Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыдыс – аяқ және басқа да үй жабдықтары туралы жұмбақтар

18 шілде 2019, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Ыдыс – аяқ және басқа да үй жабдықтары туралы жұмбақтар
Кесе – шыны пиала,
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді?
(Ыдыс - аяқ)

Ерінбей еңбек істеген,
Онсыз тамақ ішпеген.
(Қасық)

Кесе - кесе мұқалды,
Жони - жони жұқарды.
(Пышақ)

Тар қуыстың ішіне,
Тығып тары, бидайды.
Сыпырғанша терісін,
Тепкілейді, қинайды.
(Келі, келсап)

От басады табаны
Тек қана су тамағы.
(Шәйнек)

Тұтас затты бөледі,
Ұсақтап тұрар ол.
(Пышақ)

Сабы бар, баса шатыр
Табысын өлшеп әкеп
Аузына салып жатыр.
(Қасық)

Жағыма ұрсақ, тез алады тілінді,
Бөліп берер ұсағың мен ірінді.
(Елеуіш)

Ас піскенін біліп анық,
Дәм көреді іліп алып.
(Ожау, қасық)
Қара сиырым қарап тұр,
Қызыл сиырым жалап тұр.
(Қазан мен от)

Сыртын отқа қақтайды,
Одан басқа жақпайды.
(Қазан)

Күміс күбі –
Ортасында құбыры бар,
Тесік түбі.
(Самауыр)

От басады табаны,
Тек қана су тамағы.
(Құман)

Отқа қойсаң елпілдеп,
Быж – быж етіп тұншығар.
Тақиясы селкілдеп,
Танауынан бу шығар.
(Шәйнек)

Басы құдық –
Сабы сырық.
(Ожау)

Ыстықты суытпайды,
Суықты жылытпайды.
(Термос)

Мөлдір түрі,
Шеңбер түрі.
Аузы тарлау,
Шыны күбі.
(Құмыра)
Әртүрлі жұмбақтар қарау
10 045
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұрмыстық заттар туралы жұмбақтар
Тұрмыстық заттар туралы жұмбақтар
Отқа қойсаң елпiлдеп, Быж - быж етiп тұншығар. Тақиясы селкiлдеп, Танауынан бу шығар. Ол не?
Асханадағы ыдыс - аяқтар
Асханадағы ыдыс - аяқтар
Мысықай - пысықай, сен Мақта қыздың сүтін тағы да төгіп алдың ба?
Ыдыс - аяқтар
Ыдыс - аяқтар
Балалар қараңдаршы, біз үлкен шеңбер құрып тұрмыз. Ал мына үстел үстіндегі шеңберге назар аударайықшы?
Ыдыс-аяқ атаулары
Ыдыс-аяқ атаулары
оқушылардың қазақ тілге деген құрметтерін арттырып, сөздік қорларын дамыта отырып, ізденушілік қабілеттерін дамыту.
Ыдыс - аяқтар
Ыдыс - аяқтар
Кесе, шыны, пияла Оларсыз шай құя ма? Қасықсыз тамақ жемейді, Бәрінің атын не дейді? (Ыдыс - аяқ)
«Көмекшілер» Н. Калинина
«Көмекшілер» Н. Калинина
Тәрбиешінің сұрақтары бойынша, балаларға таныс шығарманың мазмұнын айтып беріге дағдыландыру. Көмекшілер деген сөзге түсінік беру. Сөздік қорларын толықтыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×