Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бәрі сенің қолыңда

16 ақпан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Психология
Өткізген мектеп психологі:
Алигожина Камшат Габдулманапқызы

Мақсаты: Алдағы емтиханды жақсы тапсыру, сенімін арттыру, қобалжымау.
Қажетті құрал жабдықтар: Ақ парақтар, қаламсап, интерактивті тақта, жаңғақтар, банка, әр түрлі көлемдегі шарлар, «Мен ағашы» тақырыбындағы үлкен ағаштың суреті салынған плакат, үнтаспа, майшам.
Барысы:
Бүгінгі тренингіміздің сәтті өтуіне тілектеспін, қазір ережелер қабылдайық:
ЕРЕЖЕ:
1. Біз - бірімізді тыңдаймыз сөз бөлмейміз
2. Көрсетілген қол ережесіне сай топтан біреу ғана сөйлейді
3. Берілген тақырыптан ауытқымаймыз
4. Уақыттық шекараны сақтаймыз.
5. Басқаның да пікірін сыйлай білеміз

1. жаттығу. Шаттық шеңбер «Кім?»
Оқушылар шеңберде тұрады.
Жүргізуші «Кімнің аты А - дан басталады?», «Кім жанұясында бірінші бала?», «Кім жасыл түсті ұнатады?», «Кім осы мектепте 1 сыныптан бастап оқып жүр?», «Кім ҰБТ - дан қорықпайды?» деген сұрақтар қояды, оқушылар өздеріне қатысты болса, алдыға шығып, өзгелермен орын ауыстырады.

2. жаттығу. «Баспалдақ»
Қандай қорқыныштарың, үрейлерің бар алдыңғы өмірлеріңде? Алдарыңдағы келе жатқан ҰБТ - ға деген үрейлерің, қорқыныштарың бар деп ойлаймын, сол үрейді кезең - кезеңдерге бөлейік, яғни қай уақыттарда қорқыныштарың артып кетеді. Алдарыңдағы қағазда 7 сатылы баспалдақтың суреті жатыр, сендер әр сатыға осы бүгінгі күннен бастап үрейлі мезеттерді елестетіп, белгілеп жазыңдар, мысалы алдыда 3 ай уақыт қалды, яғни 3 ай бұрын деп бастауға болады, 1 ай қалғанда, 1 апта қалғанда, 1 күн қалғанда, 1 сағат қалғанда деген сияқты өздерің жазып көріңдер. Өз қорқыныштарыңды белгілей алдыңдар, енді сол қорқыныштардың өткінші екенін, оны жеңе білуге болатынын көрейік.

3. жаттығу. «Сенімділік» жаттығуы.
Мақсаты: Оқушыны стрестік жағдайдан арылтып, сенімділікке үйрету.
Шарты: Оқушыларға бос ақ парақ таратылады. Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1, 2 деп белгілеп бірінші бөлікке жағымды қасиеттерін, екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазу керек те, ортасынан қырқылып алынады. Жағымды қасиеттерін өзінде қалдырып, жағымсыздарын қатты мыжып, қоқыс жәшігіне салады.

Сергіту сәті

4. Жаттығу. «Бәрі сенің қолыңда» Ерте заманда бір керемет білімді ұстаз болыпты, оның білмейтіні жоқ екен, сол кісінің бір оқушысы ұстазын тексеру үшін, бір сұрақ қойыпты. Бір алақанына көбелек жасырып ұстап, екі қолына артына тығып, ұстазынан «Менің қолымда өлі көбелек пе, әлде тірі көбелек пе?» деп сұрапты, сонда ұстазы: «Бәрі сенің қолыңда» деп салмақты ғана үнмен жауап беріпті.
- Сендер осы әңгімеде не ұқтыңдар? «Бәрі сенің қолыңда» деген сөз нені білдіреді? Сендерге қатысы бар ма осы сөздердің?

5. жаттығу. Релаксация «Мен жолым болғышпын»
Жайлы әуен ойнап тұрады, балалар көздерін жұмып отырады, жүргізуші келесі сөздерді айтады: «Көздеріңді жұмыңдар, көз алдарыңа аспандағы «Мен жолы болғыш адаммын» деген жазуды елестетіңдер, осы сөздер қандай әріптермен жазылған екен, егер жазу ұғынықсыз, бозарып, анық болмай тұрса, үлкен әдемі әріптермен қайтадан жазып көріңдер, осы жерде «Мен жолы болғыш адаммын» деген өз дауыстарыңды естуге тырысыңдар, қандай сенімді, анық, әдемі айтылған сөздер. Өз жолы болғыштығыңның иісін сезініңдер, сен және сенің жетістігің біртұтас екеніңді сезініңдер, енді көздеріңді жайлап ашыңдар»
Не сезіндіңдер?

6. жаттығу. Тілек - сандықшасы.
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға - деп М. Шаханов жырлағандай Әр шәкірттің жүрегінде «Үлкен арман - тілегі бар». Сол тілектеріңізді алдарыңыздағы парақшаларға жазып, құпия түрде «Тілек – сандықшасына» саламыз. Осы сандықшаны сынып жетекшісіне тапсырамыз, ол ата - аналарыңа осы тілектеріңді жеткізеді.

7. жаттығу. Рефлексия «Майшам»
Менің қолымда майшам, сендердің оттарыңда сөнбесін әрдайым жанып тұрсын деп тілеймін, мен сендерге ҰБТ - ны жақсы тапсыруларыңды тілеймін, мына майшаммен өз сыныптастарыңа жылы лебіздеріңді білдіріп, табыс пен жетістік тілеңдер.
8. Марапаттау:
* Көзге түскен балаларды жеке марапаттау:
4 451
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің отбасым - сыйластық, жарастық орнаған ортам
Менің отбасым - сыйластық, жарастық орнаған ортам
Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Менің отбасым - сыйластық, жарастық орнаған ортам
Менің отбасым - сыйластық, жарастық орнаған ортам
Психолог: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар, оқушылар және әріптестер. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып,
ҰБТ – ге оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау
ҰБТ – ге оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау
Релаксация: Құрметті оқушылар, әуелі орындарыңыздан тұруыңызды сұраймын. Енді денелеріңізді еркін бос ұстап, тұла бойларыңызды бос тастап, миларыңызды тынықтырып терең демалып, ішкі дүниедегі жағымсыз нәрселерді сыртқа шығарып тастаңыздар!
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы, №4 Булаево орта мектебі Казбекова Гулназ Мусетқызы
Мен мамандық әлеміндемін
Мен мамандық әлеміндемін
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің психологы Саухимова Жансая Серікбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×