Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Көмекшілер» Н. Калинина

25 қаңтар 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Көмекшілер» Н. Калинина
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: «Тіл дамыту»
Мақсаты:
Білімділік: Тәрбиешінің сұрақтары бойынша, балаларға таныс шығарманың мазмұнын айтып беріге дағдыландыру. Көмекшілер деген сөзге түсінік беру.
Дамытушылық: Сөздік қорларын толықтыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсіл: шаттық шеңбер, әңгіме оқып түсіндіру, сергіту сәті, слайд арқылы жұмбақ жасыру, әңгіме құрау, д/ойын, қорытындылау, мадақтау.

Билингвальды компанент: көмекші - помощник, ыдыстар - посуды.
Шаттық шеңбер!
Қайырлы таң!
Ормандар мен далалар.
Қайырлы таң!
Достасқан бар балалар.
Қайырлы таң!
Біздің балабақшамыз.
Қайырлы таң!
Жора - жолдас, ұл мен қыз!
Балалар тәрбиешінің нұсқауымен шеңберге тұрады да бірге қайталайды
- Балалар біздің тобымызға қонақтар келіп отыр екен қане бәріміз амандасайық
- Сәлеметсіздер ме?
Ал енді бәріміз орнымызға жайғасайық
Балалар қонақтармен амандасады.
Бүгінгі біздің ашық оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Н Калининаның «Көмекшілер»әңгімесімен танысамыз.
Тәрбиеші әңгімені 2 рет оқып қайталайды. Сұрақ қоя отырып әңгімені пысықтайды.
- Әңгіме кімдер жөнінде?
- Екі кішкентай бала қалай көмектескісі келеді?
- Кім екі баладан көмек сұрады?
- Әңгіме немен аяқталды?
- Біздер үйде ата - анамызға қалай көмектесеміз?
(балалардың жауабы)

Сергіту сәті:
Апам үшін күнде мен
Отынға ағаш жарамын
Су құямын гүлге де
Дүкенге де барамын
Сыпырамын үй үшін
Жуам ыдыс аяқты
Жылай қалса бөпемді
Жұбатамын ойнатып
Рахмет орнымызға отырамыз. Балалар үйге қонақтар келер алдында біздер не істейміз, қалай көмектесеміз?
Балалар: (үй жинаймыз, ыдыстарды жуамыз, тамақтар дайындаймыз)
Тәрбиеші: Ал енді сол анамызға көмектесу үшін бізге қандай көмекші құралдар қажет болады?
- қазір мен сіздерге жұмбақ жасырамын, жұмбақтың жауабын таба білейік.
Слайд арқылы балаларға жұмбақ жасыру
А) Кесе – шыны, пиала,
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді?
(Ыдыс аяқтар)
Ә) Тәбетін ашсаң,
Тамағы лас, шаң.
(Шаңсорғыш)
Б) Қызып кетсе табаны,
Бар жалғыз - ақ алаңы,
Бар жалғыз - ақ шатағы:
Іздей бастар матаны.
(Үтік)
В) Үй таза – ол қозғалса,
Белбеуін шешпес тозғанша.
(Сыпырғыш)
Г) Ұйықтайды бөпешің тербегенде
Сонда жатып талпындық сен де, мен де.
(Бесік)
Балалар жұмбақ жауабын таба білді.

5. Слайдпен жұмыс
Тәрбиеші слайдтағы суретке қарап балалардан екі - үш сөзден тұратын сөйлем құрату, және балалардың үйдегі көрсеткен көмектерін слайд арқылы көрсету.»
Д/ойын: «Төртінші артық»
Шарты: ыдыс аяқтар мен электро құрылғылар суретінің арасынан өзге затты табу.
Ал енді осы ыдыс аяқтар жөнінде кім маған тақпақ айтып берер екен?
Даниал:
Апам ыдыс жуады,
Мінезі оңды биязы.
Ол барында тұрады,
Жайнап үйдің жиһазы.
М. Амира
Ыдыстарды жинаймын,
Үлкендерді сыйлаймын.
Кесе, қасық бәрінде,
Өз орнына қоямын.
Т. Амина
Бәріде бар бақшада,
Ойын бөлме асхана.
Орындықта, тақтада,
Заттарда көп басқада.

Ғажайып сәт:
Ішке әже кіреді.
- Амансыңдар ма балаларым? қалдарың қалай? осы балабақша қасымен келе жатып сіздерге соғып кетейін деп келдім.
Тәрбиеші: - Балалар бізге қонақ келді. қарсы алайық.
(Тәрбиешімен бірге балалар қонақты қарсы алады, әжемен амандасып төрге шығарады, дастархан әзірлейді. )
Әже:- Ой балалар сендер үлкен көмекші болыпсыңдар, рахмет, әрдайымда осындай үлкендерге көмектесіп, құрмет көрсетіңдер. Ал енді менің кететін уақытым болды.
(Әже шығып кетеді)
Тәрбиеші балаларға қостілді аударманы қайталатады
көмекші - помощник, ыдыстар - посуды.
Тәрбиеші сұрақ жауап арқылы оқу іс - әрекетін қорытындылайды.
- Бүгін қандай әңгімемен таныстық?
- Әңгімеде кімдер жөнінде айтылған?
- кім қонаққа келді?
- Оны қалай қарсы алдық?
Тәрбиеші балаларды мадақтайды.

Атырау қаласы,
№25 «Еркемай» балабақшасы
Карабалаева Альфия Мерекеевна
9 480
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
Менің отбасым
Менің отбасым
Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту.
Қармен тәжірибе жасау
Қармен тәжірибе жасау
Тәжірибе жасау арқылы қар және қардың белгілері туралы білімдерін кеңейту Табиғат туралы білімдерін жүйелей білуге үйрету. Тәжірибенің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білуге үйрету.
Сиқырлы гүлдер еліне саяхат
Сиқырлы гүлдер еліне саяхат
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы №7 «Еркетай» МДҰ тәрбиешісі Курманбаева Гульнур Тастановна
Қыс бейнесі
Қыс бейнесі
Тогузбаева Гулмира Жаксылыковна №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Ақтөбе қаласы
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Оразова Бибигүл Темешовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×