Шілдебаева Айзере Сұлтанқызының өлеңдері
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің
1 "Б" сынып оқушысы Шілдебаева Айзере Сұлтанқызының өлеңдері
"Қызылордам - туған қалам"
Мұғалімі Еспенбетова Загира Нагметуллаевна
Қызылорда қаласы
Болған бір кез астана.
Ал бүгінде құлпырып,
Өркен жайған жас қала.
Сұлу сырдың бойында
Жағажай да салынды.
Ми қайнатар ыстықта
Жадыратар жаныңды.
Сарқырама каналы
Жаңартылды қайтадан.
Оны дағы мен бүгін
Мақтанышпен айта алам.
Көше бойын жағалай,
Аспа шамдар тұр жанып.
Түнгі қала жайнайды
Күндізгідей нұрланып.
Сыр бойында осындай
Сәулетті бір қала бар.
Гүлзар бақта ойнайды
Шат - шадыман балалар.
Әр аулада салынды
Балалардың алаңы.
Сол алаңда балалар
Допты теуіп барады.
Мен де жүрмін құрбыммен
Жүгіріп те секіріп.
Анам отыр қарайлап.
Қалмаса деп мертігіп.
Кеш болғанын байқамай,
Жүрміз ойнап әлі де.
Балалардың шуылы
Ауламыздың сәні де.
Мен де туған қаламды
Айтып әркез мақтанам.
Көркейгенін күн сайын
Көремін де шаттанам.
1 "Б" сынып оқушысы Шілдебаева Айзере Сұлтанқызының өлеңдері
"Қызылордам - туған қалам"
Мұғалімі Еспенбетова Загира Нагметуллаевна
Қызылорда қаласы
Болған бір кез астана.
Ал бүгінде құлпырып,
Өркен жайған жас қала.
Сұлу сырдың бойында
Жағажай да салынды.
Ми қайнатар ыстықта
Жадыратар жаныңды.
Сарқырама каналы
Жаңартылды қайтадан.
Оны дағы мен бүгін
Мақтанышпен айта алам.
Көше бойын жағалай,
Аспа шамдар тұр жанып.
Түнгі қала жайнайды
Күндізгідей нұрланып.
Сыр бойында осындай
Сәулетті бір қала бар.
Гүлзар бақта ойнайды
Шат - шадыман балалар.
Әр аулада салынды
Балалардың алаңы.
Сол алаңда балалар
Допты теуіп барады.
Мен де жүрмін құрбыммен
Жүгіріп те секіріп.
Анам отыр қарайлап.
Қалмаса деп мертігіп.
Кеш болғанын байқамай,
Жүрміз ойнап әлі де.
Балалардың шуылы
Ауламыздың сәні де.
Мен де туған қаламды
Айтып әркез мақтанам.
Көркейгенін күн сайын
Көремін де шаттанам.
Жаңалықтар
Астана – бас қала
Қарапайым тілдік құрылымдар мен мәтіндер, суреттер негізінде қала туралы өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Септік жалғауын қайталау.
Астана - сұлу қала
Астана - сұлу қала «Астана дегеніміз - Астана. Қазақша әдемі естіледі. Қомақты ауыз толады, қысқа да нұсқа, әуезді. Орысша да, ағылшынша да солай естіледі. бұл атауда батылдық, мығымдық және айқындық рең бар» - деп жазды Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.
Оқушы өлеңдері
Ақтөбе қаласы №51 гимназияның 2 «Д» сынып оқушысы Рахатов Шахмардан Айдосұлы
Туған қалам - Қызылордам
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы №211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Батракова Лаура Майдановна Тақырыбы: «Туған қалам - Қызылордам» атты мұражайда өткізілген саяхат – сабақ 11 сынып оқушыларына
Астана
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің 1 класс оқушысы Әділханова Дильназ Алмазқызы
Қасиетпен құт дарытқан Қызылорда!
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы, "Т. Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 11 сынып оқушысы Төребекова Гүлнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.