Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы

27 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Оқушыларға
Қызылорда обылысы, Жаңақорған ауданы,
Бірлік аулы №55 С. Қожанов атындағы орта
мектебінің 7 - сынып оқушысы Әбсадық Рауан
Жетекшісі: Кембілбекова Гулзина

Бабалар аманаты ізімен
«Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы» (М. Әуезов)
Бауыржан Бомышұлы атамыз былай деп жазған: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген елден қорқам, немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқамын, дәмді, дәстүрді сыйламайтын ұрпақтан қорқам»
Зейнеп Ахметова апайымыздың «Бабалар аманаты» атты кітабын оқып шықтым. Алған әсерімді сөзбен айтып жеткізу қиын. Бабалар аманаты сөзінің мән - мағынасын ұққандай болдым. Күнделікті өмірде - үйде, мектепте, үлкендерден – естіп жүрген сөздеріміз. Бірақ осы кітапты оқығаннан соң бұл сөздердің адам өмірінде алар орнының ерекше екенін, тәрбиелік мәні зор екенін ұққандай едім.

- Сөз түсінеді деп сенген соң саған көп сөйлеймін. Бірнеше күннен бері үздік - создық айтып жатқан сәлем төңірегіндегі әңгімелеріміз де - бабалар аманаты. Мен білгенімді саған айтам, сен өзіңнің балаңа айтасың, үйретесің. Кейін балаң өз баласына айтса, сөйтіп, бір шаңырақта бабалар аманаты жалғасады. Күнделікті тілімізде «елге еңбек сіңіріп, халыққа қызмет ету» деген сөз әр деңгейде жиі айтылады. Мұның шынайы мәнін көбі ұға бермейді. Елге еңбек сіңіріп, халқыңа, ұлтыңа қызмет ету деген - ең алдымен, ана тіліңді, ата дәстүріңді отыңның басында сақтап, ұрпағыңның бойына сіңіру деген сөз. Осыны ұмытпаған адам өз халқының алдында жеген нанын, татқан тұзын ақтайды. Басқа үшін жауап бермеймін, әркімнің өз еркі өзінде. Бірақ мына менің өз тұжырымым - осы! Балаларым ретінде сендерге де мұны аманат, өсиет етемін.

Бұл Бауыржан атамыз бен Зейнеп апамыздың «сәлем» жайында айтқандары. Әрине, қазақ бабамыз «Сәлем - сөздің анасы» деп сәлемдесуге зор мән берген. «Болар елдің баласын сәлемінен танисың», «Кісінің кішіпейілдігінің белгісі – көргенде сәлем бергені», «Сәлем – сөздің анасы», «Сәлемің түзу болмай, ісің түзу болмайды», «Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені, шын достықтың белгісі – көп кешікпей келгені», «Сәлем бермеу мен сәлемді алмау – күнәнің ауыры» деп атан түйеге татитын аталы сөздерді ұдайы еске алып отырған. Дұрыс сәлемдесу, шынайы ілтипат бар жерде нәтижелі жұмыс бар. Бір - бірін білмейтін адамдар арасында да алғашқы сәлемдесуден сөз сапталып, жақсы әңгіме өрбиді. Естуімше, ертеректе үйге келген кісі дауыстап сәлем бере келген. Бұның мәні: біріншіден – үйге біреудің келгенін, кім екенін білесің, Екіншіден - сәлем бере келу ол әдептілік деп білемін.

Қазіргі кезде «сүйісіп» амандасу үрдіс болып алды. Мен бұған қарсымын. Сыныптастарым бірін - бірі осы кеше көрсе де осылай амандасып жатады. Бұл қазіргі телесериалдардың салдары болар деп ойлаушы едім, сөйтсем бұл тақырып Бауыржан атамызды да өз заманында толғандырған екен.
Зейнеп апамыздың қыздар тәрбиесі жайлы айтқандары көңіліме қонып, жүрегімнен орын алды. Қыздардың қалай киіну керектігі, өзін қалай ұстау керектігі жайлы, қазақы қасиеттер мен ізеттілік, инабаттылық жайлы жеткізе айтқан.

Мен Бауыржан атаға өзімнің атам – Айтілеуұлы Әбсадық жайлы айтып мақтанар едім. Менің атам ел сыйлаған, қадірлі адам болған. Елге сіңірген еңбегі зор. Ұлы Отан соғысы жылдары ол кісі тылда еңбек еткен. Сонымен бірге елде балаларды оқытып, хат танытқан екен. Атамның «Есімдегілер мен көргендерім» атты естелігінде көп нәрсе жазған. Соғыс басталған жылдары атам небәрі14 - 15 жас тағы бала екен. Тылдағы ауыр, азапты еңбектің бәрі балалар мен аналарымыздың үлесіне тигенін осы естеліктен білемін. Азапты, ауыр күндерді бастан өткере жүріп білім алған, мойымыған. Кейінірек жоғары білім алып тарих пәні мұғалімі мамандығын алып шыққан. Сол кездерде Комунистік партияның хатшысы, яғни парторг болған екен. Бірнеше жерде лауазымды қызметтер атқарған. Соңғы жылдарында мектебімізде мектеп директоры қызметін атқарды және сол жерден зейнетке шықты. Мен атамның атқарған жоғары лауазымды қызметтерін мақтан етпеймін. Мен атамның адалдығын, ақпейілділігін, әділдігін мақтан етемін. Атамды танитын, көзкөрген кісілер атамның әділ, шыншыл болғанын айтады және өте қарапайым, өзгеге өзегін бөліп беруге дайын тұратын адам екенін айтады. Атам дүниеден өткенде мен небәрі 3 жаста ғанамын. Біақ оның күлімсірей, мейірлене қарағаны есімде. Немерелерін жанына жинап алып, ертегі айтып беретін. Асан мен Үсенді мысал етіп ойдан құрап айтатын ертегілері көп еді. Қойған сұраққа ерінбей жауап беріп, түсіндіріп отыратын. Немерелерін «жәутік» деп еркелететіні есімде

