Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Су – өмір көзі

24 қараша 2015, Сейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Павлодар облысы, Ақсу қаласы,
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы
Өзін - өзі тану мұғалімі Бакирбекова Гүлбану Абусыздыковна

Өзін - өзі тану пәні бойынша сабақ жоспары, 4 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Су – өмір көзі
Мақсаты: Табиғаттағы судың күйі, пайдасы туралы білу.
Судың тіршілік көзі ретіндегі маңыздылығын түсіну.
Табиғаттағы өзекті мәселелерді шешуге атсалысуға дағдыландыру.

Құндылықтар: судың пайдасы мен маңызын біле отырып, қамқорлық жасау, ата - бабасының туған жеріне деген құрметін
қалыптастыру, табиғатты қорғау.
Сілтеме: Өзін өзі тану оқулығы, суреттер, «Судың құпиясы» туралы бейнефильм
Әдіс - тәсілдер: Диалогты оқыту; Оқуды және оқыту үшін бағалау; постерлер; жұптық және топтағы бірлескен жұмыс.
Ресурстар: Постер, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, журнал газеттерден түрлі суреттер, компьютер, проектор, желім, қайшы, музыка

Сабақтың өтілетін уақыты: 45 минут

Сабақ жоспары
1. Ұйымдастыру: шаттық шеңбері
2. Сабақ барысы:
3. Рефлексия
4. 4. Үйге тапсырма

Блум бойынша жіктеу:
І. Білу: Шаттық шеңберіне тұру, оқушыларды ынтымақтастыққа баулу арқылы жағымды ахуал орнату Тапсырма түрі. Түрткілер: Оқушылар бір - біріне жақсы тілектер айта отырып, ойыншықты бір - біріне береді. Оқушылар қызыл, ақ, сары ыдыстағы шырынды ішуге шақыру. Оның дәмі, түсі туралы ойларымен бөлісу. Шырын мен суды салыстыра қортынды жасау.
Бағалау: Оқушылардың ерекше, құнды пікірлерін мадақтау

ІІ. Түсіну Судың пайдасы мен маңызы туралы ақпаратты меңгеру
Жұмбақ жасыру арқылы тақырыпты табу, мақсат қою (Жылт – жылт етеді, жылғадан өтеді)
Ыдыс түсіне сәйкес 3 топқа бөліну. Әр топқа берілген тапсырма бағыты бойынша ойларын постерге түсіріп, бөлісу.
1 - топ: Су - тазалық көзі; 2 - топ: Су - денсаулық кепілі; 3 - топ: Су - табиғат көркі;
Берілген тақырып бойынша оқушылар ақпаратпен бөлісе отырып, дәлелдерін келтіреді. Әр топ жеке постерін қорғайды. Басқа топтар сұрақ қойып, толықтыруға болады

Бағалау: Судың қасиетін, пайдасын, күнделікті өмірдегі маңыздылығын аша алды 3 ұпай
Судың қасиеті пайдасын, күнделікті өмірдегі маңыздылығын жартылай аша алды – 2 ұпай
Судың қасиеті пайдасын, күнделікті өмірдегі маңыздылығын аша алмады - 1ұпай

ІІІ. Қолдану Судың қасиеттерін ашу арқылы «Таза бұлақ» әңгімесін 3 топқа бөліп оқыту, меңгерту.
3топ 3 жолаушының пайымдауын адамның бойындағы жақсы қасиеттермен салыстыра сипаттайды.
Оқушылар постерге «судың тазалығы ол - адамның мынадай........ қасиеттеріне ұқсайды»,
«су тынымсыз, ол - адамның келесі.................. қасиеттеріне ұқсайды,
«су шөл қандырады, ол – адамның мына...... қасиеттеріндей» дегендей өз ойларымен бөліседі
Бағалау: 2 жұлдыз, бір тілек арқылы бір - бірін бағалайды. Әр топтың ерекше ойларын, ұнаған пікірлерін жаза
отырып, өз ұсыныстарын білдіру

