
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Сафина Лиза Куантаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×