Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұқыпты бала - әдепті бала

24 тамыз 2014, Жексенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Ұқыпты бала - әдепті бала.
Сабақтың мақсаты: балалардың әдептілік, сыпайылық адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Ұқыптылық, жинақылық, әдептілікке туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жинақылыққа, әдептілік тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сыпайлық қарым - қатынасты дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Оқылық, дәптер, сабақтың дәйексөзі жазылған плакат.
Сабақтың типі: Білім, іскерлі, дағдыны дамыту сабағы.
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу;
- Қызығушылықты.
ІІ. Негізгі бөлім:
- Әңгімелесу;
- Жағдаяттар кезінде ойлану;
- Шығармашылық жұмыс;
- Мәтінмен жұмыс;
- Сергіту сәті;
- Шығармашылық жұмыс.
ІІІ. Қорытындылау:
- Есінде сақта;
- Рефлексия;
- Қорытындылау.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі сабақты мен жүргіземін.
Қызығушылықты ояту:
Бүгінгі сабағымызда «Ұқыпты бала - әдепті бала» тақырыбын жалғастырамыз. «Мен әдепті баламын, өйткені...» ойын жалғастырып, ұйқастырып өз ойларын білдіру арқылы алғашқы баладан басталып соңғы оқушыға дейін жалғасады.
Негізгі бөлім:
Әңгімелесу
Өткен сабақта жылы жүрек, жақсы тілектің адамы бақытты ететіні туралы айтқан болатынбыз. Бүгінгі сабақта ұқыптылық туралы әңгімелесеміз.
• «Өзара сыйластық»дегенді қалай түсінесіздер?
(адамдар бірін бірі сыйлап, құрметтеу).
• Әдептілік деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
(адам, бойындағы жақсы қасиет).
• Сендер қандай жағдайда, кімдерге көмек көрсете аласыңдар? (ата - анамызға үлкен кісілерге, достарымызға, жақындарымызға).
• Адамның әдептілігін қалай білуге болады?(оның іс - әрекетінен).
- Қазақ халқында өзінен үлкенмен, сондай - ақ жасы кіші, сыйлы адамдармен «Сіз» деп сөйлесу игі әдетке айналған. Бұл сыпайлықты, адамға деген сыйластықты, құрметті білдіреді. «Жалғыз ағаш орман болмас» деген халық мақалы бар. Сол сияқты жалғыз адам бір өзі адами қасиеттерін көрсете алмайды, оның адамдағы адамдармен бірге көрінісі.
Жағдаяттар кезінде ойлану:

І - жағдаят:
Ұланға әке - шешесі жұмысқа кетер кезінде:
- Балам, біз жұмыстан келгенше сабағыңды оқып болған соң, үйдің айналысын жинастыр, үйге су алып кел, - деп тапсырды. Ұлан сабағын оқып болған соң үйге оның достары Айдын мен Дидар келіп, Ұланды футбол ойнауға шақырды. Ұлан әке – шешісінің тапсырмасын орындарын немесе достарының көңілінен шығу керек екенін білмей дал болды.
- Ұланның орнында болсаң не істер едің?
- Ия, дұрыс айтасың, біз әрдайым үлкеннің айтқан тыңдап, оларды құрметтеуміз керек екен.

ІІ - жағдаят:
Жаңыл өзінің інісі Ернармен үйдің ауласында ойнап жүрді. Екеуінің тұсынан көрші үйдегі Гүлнардың анасы дүкенге келе жатыр еді, Ернар:
- Гүлнар бізбен ойнасын шақырып жіберші, - деді. Жаңыл інісінің сөзіне ұялып, Ернарға әлде нені түсіндіре бастады.
- Жаңыл не туралы айтты деп ойлайсыңдар?
- Ернардың орнында болсаң нем істер едің?
- Иә, балалар, үлкен - кішіні сыйлау, үлкеннің ақылын тыңдау, сөзге тоқтау - инабаттылық, сыпайылықтың көрінісі.
Шығармашылық жұмыс:
- Қазір сендер «Ұқыпты болу үшін» не істеу керек? Деген сұрақ төңірегінде ойланып отырып, кеңестер мен қағидалар жазасыздар.
Мәтінмен жұмыс: Оқулықтан М. Гумеровтың «Дәме» әңгімесін оқу.
Мәтін бойынша сұрақ:
*Ал сендер қалай ойлайсыңдар? Мүмкін бе? Неліктен?
Сергіту сәті:
1, 2 басымыз тік
3, 4 қол созамыз
5 - дегенді қолды сермеп
6 - деп партаға отырамыз
Әдептілік сақтап ойлаймыз
Әдептілік сақтап өрлейміз
Шығармашылық Жұмыс:
Оқушылар 3 топқа бөлінеміз.
1 - топ «Ұқыпты бала»
2 - топ «Ұқыпсыз бала»
3 - топ «Мен әдепті баламын» берілген тақырыптар бойынша тірек - сызба құрастыру.
Есіңе сақта:
- Сыныптастарыңмен санас, оларды құрметте.
- Басқалардың өзіңмен қалай қарым - қатынас жасағанын қаласаң, өзіңді нақ солай ұста.
- Сыпайы достық пейілмен сәлемдес.
- Сыпайлық, әдептілік ережелерін сақта.
Рефлексия:
- Ал балалар осы сабақтан не үйрендік?
- Өздеріңе қандай ой түйдіңдер?
- Кімнен үлгі алар едіңдер?
Қорытындылау: Сонымен, әдептілік деген не? Қане, әдептілік сөзін топтастырайықшы:
Ұқыпты бала

Тәртіптілік
Көмектесу
Сыйласу
Ата - анаңды тыңдау
Шыншыл болу
Кешірім сұрау
Адамгершілік
Өтірік айтпау

Шығыс Қазақстан облысы,
Семей қаласы Приречное ЖОББМ
Бастауыш сынып мұғалімі
Шакенова Карлығаш Кабыкеновна
37 626
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұқыпты бала - әдепті бала
Ұқыпты бала - әдепті бала
Оқушыларға әдептілік, сыпайылық адами қасиеттер туралы түсінік беру арқылы сүйіспеншілік құндылығын ашу.
Мен әдепті баламын
Мен әдепті баламын
Әдептілік – адам бойындағы ең асыл қасиет, әдепті бала ұқыпты, тілалғыш, шыншыл, қайырымды, еңбекқор, адал болады. Әрдайым таза жүреді. Автобуста үлкенге, жасы кіші балаларға орын береді.
Әдепті сөздер
Әдепті сөздер
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы Е. Ш. Орақбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хайруллина Ұлмекен Сейтқалиқызы
Әдептілік – әдемілік
Әдептілік – әдемілік
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Р. Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шарипова Орынтай Хасеновна
Әдепті балалар
Әдепті балалар
Баймбетова Мира Қуатжанқызы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Саға мектеп - бала бақшасының педагог - психологы
өзін-өзі тану
өзін-өзі тану
Павлодар қаласы Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна Пән: Өзін-өзі тану 3-сынып Сабақтың тақырыбы:Ұл бала мен қыз бала Сабақтың мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×