Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен және менің мамандығым

02 ақпан 2017, Бейсенбі
Категориясы: Психология
«Совет Одағының Батыр Мәди Бегенов атындағы
жалпы білім беретін орта мектеп ММ» - нің
педагог - психологы
Исаева Зауре Муфтыевна

Мен және менің мамандығым

Жоспар:
1. Менің арманым
2. Психолог – адам жанының зерттеушісі
3. Менің міндеттерім

«Адам жанын түсіне білу, оны зерттей білу - үлкен өнер»
З. Фрейд.

«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» дейді дана халқымыз. Адам өмірге келген соң, алдына мақсат қойып, үлкен арманға қанат қағады. Сол арман оны биікке жетелеп, үлкен белестерге шығарады. Сол арман оның өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Мен де кішкентай кезімнен алдыма үлкен мақсаттар қойдым. Аялап өсірген ата - анам мен оң - солымды танытқан ұстаздарымның арқасында алдыма биік мақсаттар қойып, сол мақсатқа жету үшін аянбай күресуді үйрендім. Сол армандар жетегінде өзімнің болашағымды елестеттім. Сол арманымның бірі – психолог болу. Абай атамыз айтқандай «дүниенің кетігіне кірпіш болып қалану үшін», яғни өз арманым психолог болу үшін, жоғары оқу орнына түсіп, маман атандым.
Ал осы психолог деген кімдер? Менің ойымша, психолог адам жанының зерттеушісі. Психолог болу үшін адамның жан дүниесіне үңіліп, оны терең зерттеп, түсіну қажет. «Мен бір жұмбақ адаммын» оны да ойла — дейді ұлы Абай. Абай ғана емес, әрбір адам жұмбақ. Психолог - сол жұмбақтың жауабын шешіп, әрбір жанның құпия кілтін ашып, сол жанның өміріне бағыт - бағдар беретін ғажайып жандар. Әрбір адамның жанары сырға толы. Әрбір адамның жүрегі құпияға толы. Сол сырға толы жанарларға үңіліп, оның сырын ұғынып, құпияға толы жүректерге жақын келіп, оның құпиясын ашуға, қиналған жандарға қол ұшын созуға дайын тұратын бірден - бір жан болса, олар психологтар. Психолог болу әрі қызық, әрі қиын.
Бұл қандай мамандық? Мен оны алып жүре аламын ба? Ия. Алғаш осы мамандықты таңдағанда осы сұрақтар мені жиі мазалайтын. Бірақ мен бұл сұраққа да жауапты оңай таптым. Менің ойымша, психолог болу, алдымен, өзіңді өзің тану. Адамның жанын зерттеп, оны түсінетін сала болса, ол әлем — психология әлемі — жан туралы ғылым. Жаны ауырған адамдардың жан жарасын емдеп, сондай жандардың дертіне дауа болатын психологтардың міндеті өте ауыр. Өйткені қазақта «жан жарасы жазылмайды» деген сөз бар. Ал психолог осы жазылмайтын дертке дауа іздеген жан дәрігері. Бүгінгі күні тән ауруын дәрігердің шипасы емдесе, жан ауруын психолог маман емдей алады. Әр адамның жүрегіндегі мұңды сезіп, ойды танып, дұрыс жол сілтей білу, адамнан тек мамандықты талап етпейді, адамға деген мейірімділік пен ізгіліктен туындайды. Сонда психолог деген қиналған адамдарға қол ұшын созатын, өзгелердің жанына шипа іздейтін, ешкімнің жанын ауыртпайтын, жаны ауырған жандарға қол ұшын созатын ғажайып жандар.
Енді мен өзім психолог ретінде алдыма қандай міндет қойдым. Менің алдыма қойған міндетім – жақсы психолог болу. Жақсы психолог болу үшін не қажет? Ең алдымен, терең білім, еңбек, дәлдік, ұқыптылық, бастамашылдық, қойған мақсатына жетуге деген өз күшіне сенімділік. Ал, психолог мамандығы бұдан да гөрі зор қасиеттерді талап ететінін еңбек ету барысында сезініп, білудемін. Ең маңызды қасиет ол мәселені шығармашылықпен шешетін терең интуицияның болуы. Психолог - басқа адамның мәселесіне еніп, түсіне отырып, өзі бірақ бұдан зардап шекпейтін мықты тұлға. Өз өмірін тәжірбие ретінде қолданбайтын, әр нәрсеге обьективті түрде қарай алатын, өзгелермен бірге қуана да, қайғыра да алатын терең эмоционалды, жоғарыда айтқандай бірақ өзі бұдан зардап шекпейтін жан. Қазір мен мектепте психолог бола жүріп, әрбір күн сайын, кездесетін қиыншылықтар мен проблемаларымен бетпе - бет