IV. Талдау «Өзіммен – өзім»әдісі арқылы білімін тәжірибеде қолдана алуын қалыптастыру.«Өзіммен - өзім» әдісінде жайлы музыка қоюға болады. Оқушылар жайланып отырады. Көздерін жұмса да болады. Мұғалім ойға беріліп, қиялдарын шарықтатып, туған жерімізді шарлап шығуға шақырады. Мұғалім оқушылардың туған жердің көркем де әсем табиғатына тамсанып қана қоймай, еліміздің экологиялық ахуалын қалай жақсартуға болатынын, қандай нақты шаралар жасау керектігін, өздерінің қандай ұсыныс немесе жоба ұсынатындарын ойлануды тапсырады. Оқушылар бастапқы қалыпқа келген соң өз ойларын топта ортаға салып, ұсыныс немесе жобаларын жария етеді

Бағалау: Табиғаттағы экологиялық ахуалды жақсартуға нақты пікірлер мен ұсыныстар айтылды, іске асыру жеңіл болады - 3 ұпай;
Табиғаттағы экологиялық ахуалды жақсартуға нақты пікірлер мен ұсыныстар айтылды,
бірақ іске іске асыру оңай болмайды - 2 ұпай;
Табиғаттағы экологиялық ахуалды жақсартуға пікірлер мен ұсыныстар айтылды, бірақ іске асыру мүмкін емес - 1 ұпай.

V. Жинақтау Алған білім мен тәжірибе негізінде ой қорыту, тұжырымдама жасауға дағдыландыру.
Экран арқылы «Судың қасиеттері» атты мультфильм көрсетіледі, судың тапшылығы, суға келтірілген зиян туралы ой қозғалып, оқушылардың пікірлері мен ұсыныстары, қорытындылары тыңдалады.
Оқушылардың ойын жинақтап қорытындылау мақсатында тамшыларға «Егер мен су болсам адамдардан не өтінер едім?» сауалына жауап жазып, олардан көл жасайды.

Топтар бір - бірінің жұмысын бас бармақ арқылы бағалайды.

VI. Бағалау «Жүректен - жүрекке» әдісі арқылы ойын жинақтауға ықпал ету. Бір - бірінің жақсы қасиеттерін байқап,
жазу. Oқyшылap ақ параққа өз алақанының суретін салып жақсы бір қасиетін жазады. Жоғарғы жағына атын жазып қояды. Мұғалім қолымен бір рет шапалақтаған кезде, оқушылар қағаздарын бір – бірлеріне беріп, жанындағы оқушының жақсы қасиетін жазады. Mыcaлы: ceнiң кеңпейілділігің ұнайды, себебі...........................
Барлық оқушылар жазып болған соң, жазылған қағазды өздеріне естелік ретінде алып қалады. Барлығы алақан суретін алып, шеңберге тұрады. Әрқайсысы өзіне ұнаған бір қасиеттен оқып шығады. Ең соңында оқушылар бүгінгі жақсы күн, жақсы жұмыстары үшін өздеріне шапалақ соғады.
4 896
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Су. Табиғаттағы су айналымы
Су. Табиғаттағы су айналымы
Судың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын түсіне отырып, оны қорғауға, үнемді пайдалануға үйренеді.
Су. Судың күйі, қасиеті
Су. Судың күйі, қасиеті
Оқу мен оқытудың тиімді тәсілдерін қолдану, тәжірибе жасауда су қасиеттерін дәлелдеу; су туралы оқушылардың білімдерін тиянақтау, сөздік қорын, тіл байлығын, логикалық ойлауын, жүйелі баяндауын, есте сақтау қабілетін дамыту. Табиғатты сүюге, оны
Магниттік өзара әрекеттесу. Эрстед, Ампер тәжірибелері. Магнит өрісінің күш сызықтары
Магниттік өзара әрекеттесу. Эрстед, Ампер тәжірибелері. Магнит өрісінің күш сызықтары
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектебінің Физика пәні мұғалімі Отегенов Бахтияр Жуманазарович
Cу – тіршілік негізі
Cу – тіршілік негізі
Бастауыш сынып мұғалімі Ибрашева Гулжамал
Табиғаттағы су айналымы
Табиғаттағы су айналымы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ү. К. Томанов атындағы № 183 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жұмағалиева Азимаш
Табиғаттағы су айналымы
Табиғаттағы су айналымы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Медеуова Шалқы Бақытжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×