Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құрманғазы Сағырбайұлы

19 қараша 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы
Сабақтың мақсаты: 1. Ұлы күйші Құрманғазы шығармалары арқылы оқушыларды рухани жан дүниесін байыту; Құрманғазы өмірі мен шығармашылығын таныту;
2. Мәтінді түсініп оқуға, Құрманғазы туралы деректерді толықтыруға, шығармаларына деген қызығушылыққа баулу
3. Өнерді сүйе білуге, құрметтеуге, қазақтың асыл аспабы домбырадан күй тартуға деген сүйіспеншіліктерін ояту;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Сабақтың көрнекілігі: Құрманғазы суреті, мақал – мәтелдер, психологиялық тренинг, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: Музыка, қазақ тілі

Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту:
- Психологиялық дайындық:
Үлкендерге сіз,
Кішілерге біз.
Әдеппен бас иіп,
Сәлем бердік біз!
II. Үй тапсырмасын тексеру:
- Мәтін бойынша түсінгендерін сұрау, талдау жасау;

III. Өткенді бекіту: «Ой қозғау»
«Сөзжұмбақ шешу»
1 Тұран жерін билеген хан? 1. Қасым
2. Өлеңнің авторының фамилиясы кім? 2. Жұмабаев
3. Түркістанның ежелгі атауы 3, Тұран
4. Автор аты кім? 4. Мағжан
5. Қазақтың ұлы ханы 5. Абылай
6. Қазақ батыры 6. Наурызбай
7. Бөгембай 7. Қанжығалы
8. Қазақ батыры 8.. Қабанбай
9. батыры қаруы 9. Найза
10. Қазақ палуаны 10. Қажымұқан
Ерекшеленген әріптерден шыққан сөзді оқиық: Құрманғазы
ІІІ. Мағынаны тану:
Топпен жұмыс:
- Құрманғазы кім?
- Құрманғазы туралы өздеріңнің білетіндеріңді мына парақшаға жазыңыздар
Құрманғазы

Ұлы күйші
Композитор
Ұстазы Ұзақ
Шәкірті Дина
Күй атасы

Жұмбақ шешу:
Ұзын мойын,
Екі ішек.
Қатар – қатар текпішек.
Басып көрсең бір – бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.
(Домбыра)
- Домбыра – бұл қазақтың халық аспабы.

Құрманғазы Сағырбайұлы
Туып - өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Топырақ бұйырған орыны – Астрахань (Ресей) облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер.
Құрманғазы Сағырбайұлы – күйші, композитор.
Батыс Қазақстанда 1818 жылы дүниеге келген.
Алғашқы ұстазы Ұзақ күйші.
– күйлері: «Ақсақ құлан», «Адай», «Қайран шешем» т. б. күйлері бар.
Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болды. Ол Ұзақ күйшіден тәлім алып, есейген шағында домбырашылық, күйшілік шеберлігін танытты. ХІХ ғасырдың аса көрнекті композиторы, күй атасы. Құрманғазы Сағырбайұлы – теңдесі жоқ ұлы күйші. Ол – заманындағы қоғамдық - әлеуметтік қайшылықтарға, зорлық – зомбылыққа қарсы күресіп өткен адам. Ол 71 жасында қайтыс болады.
- Құрманғазының шәкірті кім?
- Шәкірті – Дина
Атақты күйші Динаға «Қайран шешем» күйін үйретіп отыр еді. Сырттан аттың дүбірі естілді. Құрманғазыны тұтқынға алып, ол домбырасын Динаның қолына ұстатады. «Мұрамды саған тапсырамын, халқыма жеткіз», - дейді. Құрманғазы тек күйші емес, оның шәкірті атақты күй анасы - Дина Нұрпейісқызы.

IV. Оқулықпен жұмыс: ЖИГСО әдісі:
1 топ: Құрманғазының Динаға «Қайран, шешем» күйін үйретуі
2 топ: Қайран, шешім күйінің шығу тарихы туралы әңгімесі
3 топ: Құрманғазының Кенжеге айтқан ақырғы өтініші
- Мәтінді оқиды, талдайды;

Сөздік жұмыс: Суыт - асығыс
Кілтипандарын - құпиясын
Жігері құм болды - дәрменсіз күйге түсті
Құқай - бұл жерде, қиындық
Шылау - жүгеннің шылбыры
V. Ой толғаныс: Автор орындығы:
№1 Құрманғазы Динаға қандай әңгіме айтты?
№2 Күйшінің бұл әңгімесінен оның өмірі жөнінде не түсіндің?
№3 Құрманғазының анасына арнап жазған күйі қалай аталады? Бұл күйді қай кезде шығарған?
№4 Күйшіні не үшін тұтқынға алды деп ойлайсыңдар?
№5 Құрманғазыны тұтқынға алып, қолын байлаған кездегі Динаның көңіл күйі қандай болғанын мәтіннен тауып оқы:
№6 Құрманғазының түрмеге кетердегі сөзін дауыс ырғағын келтіріп оқы:
VI. Дәптермен жұмыс:
1. Құрманғазының Кенжеге айтқан ақырғы өтінішін дәптерге жазып алыңдар:
2. Құрманғазы күйлерінің атын дәптеріңе толықтырып жазыңдар:
VII. Шығармашылық тапсырма:
1 топ Домбыра сөзіне бес жол өлең құрастыр
2 топ: Төрт шумақ өлең құрастыр Қазақтың қара (домбырасы)
Күмбірлетіп ( күй шертеді)
Күй атасы (Құрманғазы)
Мәңгі (есте сақталады)
VIII. Үйге тапсырма:
Құрманғазы өмірі мен шығармасы туралы реферат жазу
Мәтінді түсініп оқу;
IX. Бағалау:
15 824
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Халыққа жеткіз күйімді
Халыққа жеткіз күйімді
Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлымен Дина Нұрпейісовамен таныстыру Мәтінді түсініп оқуға, мазмұнын айта білуге баулу сыни тұрғыдан ойлауды дамыту және таланттарын ашу.
Құрманғазы
Құрманғазы
«Құрманғазы» мәтініне түсініктеме беру. Құрманғазы Сағырбайұлы туралы қосымша тереңірек ақпарат беру. Оның өмірі мен шығармашылығын білуге қызығушылықтарын туғызу.
"Құрманғазы" Сәуірбек Бақбергенов
"Құрманғазы" Сәуірбек Бақбергенов
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Майтөбе ОМ МДШО - ның Бастауыш сынып мұғалімі Бакажанова Сания Танирбергенқызы
Күй атасы - Құрманғазы
Күй атасы - Құрманғазы
Қаратөбе балалар саз мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Қайырлиева Оралай
Халық кегінің күйшісі Әбу Сәрсенбаев
Халық кегінің күйшісі Әбу Сәрсенбаев
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аманкуль Кенжесариева
Күй атасы – Құрманғазы
Күй атасы – Құрманғазы
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Сафина Лиза Куантаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×