Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Армансыз адам – қанатсыз құспен тең

20 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Өзін өзі тану
Армансыз адам – қанатсыз құспен тең
Мақсаты: Оқушылар санасына арман туралы түсінік қалыптастыру, сөйлеу және тіл мәдениетін дамыту, білімділікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, нақыл сөздер

Жүру барысы:
1 - жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі тәрбие шарамызға қатысушы ұстаздар мен оқушылар!
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға,- деп толымды талант, сөз шебері Мұхтар ағамыз жырлағандай, адамға үміт отын жандыратын ол - арман. 2 - жүргізуші: Біз күн сайын «Нағыз өмір» туралы армандаймыз. Егер терең ойлайтын болсақ, шындығында адамға арман керек - ақ, ол бізге бағыт, күш - қуат береді, үмітімізді жалғап отырады. Сол айтпақшы, бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыз жарқын болашақтың бейнесі – АРМАН туралы болмақ.
Ендеше 10 б сыныбының дайындаған «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2 - жүргізуші: Мына өмірде жүрегіңде, бойыңда ыстық қан барда,
Болмысты да, болмасты да болады деп арманда,
- деп ақын Мұқағали да арман жайлы жырлаған...

1 - жүргізуші: Ал, Жыр керуені алға жылжыған сайын Мұхтар Шаханов шығармалары жарық жұлдыздардың қараңғы түн қойнауынан сәулесін шашқандай жарқырай түседі. Ақынның өзі жырлағандай адамға үміт отын жандыратын, үміт отын маздататын арман керек екенін сөз өрнегімен дәлелдеген. Міне, сол ақынның “Арман” атты өлеңіне назар салайық.

1 - жүргізуші: Әлихан, мен осы жерде арман туралы аңыз айтсам деп отырмын.
- Арман деген не? – деп жігіт қарияға сауал қойған екен. Сол кезде қария:
- Арман дегеніміз ақыл - ойдың шындығы. Құс – ұшсам дейді, бала – өссем дейді, қыз – көрікті болсам дейді, жігіт – жүректі болсам дейді, қарт – жүзге жетсем дейді, ұстаз – шәкіртіме үлгі болсам дейді. Арманға адаспаған жетеді, адасқан жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді, – деп қарт жауап беріпті.

2 - жүргізуші: Ақ қанатты құсым деймін сені,
Аспаннан жерге түсірмеймін сені.
Мәрмәрден мәңгі мүсіндеймін сені,
Ей, Арманым! – деп өнерге өзінің қайталанбас қолтаңбасын қалдырған сан қырлы талантты ақын Исрайыл ағамыз арманды ақ қанатты құсқа, мәрмәр мүсінге теңейді. ал, біздің сыныптастарымыздың арман туралы ойлары қандай екен? Осы жерден сыныптастарымыздың арман туралы пікірлерін білсек қайтеді?! (тақтаға сұрақтар шығарылады, оқушылар сол сұрақтар төңірегінде өз пікірлерін айтады)

1 - жүргізуші: Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,
Тыңдағанда, көңілдің өсері бар, – деп Абай ақын жырлағандай Желдібаев ағамыздың шығармашылығындағы күйлердің адамның көңілін көтерердей қасиеті бар. Ендеше, сол күйге кезек берейік
«Ерке сылқым» күйі Орындайтын: -----------------------

2 - жүргізуші: Арман – алға жетелейтін жарық жұлдыз, адам адал еңбек етіп, қиындыққа мойымай, қажырлылық танытқанда ғана өз мұратына жетеді, яғни арманы жүзеге асады. Әйтпесе, арман қиялға айналып, келешектің қамы болмай, ақиқат өмірден алыс, тек ойлап қана ұғатын адам санасындағы әлемге айналады.

