Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұрмыстық заттар туралы жұмбақтар

14 сәуір 2019, Жексенбі
Тұрмыстық заттар туралы жұмбақтар

Дауысы бар, жаны жоқ,
Шертсең күйі, әні көп.
Құлағын он бұра.
Ол не?.... (домбыры)

Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (киіз үй)

Шыр көбелек айналар,
Беліне жіп байланар. (ұршық)

Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды. (сандық)

Тұрса, үйдей,
Жатса, қояндай. (ертоқым)

Ашылып, жабылады,
Әр үйден табылады. (Есік)

Жайлаған дүниені бір ғажайып,
Тік көтеріп отырар адамдарды. (Орындық)

Ә, керемет, бір ит бар,
Үй бағады, үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Темір тықсаң сөйлейді.
Тілін адам білмейді.
Рұқсатсыз ол иттен,
Адам үйге кірмейді. (Құлып)

Өткiр жүздi келедi,
Өте қажет құрал ол.
Тұтас затты бөледi,
Ұсақтап та тұрар ол. (пышақ)

Ыстықты суытпайды,
Суықты жылытпайды. (термос)

Мөлдiр түрi,
Шеңбер түрi.
Аузы тарлау,
Шыны күбi. (құмыра)

Сабы бар,
Басы шатыр.
Табысын өлшеп әкеп,
Құдыққа тасып жатыр. (қасық)

Отқа қойсаң елпiлдеп,
Быж - быж етiп тұншығар.
Тақиясы селкiлдеп,
Танауынан бу шығар. (шәйнек)

Аузы төбесiнде,
Тұтқасы денесiнде. (құмыран)

Күмiс күбi –
Ортасында құбыры бар,
Тесiк түбi. (самауырын)

Қара сиырым қарап тұр,
Қызыл сиырыс жалап тұр. (қазан, от)

Кесе, шыны, пиала –
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді? (ыдыс)

Тақия, мұрын, бір құлағы бар,
Самаурын қасында тұрағы бар. (Шайнек)

Қарап тұрсаң өзіне,
Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды
Дәл қазіргі кезіңе. (Айна)

Жылмаң - жылмаң етеді,
Жылмаңдап сайдан өтеді.
Із - міз тастап кетеді. (Ине)

Әншейінде жекесің,
Қарай қалса екеусің. (Айна)

Бес ін, бес іннің
Аузы бір ін. (Қолғап)

Қуаты ыссы керемет,
Үйге лебін жаяды. (Пеш)

Күндіз де жүреді,
Түнде де жүреді,
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Не жүрген жолы жоқ.
Ол не, кім біледі? (Сағат)

Шыр - шыр етеді,
Құлағыңнан өтеді.
Ұстай алсаң,
Сөйлеп кетеді. (Телефон)

Менің үш көзім бар.
Бір көзім: «Кідір!» дейді,
Бір көзім: «Жүгір!» дейді,
Бір көзім: «Абайла!» дейді
«Қарап ал, маңдайға!» дейді. (Бағдаршам)

Төбемізде тұрағы,
Пайдасы мол ұққанға.
Түнде жанып тұрады,
Сөнеді Күн шыққанда (Электр шамы)

Аязға толы жәшігім,
Ішінен тамақ тасыдым. (Тоңазытқыш)

Басы жоқ, аяғы жоқ, иығы бар,
Киюге киімімді жиі құмар. (Киім ілгіш)

Әлсін - әлсін шыр - шыр еткен бөпесін
Бір қолымен көтереді көкешім. (Телефон)

Төрт аяғы болса да,
Етік киіп көрмеген.
Жалқаулығы соншама,
Аттап шықпас бөлмеден. (Стол)

Біреуі тіп - тік,
Біреуі тықтық.
Етіктің табанын
Бүтіндеп шықтық. (Шеге мен балға)

Адымдап бірге барамыз,
Шақырса туыс, дос, аға...
Төр – менің орным, қараңыз.
Ал оның орны босаға. (Аяқ киім)

Қызып кетсе табаны,
Бар жалғыз - ақ алаңы,
Бар жалғыз - ақ шатағы:
Іздей бастар матаны. (Үтік)

Мен төбеге қарадым –
Ол төбеге қарады.
Мен еденге қарадым –
Ол еденге қарады.
Деймін де: «Бұл баланың
Қызық екен талабы», -
Айқайлаймын,
Ал оның
Даусы шықпай қалады. (Айнадағы бейне)

Тәбетін ашсаң,
Тамағы лас, шаң. (Шаңсорғыш)

Танауынан
Су да шығады.
Бу да шығады. (Шәйнек)

Бірі қашып келеді,
Бірі қуып келеді.
Түгелденді түймелер,
Маған да сол керегі. (Ине - жіп)

Ұйықтайды бөпешің тербегенде
Сонда жатып талпындық сен де, мен де. (Бесік)
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған жұмбақтар топтамасы
14 488
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Киіз үй және оның жабдықтары туралы жұмбақтар
Киіз үй және оның жабдықтары туралы жұмбақтар
Киіз үй және оның жабдықтары туралы жұмбақтар.
Ыдыс – аяқ және басқа да үй жабдықтары туралы жұмбақтар
Ыдыс – аяқ және басқа да үй жабдықтары туралы жұмбақтар
Ыдыс – аяқ және басқа да үй жабдықтары туралы жұмбақтар
Құрал – саймандар туралы жұмбақтар
Құрал – саймандар туралы жұмбақтар
Құрал – саймандар туралы жұмбақтар
Жиһаз туралы жұмбақтар
Жиһаз туралы жұмбақтар
Жиһаз туралы жұмбақтар
Жұмбақтар жинағы
Жұмбақтар жинағы
Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім. Жаңбыр одан өтпейді, қабат - қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді. (орамжапырақ)
Дауыссыз Б мен П
Дауыссыз Б мен П
Жубангарина Алма Болатқызы Ақтөбе қаласы, Россовхоз орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×