Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жақсы сөз – жанға қуат

14 мам 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады. (Науаи)

Мақсаты: Оқушылардың « сөз», «бақыт» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;
- ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: сюжетті суреттер, күн шуағы, қанатты сөздер.

І. Шаттық шеңбері.
- Ал, кәнеки балалар, шаттық шеңберін құрайық!
- Бір - біріміздің қолымызды ұстағанда нені сеземіз?
- Бір - біріңе күлімдеп қараңдаршы, жүздеріңнен нені байқап тұрсыңдар?

- Қазір бәріміз бірге мына өлең шумағын айтып шығайық:
Ой - жүйрік, тіл – шебер,
Танытса шындықты.
Мәнді ойды тілмен бер,
Сөз тауып ұқыпты.
- Бәріңнің көңіл күйлерін жақсы екенін сезіп тұрмын. «Жақсы сөз - жанға қуат» деген осы. Біз бүгінгі сабағымызда осы тақырыпта сахналық көріністер көрсетеміз. Жақсы сөз - жанға қуат демекші бір - бірімізге жақсы сөз айтумен сабағымызды бастайық. (сүйкімдісің, ақылдысың, ең әдемі қызсың, өте ұқыпты баласың, адал доссың т. б.)

ІІ. Сахналау:
- Күн сәулесі шуақтарында берілген сөздерді пайдаланып, сахналық көріністер көрсетеді.
1. Жақсы сөз - жарым ырыс. «Сыпайы қоян» ертегісін сахналау.
2. Бақытты бол!
3. Жақсылыққа - жақсылық. «Алтын балық» ертегісін сахналау.
4. Құлыным!
5. Көп жаса!

ІІІ. Әңгімелесу.
а/ сұрақ - жауап
- Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
- Қуанамыз. Шаттанамыз. Жақсы сөз адамды бақытты етеді.
- Жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
- Ол сөздер адамның көңі - күйін түсіреді, мұңайтады, оны уайымға салады.

ІҮ. Қорытындылау.
- Жақсы сөз туралы не білдіңдер?
- Жақсы сөз – жарым ырыс.
- Жақсы сөз естісең жаның жадырап сала береді.
- Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады, тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа бөлейді.
- Жақсы сөз, жылы тілек әр адамның көңілін көтеріп, олардың жүрегіне жылу береді, көңіліне қуаныш сыйлайды.
- Жылы сөз адамды татуластырады, достастырады.
- Жақсы сөздерді бір - біріне жиі айту нәтижесінде өзара сыйластық артады.
ә/ Сондықтан да жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді бір - бірлеріңе жиі айтып жүріңдер.
б/ Ұстаздарға арналған жылы тілектерін айтады.

Ү. Жүректен - жүрекке.
- Жақсы сөздерді іштерінен қайталап, бір - біріне сыйлайды.
- Өлең шумағын айтады.
22 408
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаны саудың − тәні сау
Жаны саудың − тәні сау
Оқушылардың денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.
Жақсы сөз – жанға қуат (Өзін - өзі тану пәні 4 - сынып)
Жақсы сөз – жанға қуат (Өзін - өзі тану пәні 4 - сынып)
Бір күні мейірімді және сыпайы қоян көрші бақшада қырыққабатқа тойып алып, үйіне жиналып жатқанда, кенеттен түлкіні көріп қалады. Қоянның жүрегі дір етті. Қашу керек, бірақ қайда.
Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңі
Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңі
Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңі. Ақын өмірі мен туып өскен жері туралы мәлімет алады, «Туған жер» өлеңінің тақырыбын, идеясын ашады.
Менің отбасым
Менің отбасым
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Нұржан Наушабаев атындағы Затобол орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Жусупбекова Роза Қылышбайқызы
Жақсы сөз жанға қуат береді
Жақсы сөз жанға қуат береді
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясы Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Сайфеденова Қалжан Сайфеденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×