1 - жүргізуші: Иә, қай адамда болсын өзiнiң арманы болады. Сол армандарына жеткiсi келеді. Арманына жету үшін алдына үлкен мақсаттар қояды. Егер, адамның арманы болмаса, ол алға ешқашан жылжымас едi. Армансыз адам - қанаты жоқ құспен тең дегендей, қанатсыз құс секiлдi ешқашан биікке ұша алмайды. Адам баласы армандау арқылы ғана жетістікке жетеді екен. Менің бұл сөзімді мына бейнеролик те растайды. (тақтада бейнеоролик көрсетіледі)
2 - жүргізуші: Осы көріністен кім не түйді? Бейнероликтегі қытайлық қыз бен жігіт денсаулығына қарамастан балет өнері арқылы өз арманына жетті. Адамға өз арманын жүзеге асыру үшін қандай құндылықтар қажет деп ойлайсыңдар? Арманды адам мүмкіндігімен шектеуге болама? Неліктен??
(1 - 2 оқушы бейнероликтен түйген өз ойын айтады)
1 - жүргізуші: Өмірдің алды - ыстық, арты - суық,
Алды ойын, арт жағы мұңға жуық.
Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен,
Өмір сәуле көрсетер судай тұнық.
Ән: «Жалған дүние» Орындайтын: Әміржанов Арбол

2 - жүргізуші: Адамды санай берсең, көп арман да,
«Мінсіз бақ, сансыз дәулет» деп арманда
Мергенге түзу мылтық, оқ арманда
Тамақсыз табысы жоқ кәріптерге
Жалғыз күнгі тамақтың тоғы арман да. (Ш. Құдайберді)

1 - жүргізуші: Шың басына тұрсын мейлі қар құйып,
Дүниеде нелер биік – Ар биік.
Көк жалғызы – ай да менің арманым,
Арманым ғой әлемдегі бар биік.
Достар, сіздердің осы тәрбие сағатынан түйген өз ойларыңызды сіздердің шығармашылықтарыңыз бойынша түйіндесек.
(оқушылар өздерінің қиялындағы арман бейнесін қағаз бетіне түсіреді)
Шығармашылық тапсырма

2 - жүргізуші: Арман деген көп белес – біріне шықсаң, бірі бар деп Ғабит ағамыз адам арманының шексіз екендігін айтады. Осы бүгінгі тәрбие сағатынан түйгеніміз – бәрі де өз қолымызда!!! (бейнеролик көрсетіледі)
1 - жүргізуші: Талмасын қанат, сөнбесін үміт
Армандар алға жалғасын
Соқса да дауыл, өрт болсын өмір
Қанаттар балғын талмасын

2 - жүргізуші: Арманға бірге барайық,
Әуелеп әнге салайық.
Қазақ елінің кірпішін
Бәріміз бірге қалайық.
1 - жүргізуші: – - Армандарыңыз орындалсын! Біліммен, өнермен алға самғаңыздар! деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз!

Қорытындылау үшін сөз кезегі апайларға беріледі.
2 - жүргізуші: Сіздерге, отбасыларыңызға амандық, заманға тыныштық тілей отырып, көріп тамашалағандарыңыз үшін рахмет айтамыз.
12 111
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен және менің мамандығым
Мен және менің мамандығым
«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» дейді дана халқымыз. Адам өмірге келген соң, алдына мақсат қойып, үлкен арманға қанат қағады. Сол арман оны биікке жетелеп, үлкен белестерге шығарады. Сол арман оның өмірден өз орнын табуға көмектеседі.
Бәрі сенің қолыңда
Бәрі сенің қолыңда
Алдағы емтиханды жақсы тапсыру, сенімін арттыру, қобалжымау.
Біздің тұңғыш Елбасы. Наш первый Президент
Біздің тұңғыш Елбасы. Наш первый Президент
Бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Болашақта кім боламын?
Болашақта кім боламын?
Жолаушы Ғалымбек 9 жаста Шығарма Болашақта кім боламын?
Қолданбалы курс (авторлық бағдарлама)
Қолданбалы курс (авторлық бағдарлама)
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Ерім Гүлнар Жолдыбайқызы
Армандай  білеміз бе?
Армандай білеміз бе?
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, "Сымбат" жеке мектебі бастауыш сыныбының І санатты мұғалімі Макуова Нуршат Аманкосовна Тақырыбы: Армандай білеміз бе?
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×