кездесіп өз білімімді шыңдау, іздену үстіндемін. Бұл мен үшін психология мектебі. Біздің қоғамымыздың ең негізгі байлығы – адам. Біздің өмір сүріп отырған қоғамымыз өте күрделі, қарқынды. Сондықтан қазіргі кезең - жауапкершілігіміз күннен күнге артып келе жатқан кезең. Адамдардың күнделікті өмірдегі қиыншылығы, оқушылардың мінез - құлқының өзгеруі, интернет желілеріндегі түрлі ақпараттар... Бұлар біздің қоғамымыздағы өзекті мәселеге айналып отыр. Осындай жағдайда психолог мамандардың жауапкершілігі бірнеше еселеп өсетінідігі айтпаса да түсінікті. Ыбырай Алтынсарин өзінің «Бақша ағаштары» атты әңгімесінда «бағу – қағуда көп мағына бар» екенін айтады. Мектеп жасындағы бала бақшаға жаңа отырғызылған көшет тәрізді. Оған көп күтім керек. Ал сол күтімді ата - аналармен, ұстаздармен қосып психолог мамандар да жасау керек.
Мен жұмыс барысында көптеген психолог — ғалымдардың, ойшылдардың еңбектерімен танысып, халқымыздың ұлттық тәрбиесі негіздерінде бүгінгі психологтар қажетіне жаратар көп қазына бар екендігіне көзім жетті. Шығыстың аристотелі атанған ұлы бабамыз Әл - Фараби «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп көрсеткен. Бұл мақсатта, әсіресе, психолог мамандарға үлкен міндеттер жүктелген. «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деген халық сөзіне сүйене отырып, әрбір оқушыны жеке тұлға деп танып, ғылыми, рухани мұраларды игерген, шығармашылық ой — өрісі бар, компютерлік сауаттылығы мен ақпараттың мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу бүгінгі күннің ең негізгі мақсаттарының бірі деп ойлаймын. Сондай - ақ қазіргі қоғамда жасөспірімдердің арасындағы әр түрлі келіспеушіліктер, ата - ана мен бала арасындағы кикілжің, ұстаздар мен оқушы арасындағы реніштер баланың жан дүниесіне теріс ықпалын тигізеді. Бала өз кемшілігін дұрыс түсінбей, өзімдікі дұрыс деп ойлап, басқаларға ренжіп, бұның соңы қайғылы жағдайларға да әкеліп жататыны жасырын емес. Осы орайда әрбір оқушымен жеке - жеке жұмыс жасап, әрбір ұстазбен пікірлесіп, ата - анамен кездесіп, мәселенің түйінін шеуге тиіспін деп ойлаймын.
Қорыта келгенде, психолог – адамдардың жан – дүниесіне оң ықпалын тигізетін, оларға қолдау көрсететін, жараланған жүректерге дауа болатын құрметті жандар. Мен өз еңбегім мен білімімді осы жолға аянбай жұмсап, әр адамның қуанышынан өзіме ләззат алып, өзгелерді қуантуға бар күш - жігерімді жұмсаймын.
6 707
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің арманым
Менің арманым
Арман қиял жетелейді алысқа, Армандайды бала қиял шарықтап. Әкім болып ел басқару арманым, Іске асырып тілектерін халқымның.
Ұстаз болу - борышым (эссе)
Ұстаз болу - борышым (эссе)
«Ұстаз болу – өз бақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»- деп, Ж. Ж. Руссо айтқандай, өзінің бар білгенін аямай, өзгенің бақытына қуана білетін ұстаз болу, мен үшін үлкен арманым, алдыма қойған мақсатым болатын.
Менің педагогикалық ұстаныным
Менің педагогикалық ұстаныным
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №30 "Гүлдер" бөбекжайы тәрбиешісі Дербисова Жадыра Саниязовна
Армансыз адам – қанатсыз құспен тең
Армансыз адам – қанатсыз құспен тең
Атырау облысы, Исатай ауданы, Ғ. Мәсәлімов орта мектебінің Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Рахметова Батима
Оқушылар шығармашылығы
Оқушылар шығармашылығы
Оқушылар шығармашылығы
Болашақта кім болам?
Болашақта кім болам?
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А. С. Макаренко атындағы № 6 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 сынып оқушысы Өтепкалиев Нұржан Ерболұлы 11 жас Қатысатын бәйгесі: шығарма конкурсы (шығарма жазудан) Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Ракишева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×