Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аспаптық музыка

23 ақпан 2013, Сенбі
Категориясы: Музыка
Тақырыбы: Аспаптық музыка
Мақсаты:
1) Аспаптық музыка туралы терең мағлұматтар беру; Күйшіге, өнер адамына деген құрмет сезімін тудыру.
2) Оқушылардың ән-күйлер тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту.
3) Өнерді құрметтеуге, өзін-өзі ұстауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жарыс сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, күйшілердің портреті, аккордеон аспабы, бағалау парақтары.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен.
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сыныпты үш топқа бөліп, жарыстырамын.
1-топ «Қызғалдақ»
2-топ «Бәйшешек»
3-топ «Жауқазын»
1. Психологиялық тренинг.
- Музыка дегенде не ойлайсыңдар? Көз алдарыңа не елестейді?
- Музыка адамның рухани қазынасы, азығы. Музыкасыз өмірді елестету мүмкін емес. Абай ән-күй туралы: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,- деп айтып өткен.
- Күй тартатын адамды кім дейміз?
- Қандай күйшілерді білесіңдер?
- Күй деген не?
- Күй – домбырада немесе басқа да халық аспаптарында орындалатын музыкалық шығарма.
- Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз күйлер, тарихи күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі.
Үш топқа тапсырма. Күйшілер жөнінде не білесіңдер? Тақтадағы кестені толтыру.

ІІ. Блицтурнир.
1. Күй атасы кім? – Қорқыт
2. Күй орындалу мәнеріне қарай – екі түрге бөлінеді: төкпе, шертпе
3. Төкпе күйдің шебері - Құрманғазы
4. Шертпе күйдің шебері - Тәттімбет
5. «Байлаулы киіктің зары»- Қорқыт
6. «Түрмеден қашқан»- Құрманғазы
7. Сегіз серінің шын аты – Мұхаммедқанафия
8. Ақан серінің шын аты – Ақжігіт
9. «Қараңғы түнде тау қалғып»- Абай
10. Қобызды ойлап тапқан – Қорқыт
11. Біржан сал кім? – әнші-композитор
12. Аспаптық музыка деген не?- Түрлі аспаптарда орындалатын музыкалық шығарма
13. «Серпер»- Құрманғазы
14. Төре тұқымынан шыққан – Дәулеткерей
15. «Қараторғай», «Құлагер» әні – Ақан сері
16. «Көркем ханым», «Қос алқа»- Дәулеткерей
17. «Ұшардың ұлуы»- Қорқыт
18. Бүтін нотаның жартысы неге тең? – Жарты нотаға
19. Ы. Алтынсарин қазақ даласына алғаш қандай аспап әкелді? – Рояль
20. «Желсіз түнде жарық ай»- Абай

ІІІ. Ән жарыс.
Үш топқа 3тақырып беріледі.
«Достық»
«Домбыра»
«Ана»

«Жұмбақ шешеміз»
1. Сызылған үні, сүйкімді тілі,
Үрлесең ойнайтын аспаптың бірі
(Сыбызғы)
2. Тіршілікте аспап қобыздай асқақ
Ерекше үші бар бұл қандай аспап?
(Шаңқобыз)
3. Жеті шектен жеті түрлі үш шығар,
Әуенінен жеті түрлі мұң шығар.
Ойнап кетсең түрлі-түрлі жыр шығар
(Жетіген)
4. Саздан жасалған сырнайдың үніндей,
Өрнектеп қамалған бұлбұлдың біріндей.
(Сазсырнай)
5. Ұзын мойын
Екі ішек
Қатар-қатар текпішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп
(Домбыра)

6. Қарағайдан жасалған,
Қорқыттан мұра боп қалған.
Мың бір түрлі үні бар,
Тарихта жетпес құны бар.
(Қобыз)

IV. Күй – аңыз.
Қорқыттың «Байлаулы киіктің зары» күйінің мазмұнын әңгімелеу. «Адай» Құрманғазы күйінің шығу тарихын әңгімелеу. «Адай» күйін тыңдау.

VI. Семантикалық картамен жұмыс.

VII. Сәйкестік тесті
І.
1. Құрманғазы а) Байлаулы киіктің зары
2. Тәттімбет б) Құс қайтару
3. Қорқыт в) Домалатпай
4. Қазанғап г) Серпер
д) Саржайлау
ІІ.
1. 1и2и3и4и а) сегіздік нота
2. 1и б) он алтылық нота
3. 0, 5 в) бүтін нота
4. 1и2и г) төрттік нота
5. 1 д) жарты нота
Жауабы:
І. --- ІІ.
1-г 1-в
2-д 2-г
3-а 3-б
4-б 4-д
5-а
Қорыту:
Қандай аспаптарды білесіңдер?
Аспаптық музыка деген не?
Қандай күйшілердің күйін тыңдадық?
Қандай аспаптың дауысы ұнады?
Бағалау кезеңі:
Бағалау парағына қарап топтың жинаған ұпайларын санап шығып, жеңімпаз топ анықталады, белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
10 339
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шуақты көктем
Шуақты көктем
Күн жарқырап, күннің өзі бізді көктем мезгілімен құттықтап тұрғандай. Бүгінгі оқу қызметімізді әдемі бір өлең шумағымен бастағым келіп тұр:
Өнер - ұлттық дәстүріміз
Өнер - ұлттық дәстүріміз
Ән сазды әуезділігімен, көңілге ұялар әсерлілігімен қымбат. Біздің халық - музыканы сүйетін, құрметтейтін, қадірлейтін, ән, өнер дегенде ішкен асын жерге қоятын халық.
Қазақ кәсіби музыка мәдениетінің қалыптасуы. С.Бәйтерековтің «Наурыз» әнін үйрену
Қазақ кәсіби музыка мәдениетінің қалыптасуы. С.Бәйтерековтің «Наурыз» әнін үйрену
ШҚО, Үржар ауданы, Қабанбай ауылы, «Жарбұлақ орта мектебі» КММ - нің музыка пәні мұғалімі Байшойынов Ғазиз Сейілғазыұлы
Күй атасы - Құрманғазы
Күй атасы - Құрманғазы
Қаратөбе балалар саз мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Қайырлиева Оралай
Күй құдіреті
Күй құдіреті
Қарауылкелді орта мектебінің музыка пәні мұғалімі: Жазымова Задаш
Күй атасы – Құрманғазы
Күй атасы – Құрманғазы
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Сафина Лиза Куантаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×