«Бабалар аманаты» кітабын қолға алған кезде мұнда не туралы жазылған екен деп ойладым. Оқып болған соң мен рухани байлыққа кенелгенімді сездім. Зейнеп апа, сіз болмағанда бұндай рухани құндылық біздің қолымызға тиер ме еді?! Алланың құдіреті болар Сіздей түсінігі мол, қазақы салт - дәстүрді қадірлей білетін текті, қазақ халқының қамы, болашағы үшін қам жейтін, сол үшін күресе білетін адам ретінде Бауыржан атамызға келін болғаныңыз. Аллаға шүкір деймін, сіздей адамның Бауыржан атамыздың жанында болғанына. Сіз арқылы біз - кейінгі ұрпақ Атамыз жайлы көп сырға қанық болдық. Асқар таудай сұсты болса да, атаның жүрегі қазақтың кең даласындай дархан екенін, жұдырықтай жүрегі өзін емес бүкіл қазақ халқын, оның өткені мен бүгінін ойлап өткен жан екенін ұқты.

Әдетте, өз халқыңның ұлттық өнеге - өлшемдері қашанда ерекше сезіліп, басқалардікінен озық көрінетіні бар. Бұл - барлық ұлттарға тән табиғи қасиет. Алайда «менікі артық, басқанікі нашар» деген жаңсақ ой тумаса керек. Әр нәрсенің үйлесім тауып жарасатын өз ортасы, өсіп - өнетін өз топырағы бар. Саналы адам елін - жұртын, оның ұлттық табиғи болмысын ардақтай отырып, өзгенікін құрметтеп түсінуі керек. Өзін зор санап, өзгені қор санау - көргенділік емес, өзімшілдіктің, надандықтың бір белгісі. Ал енді туған халқыңды білмей, оның жанын ұғынбай тұрып, басқанікін келістірем деп еліктеу де кісілік емес. Ол намыссыздыққа жетелейді. Намыссыздық - жаман дерт. Оның өсер ұрпаққа, халықтың келешегіне кесірін тигізетінін ешқашан ұмытпау керек. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні», әр халық, әр ұлт өзіне - өзі ұқсағаны жақсы, - деп ата баласының сөзіне орай мол мағлұмат беріп тастады... Бұл Бауыржан атамыздың сөздері. Ұлтық болмыс - бітімімізді сақтау үшін алдағы уақытта біз жаһандану үрдісімен күресе беруіміз керек. Біз өзіміздің туып – өскен топырағымыздың қадірін біліп, қазақы салт - дәстүрімізді қадірлеуді тек құрғақ сөз ретінде қалдырмай, оны іс жүзінде дәріптей алсақ, Бабалар аманатына адал болар едік деген ойдамын.
Жетемін десең мұратқа -
Байрағыңды құлатпа,
Кір келтірме ешқашан -
ҚАЗАҚ деген ұлы атқа!- деген. Мен болашаққа үлкен сеніммен қараймын. Мен Елбасымыз Нұрсұлтан атамызға сенемін, оның жүргізіп отырған саясатына сене мін. «Нұрлы жол, Болашаққа бастар жол»- осы жолмен жүрсек біз бабалар жолынан, аталар салған сара жолдан адаспаймыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 108
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі
Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі
Ата - аналарды қатыстыра отырып, олардың үлгісі мен ықпалы арқылы оқушыларды ата - аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Өнеге отбасынан
Өнеге отбасынан
Бала тәрбиесіндегі отбасының ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы,
Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі
Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ш. Берсиев атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Әжмұханбетова Айгүл
Бабалар ерлігі – ұрпаққа өнеге
Бабалар ерлігі – ұрпаққа өнеге
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу лицейінің 7 - сынып оқушысы Аманқос Дарын Асқарбекұлы Жетекшісі: Айсұлтанова Бағила Дүйсенбекқызы, тарих пәні мұғалімі
Үйінде ұл - қызы бардың, көгінде жұлдызы бар
Үйінде ұл - қызы бардың, көгінде жұлдызы бар
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Береке негізгі мектебінің математика және информатика пәні мұғалімі Баймұханова Ардақ Сағынғалиқызы
Жақсы деген немене, жаман деген немене?
Жақсы деген немене, жаман деген немене?
«Сымбат»жеке мектебінің бастауыш мұғалімі Алдабергенова Үзілдік Жомартқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×