Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қолданбалы курс (авторлық бағдарлама)

07 ақпан 2013, Бейсенбі
Түсінік хат
Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,
Өкінем ұқсата алмай келемін деп,
Күніне жүз ойланып мың толғанам,
Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп.
(Қ. Аманжолов)

Бұл бағдарламада қазақ әдебиетінде өзіндік өрнек салып, оқырмандарды өздерінің ғажайып жырларымен сусындата білген Қ. Аманжолов, Т. Айбергенов, М. Шаханов, М Мақатаев хақында терең білім беру көзделеді. Алғашқы тоқсанда Қасымның қазақ әдебиетінен алатын өзіндік орны, оның нөсердей селдеткен, алмас семсердей жарқылдаған, оттай лаулаған, жалындай жандырған ғажайып поэзиясы, қандай да бір ерекше талантты деген композиторлармен иық тіркестіре алатын нәзік әуезді әндері, өзінің де композиторлық ерекшелігінің маңызы жайында сөз қозғай отырып, ұлы тұлғаларды қадірлей білуге баулу. Ақынның орыс әдебиетін, орыс поэзиясын терең білуі, ғажайып аудармалары туралы әңгімелеу. Шевченко, Пушкин, Твардовскиймен қоса Низамидің «Ләйлі - Мәжнүнін» аударғандығы жайлы мәлімет беру.

ІІ тоқсан. Төлеген Айбергеновтың өмірі мен қызметі, оның жырларының қазақ өлеңіне ірі бетбұрыс әкелгені, ол бетбұрыстың басты мәні - ақын өлеңдерінің әдемі сезімге құрылатындығында, мөлдірлігі мен бейнелілігінде екенін түсіндіру. Өзімен тұстастар мен өзінен кейінгілер поэзиясына ерекше әсері, өз заманындағы «Төлеген мектебінің» ізгі дәстүрі, айрықша қымбат ақындық мұрасы жайлы әңгімелеу.
Не жақсылық болса алдымен елге болсын дегенсің,
Сондықтан да сенің даңқың, сенің салтың көгерсін.
Сайын далаң жырыңды еске ап күлкісін сәл шегерсін.
Әр жүректе бұлтқа оранған қасиетті бір шың бар,
Ол - ақындық мәрттік шыңы, Айбергенов деген шың
.............................................
Ұлт рухы қай кезде де қанаттыға астана, Айбергенов шыңын көрсең, атыңнан түс, жас бала!
М. Шаханов

ІІІ тоқсан. М. Шахановтың қазақ поэзиясын ізгілік, имандылық, биік адамдықты жырлайтын балладалармен байытуы, қоғамдық қызметі, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты Орталықтың жантүршігерлік, іс - әрекетін айдай әлемге әшкерелеуге мұрындық болуы, Аралды құтқару жөніндегі істері, азаматтық келбеті жайлы білімдерін байыту. Шығармаларындағы ақыл, өсиет, үлгі - өнегесі, адамзатты бір - бірін түсінуге, әсіресе дарындарды түсінуге шақырған үні, ұрпақ қамы туралы ойларын ұғындыру.

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда.
Үлкен арман керек екен адамға.
М. Шаханов.

ІV тоқсан. Мұқағали мұрасының шынайы поэзиядан тұратыны, 1960 - 1970 жылдардағы қазақ поэзиясын биік шыңға көтерген сырлы да сазды, мұңды да қуатты жырлары, қуаныш пен қайғы, үміт пен мұңға толы өмір жолы, шығармашылық тағдыры жайлы сөз қозғай отырып, оның нағыз талант иесі екенін дәлелдеу.
Ойлы жас! Өлең менің сырласымдай,
Сырлассам да құмарым тұр басылмай.
Айтып өткен ақында арман бар ма,
Жүрегінің түбіне кір жасырмай.
М. Мақатаев.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
37 086
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Күнделікті сабақ жоспары Қ. Аманжолов «Дауыл»
Күнделікті сабақ жоспары Қ. Аманжолов «Дауыл»
Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай жасау, «Дауыл» өлеңі жайлы түсінік беру, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев
Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы Марат Қаниев Амандықұлы
Төлеген Айбергенов «Ана» өлеңі
Төлеген Айбергенов «Ана» өлеңі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Қасым Аманжолов "Өзім туралы" өлеңі
Қасым Аманжолов "Өзім туралы" өлеңі
Қызылорда қаласы, №138 Абай атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Койшыбаева Айгерим Нурлановна
Қасым Аманжолов Өзім туралы
Қасым Аманжолов Өзім туралы
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы «Шетпе гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Көшкінбаева Динара Мусағалиқызы
Төлеген Айбергенов "Жан еді өлең үшін дара туған" (электронды оқулық)
Төлеген Айбергенов "Жан еді өлең үшін дара туған" (электронды оқулық)
Қазақтың біртуар ақыны Төлеген Айбергенов аз ған ғұмырында қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосты. Қазақ поэзиясының дамуына атсалысты. Қазақ әдебиетінде оны Фариза Оңғарсынова, Мұқтар Шаханов, Тынышбай Рахым сияқты әдебиет майталмандары ұстаз санады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×