Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ музыкасының кәсіби қалыптасуы тарауын қайталау

18 тамыз 2019, Жексенбі
Категориясы: Музыка
Қазақ музыкасының кәсіби қалыптасуы
Сабақтың тақырыбы: «Қазақ музыкасының кәсіби қалыптасуы» тарауын қайталау
Мақсаты: сайыс сабақтың әдістерін қолдану арқылы оқушылардың музыкалық білім деңгейін нығайту.
а) білімділігі: музыкалық сауаттылықтарын жүйелендіру, ой қозғау арқылы білім сапасын шыңдау.
ә) дамытушылығы: музыкалық терминдерді еске сақтау, музыкалық сауаттарын арттыру, өзін - өзі бағалау арқылы білім деңгейін тексеруге мүмкіндік жасау.
б) тәрбиелілігі: топтық жұмыс арқылы ұйымшылдыққа, ұжымдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: сайыс сабақ

Сабақтың барысы: Балалармен амандасу, кітап құралдарын түгелдеу.
І. Дәстүрлі емес сабақты түсіндіріп, сайыс сабақпен таныстыру.
ІІ. Сайыс сабақтың шарттары:
1) Анкеталық сұрақтар
2) Әуенін табу.
3 ) Мақал - мәтел.
4) Бәйге.
5) жалғасын табу.
6) Жеңімпаздарды анықтау.

ІІІ. Оқушыларды төрт топқа бөлу: До - 1, Ре - 2, Ми - 3, Фа - 4

ІҮ. Қорытындылау:(Әрбір шарт түрінен кейін әр топ төменде берілген бағалау кестесінде өз - өздеріне баға қойып отырады, соның жалпы қорытындысын шығарады.)
Бағалау кестесі төмендегідей.
Сабақтың барысы:
1. Оқушылармен амандасып, олардың назарын сабаққа аудару, қажетті құралдарын тексеріп, дайындау
2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын ерекешелігін түсіндіру.
3. Оқушыларды топқа бөлу: Бірінші топ -«ДО»
Екінші топ «РЕ»
Үшінші топ -«МИ»
Төртінші топ -«ФА»

І шарт
- Балалар, сайысқа дайын болсаңыздар шарт бойынша тапсырмаларды орындайық(Әр топ парақшаға жасырылған сұрақ - тапсырмаларға жауап береді.
- Музыка деген не, музыканы қалай түсінесіңдер?
- Өз қалауларың бойынша халық әнін орындаңдар.
-«Айжан қыз» күйінің ырғағымен қосылып ансамбль құр.
- Шығармашылық қабілеттеріңді көрсетіп, берілген сөздерді пайдаланып, өлең сөздерін құрастыр
------------------ шарықтайды,
------------------ қалықтайды,
------------------ қалыспайды.

ІІ шарт Әр топқа әуендердің алғашқы жолдары ойналады. Сол әуенді табу керек.

ІІІ шарт « Мақал – сөздің мәйегі» Өнер туралы мақал – мәтел әр топ сайысқа түседі.
Өнер алды – қызыл тіл,
Өнерлі өрге жүзер.
Өнер алды бірлік, ырыс алды тірлік.

ІҮ шарт. Бәйге. Әр топқа сұрақтар қойылады. Белгілі бір уақытта тоқталып ұпай сандары есептеледі.
«До» тобына берілетін сұрақтар:
1. Фермата дегеніміз не? (дыбысты еркін созу)
2. Қазақтың ұлы жазушысы (М. Әуезов)
3. БИ күйінің авторы (А. Жұбанов)
4. Ерлердің төменгі даусы (бас)
5. Еліміздің рәміздері (Елтаңба, Әнұран)
6. Оркестр, хор жетекшісі (дирижер)
7. «Абай» операсын алғаш қай жылы қойылды? (1944)
8. «Хиросима» балетіндегі ең негізгі әуен (Сакура)
9. Өте жіңішке дауысты, нәзік ашық дыбысты үрмелі музыкалық аспап (флейта)
10. Әзербайжан халқы әншілерін қалай атайды? (амут)
11. Ғ. Жұбанованың әкесі. (А. Жұбанов)
12. «Соль» нотасы қай сызықта орналасқан (екінші)
13. Алпамыс батырдың айттырылған жары (Гүлбаршын)
Қазақ музыкасының кәсіби қалыптасуы тарауын қайталау. жүктеу​​​
2 174
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ кәсіби музыка мәдениетінің қалыптасуы. С.Бәйтерековтің «Наурыз» әнін үйрену
Қазақ кәсіби музыка мәдениетінің қалыптасуы. С.Бәйтерековтің «Наурыз» әнін үйрену
ШҚО, Үржар ауданы, Қабанбай ауылы, «Жарбұлақ орта мектебі» КММ - нің музыка пәні мұғалімі Байшойынов Ғазиз Сейілғазыұлы
Халық музыкасының концерті
Халық музыкасының концерті
ШҚО, Үржар ауданы, Қабанбай ауылы, «Жарбұлақ орта мектебі» КММ - нің музыка пәні мұғалімі Байшойынов Ғазиз Сейілғазыұлы
Музыкалық көңіл күй (сайыс сабақ)
Музыкалық көңіл күй (сайыс сабақ)
Сабақ тақырыбы: «Музыкалық көңіл күй» атты 5 - 6 сыныптар арасындағы сайыс сабақ
Сал – серілік дәстүр және кәсіби музыка
Сал – серілік дәстүр және кәсіби музыка
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, №42 бастауыш мектептің музыка пәнінің мұғалімі Ахметова Гауһар Жылқыбайқызы
Рационал өрнектерді көбейту мен бөлу тарауын қайталау
Рационал өрнектерді көбейту мен бөлу тарауын қайталау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің математика пән мұғалімі: Нұрымбетова Инкар Атымтайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×