Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Музыкалық көңіл күй (сайыс сабақ)

20 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Музыка
Сабақ тақырыбы: «Музыкалық көңіл күй» атты 5 - 6 сыныптар арасындағы сайыс сабақ
Мақсаты: Ойын арқылы оқушылардың алған білімдерін еске түсіру, тиянақтау.

Міндеттері:
1. Шапшаңдықты шыңдау
2. Есте сақтау қабілеттерін дамыту
3. Сұлулыққа, әсемдікке, достыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі (амандасу)
Мұғалім: Ән мен күй - табиғат сұлулығын, адамның жан тебіренісінің сыртқы сұлулық пен жарасымдылықты асқақ сезіммен суреттеп бере алатын өнер.
Туғанда дүние есігі ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең - селең,- дегендей, бүгінгі ән өнерімен өрнектелген сайыс сабағымызды бастаймыз. Ендеше бүгінгі сайысымызда әділ баға беретін әділқазы мүшелерін тағайындап алайық.
(Әділқазыларды сайлау)

1: «Таныстыру» бөлімі: Әр топ атын айтып, ұранын айтып таныстырады
2. «Сұрақ - жауап» сайысы (2 минуттан)
«Жауқазын»
1. Музыкалық қатарда неше нота бар?
2. Музыка қатарындағы соңғы нота?
3. Бірнеше әншінің қосылып ән айтуын қалай дейді?
4. Қазақтың ысқышпен ойналатын музыкалық аспабы?
5. Тез арада өз жанынан өлең шығаратын адам?
6. Қ. Р Мемлекеттік Әнұранының сөзін жазған кімдер?
7. Оркестрді басқаратын адам.
8. Күйді орындаушы
9. Форте нені білдіреді?
10. Ерлердің жуан дауысы?
11. Әннің қайталанып келіп отыратын бөлігін не дейді?

«Ақкөгершін»
1. Музыкада қатар сызылған 5 сызықты не дейді?
2. Нота сызығындағы 3 - нота
3. Дыбыс реңктері әр түрлі аспаптардың бірігіп бір шығарманы ойнауы.
4. Әннің немесе күйдің әуенін шығаратын адам?
5. Әнұранның әнін жазған?
6. Қазақтың 7 ішекті аспабы?
7. Әнді орындаушы адам?
8. Үйлену тойында айтылатын әндер
9. Пиано нені білдіреді?
10. Әйелдің жіңішке биік дауысы
11. Нота қатарындағы 1 - дыбыс?

3. «Суырыпсалма» ақындық өнер. (Әр топ берілген өлең жолдарын жалғастырулары керек)

«Жауқазын» тобына:
Сабаққа ертең ерте...
Қиналды уәдесін...
Ұйқысы қанбай қалды Исламбектің,
Түнімен теледидар....

«Ақкөгершін» тобына:

Асқар жүр коридорға барамын деп,
Қайтсем де жоқты тауып......
Үстелге апай жоқта отырып алды,
Өзінше «Мен мұғалім».......

4. «Өз әуеніңнен жаңылма» ойыны:
(Әр топтан 2 бала ортаға шығып өзі қалайтын әнін айтады. Өз әуенінен жаңылмай айтып шығуы керек)

5. «Ақ көңіл ағызайын әннің майын» (Мұғалім әннің 2 жолын айтады, қалған 2 жолын топтар кезек бойынша жалғастырады)

«Жауқазын» тобына:
«Ақкөгершін» тобына:
1. М: Басында Қамажайдың бір тал үкі,
Айрылып Қамажайдан болдым күлкі.
...
О: Айрылып Қамажайдан отырғанда,
Келеді қай жерімнен ойын күлкі.

2. М: Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы.
...
О: Бітпейді іштегі,
Ғашықтық жарасы.

3. М: Арайлап таңым, асқақтап тауым,
Ән ойнап көгім, күй тартты көлім.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 746
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ музыкасының кәсіби қалыптасуы тарауын қайталау
Қазақ музыкасының кәсіби қалыптасуы тарауын қайталау
Сайыс сабақтың әдістерін қолдану арқылы оқушылардың музыкалық білім деңгейін нығайту.
Көңілді ноталар
Көңілді ноталар
Музыкалық ойындар арқылы балалардың денсаулығын, шығармашылығын нығайту. Музыканы мұқият тыңдай отырып ести білуге, ырғақтарды айыра білуге үйрету. Музыкаға әсерлену, дыбыс жоғарылығын ажырату қабілетін дамыту.
Ұстаз ана – асыл жандар болаттай
Ұстаз ана – асыл жандар болаттай
«Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Смадиярова Мадина Нұржігітқызы
Бәрін білгім келеді
Бәрін білгім келеді
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің ән - әуез пәні мұғалімі Кібіт Гүлнәр
Нүктелі нота
Нүктелі нота
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қожбанбет би атындағы орта мектептің музыка пәні мұғалімі Абидоллаева Мерует Әшімқызы
Ата салтың – халықтық қалпың
Ата салтың – халықтық қалпың
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сарыарқа ауылы, Сарыарқа орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жүнісов Рухат Құрмашұлы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×