Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біз бақытты отбасымыз

13 сәуір 2019, Сенбі
Категориясы: Оқушыларға
Біз бақытты отбасымыз
Отбасы деген не? Отбасы деген ол шағын мемлекет, сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан отбасынан басталады» дегендей отанды сүю отбасынан басталатыны рас. Отбасы деген бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы. Баланың бойында адамгершілік қасиеттерінің пайда болуы, тәрбиелі болуы осы отбасында қалыптасады деп ойлаймын. Баланың тәрбиелі, инабатты болып өсуі, болашақта қоғамда өз орнын таба білуі берекелі, ынтымағы мол отбасыға байланысты.

Енді мен өз отбасыма тоқталып өтсем, менің отбасым айрандай ұйыған, тату – тәтті, бірлікті өмір сүріп жатқан қарапайым отбасы. Менің жанұямда барлығы бес адам. Әжем, әкем, анам, мен және інім. Қара шаңырағымыздың ақылшысы – әжем. Әжем үнемі бізге дұрыс жол сілтеп, үлкендік ақылын айтып, ата – анамды дұрыс жолға салып, қате жібермеулеріне септігін тигізіп отырады. Әжем Майра қазіргі таңда зейнетте. Інім Расул екеуімізге үнемі сабақ дайындауымызға көмектеседі, білгенін үйретеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Менің жанұямның ұстаздары әкем - Саят, анам - Ирина. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей, әкеміз інім Саят екеуіміздің ұлтжанды, намысты, адами қасиеттерді бойымызға сіңіріп өсуімізге ерекше назар аударады. Үнемі бізге ақылын айтып, білгенін үйретіп жүреді. Ал, анам орыс ұлтынан. Анам орыс ұлтының қызы болса да, қазақ халқының барлық салт - дәстүрін сақтайды. Біздің де өз ұлтымыздың салт - дәстүрін сақтауымызды, қазақша сөйлеуімізді талап етіп отырады. Анам тағамды өте дәмді дайындайды. Бізді үнемі өзінің тәтті - дәмділерімен еркелетіп отырады. Қазақтың ұлттық тағамы бесбармақты өте дәмді дайындайды. Анамыз орыс ұлтының қызы болғандықтан орыстың да ұлттық тағамдарын да дайындап береді.

Біз, әр мерекені, отбасылық туған күндерді үнемі бірге қарсы аламыз. Үнемі әр мерекеде анамыз дастархан дайындайды. Барлық жанұямызбен сол дастархан басында жиналып, бір - бірімізге жақсы тілектер тілейміз.
Біз бақытты отбасымыз жүктеу
25 417
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
"Отбасым байлықтарым"
"Отбасым байлықтарым"
Отбасы – бұл қорған, өйткені жанұя мүшелері сізді кез-келген жаудан қорғауға дайын. Біз тату өмір сүруге және ұрыспауға тырысамыз. Әкем көп кітап оқиды және қызықты әңгімелерді айтуды ұнатады, ал анам әлемдегі ең дәмді тағамдарды дайындайды.
Отбасым – бақыт мекенім
Отбасым – бақыт мекенім
Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
Менің Қазақстаным!
Менің Қазақстаным!
Отан дегеніміз не? Отан отбасынан басталады. Отбасында бір - біріне ең жақын адамдар өмір сүреді. Олар әрдайым бір – біріне қолдау көрсетіп, көмектесіп отырады. Отбасым – ата - анам, ата - әжем, ағаларым, әпкелерім. Отбасында іңгалап дүниеге келіп,
Шығарма: Менің отбасым
Шығарма: Менің отбасым
Өзімді таныстыратын болсам, менің атым – Ерасыл. Мен 3 - сыныпта оқимын, оқу үздігімін. «Отан отбасыдан басталады» деген ақылды сөзді кітаптан оқыдым.
Менің отбасым, Эссе
Менің отбасым, Эссе
Отбасы - адам өміріндегі ең маңызды нәрсе. Отбасы қиналғанда қайғыңмен қуанғанда қуанышыңа ортақ болатын, аяулы жандар.
Отбасы - тәрбие мектебі
Отбасы - тәрбие мектебі
Ата - ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін отбасында балаларын тәрбиелеудің заңдылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×