Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ кәсіби музыка мәдениетінің қалыптасуы. С.Бәйтерековтің «Наурыз» әнін үйрену

31 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: Музыка
Музыка 6 - сынып
I. Сабақтың тақырыбы: Қазақ кәсіби музыка мәдениетінің қалыптасуы. С.Бәйтерековтің «Наурыз» әнін үйрену
II. Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың халық музыкасы мен кәсіби музыканы ажырата алуына
және музыка жанрларын ажырата алуға үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ән айту қабілеттерін дамыту, музыкаға деген қызығушылығын арттыру. С. Бәйтерековтің «Наурыз» әнін үйрету.
3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу, эмоциялық көңіл – күйлерін көтеру, жігерлендіру.
III. Сабақтың түрі: Сайыс сабақ. Жинақтай отырып қорытындылау.
IV. Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, баян, суреттер.

V. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңдері.
а/ Оқушыларды түгендеу.
б/ Қ. Р. Мемлекеттік әнұранын орындау.

2. Өткен материалдарға шолу жасау.
Н. Шакеновтың сөзіне жазылған Ә. Еспаевтың әні «Қазақстан сәлемі» әнін қайталап еске түсіру.

3. Жаңа сабақ.
«Кіріспе бөлім»
Біз өткен сабақтарда «Қазақ кәсіби музыка мәдениетінің қалыптасуы» тақырыбын кезең - кезеңге бөліп өткеміз. Бүгінгі сабақты сол тақырыпты бекіту мақсатында жалғастырамыз. Сабағымызды Абай атамыздың мынадай өлең шумақтарымен бастаймыз.
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй»
АБАЙ
Өткен сабақта үйренген әнімізді еске түсіріп, әннің авторларын сұрау және әнді дирижерлық әдіспен орындау.
Әнді үйрену үшін, болмаса орындау үшін нені пайдаланамыз? Нотаны пайдаланамыз. Ендеше «адасқан ноталарды» ой қозғау сұрақтары арқылы нота сызығына орналастырайық.
Сергіту сәтіне Б. Ғизатовтың әні «Сәлем саған, мектебім!» әнін топқа бөліп орындату.
Келесі кезекте қай топтың жылдам екенін анықтау мақсатында дыбыстардың аттарын араластыра отырып сөз құрастыру.
Мысалы: РЕ нотасын алатын болсақ,
Ребус
Редиска
Терезе
Резина
С. Бәйтерековтың «Наурыз» әнін үйрету.

VI. Сабақты қорытындылау:
а/ Сұрақ қоя отырып сабақты бекіту.
1. Қазақтың кәсіби музыка мәдениетінің ірге тасы қай жылдары қалыптаса бастады? / 1920 жылдардан бастап./
2. Халық таланттарының 1 слеті қашан және қай қалада өткізілді?
/ 1919 жылы Верный, қазіргі Алматы қаласында/
3. Қазақтың ең алғашқы драмалық қойылымы қалай аталады және оның авторы кім? / «Еңлік - Кебек» М. Әуезов. 1917 ж./
4. Халық арасындағы 1 әншілер конкурсы қай жылы және қайда өткізілді?
/ 1922 жылы Қарқаралы жәрмеңкесінде/

5. Алғашқы құрылған үйірме қашан құрылды және ол қалай аталды?
/ 1925 жылы. Халықтық білім институтының үйірмесі/
6. Алғашқы музыкалық оқу орыны қашан және қайда ашылды?
/ 1932 жылы. Алматы музыкалық драма техникумы/
7. Ұлттық аспапты оркестр қай жылы құрылды, алғашқы дирижері кім болды және ол оркестр қазір қалай аталады?
/ 1934 жылы. Дирижері А. Қ. Жұбанов. Құрманғазы атындағы ұлттық Мемлекеттік Академиялық оркестр./
б/ Оқушы білімін бағалау.
в/ Үйге тапсырма беру.
Үйге: С. Бәйтерековтің «Наурыз» әнін жаттап келу.
г/ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен сабақты аяқтау.
8 391
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ музыкасының кәсіби қалыптасуы тарауын қайталау
Қазақ музыкасының кәсіби қалыптасуы тарауын қайталау
Сайыс сабақтың әдістерін қолдану арқылы оқушылардың музыкалық білім деңгейін нығайту.
Хор өнері
Хор өнері
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Батракова Гулайым Шарипбековна
Халық музыкасының концерті
Халық музыкасының концерті
ШҚО, Үржар ауданы, Қабанбай ауылы, «Жарбұлақ орта мектебі» КММ - нің музыка пәні мұғалімі Байшойынов Ғазиз Сейілғазыұлы
Сал – серілік дәстүр және кәсіби музыка
Сал – серілік дәстүр және кәсіби музыка
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, №42 бастауыш мектептің музыка пәнінің мұғалімі Ахметова Гауһар Жылқыбайқызы
Ән, күй, би, марш қайда жетелейді?
Ән, күй, би, марш қайда жетелейді?
Қызылорда обылысы, Байқоңыр қаласы, Тоқмұхамедов. Қ. Х атындағы №14орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ильясова Гулзира Кенесовна
Бауырлас халықтар музыкасы
Бауырлас халықтар музыкасы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының Музыка пәнінің мұғалімі Мухамедиева Дәмелі Орынбасарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×