Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім – ақиқиат бастауы

06 қаңтар 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Атырау обылысы, Исатай ауданы,
Село Тұщықұдық, Чапаев бастауыш мектебінің
өзін - өзі тану пәні мұғалімі
Нұрмұханова Гүлшат

Сабақ мақсаты: Балалардың «Өмір» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- Білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру:
- Білімге, оқуға қызығушылықтарын арттыру;
- Алған білімді өмірде дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар
Оқулық, дәптер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»
«Т» ұстанымын еске түсіру
1. Тәртіп
2. Талап
3. Тазалық
4. Татулық
5. Тыныштық

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
«Ата өсиеті» әңгімесін мазмұнын айтып талдау.

Мәтінмен жұмыс:
Оқушыларға білімнің адам өміріндегі мәнін ұғындыру мақсатында «Білім мен тәжірибе» аңыз әңгімесін оқып талдау жүргізу.
- Данышпанның өз шәкіртімен жарысқа түсуінің мәні неде?
- Ұстаз шәкіртіне дұрыс өмір сүруді қалай үйретті?
- Білімді өмірде қалай дұрыс қолдануға болады?

Дәйексөз:
- Қазақтың ірі рухани тұлғасы Ш. Құдайбердіұлының
- «Талаптан да, білім мен өнер үйрен, Білімсіз, өнерсіз, болады ақыл тұл» - деген сөзін тақтаға жазып мағынасын түсіндіру
-
Дәптермен жұмыс:
Дәптерде берілген тапсырманы орындап жария ету

Тапсырма:
Мақал мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып айту,
Оқу - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы.
Оқу инемен құдық қазғандай.
Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар.
Білімдіге дүние жарық.
Оқымасаң білім жоқ

Ойын:
Оқушылардың білім туралы мақал – мәтелдерді білуін байқау мақсатында «Алғырлар мен Білгірлер» ойыны ұйымдастырылады
1. Ақыл тозбайтын тон, (Білім таусылмайтын кен)
2. Білімдіге дүние жарық, (Білімсіздің күні ғаріп.)
3. Білім – арзан, (Білу – қымбат.)
4. Оқу білім бұлағы, (Білім - өмір шырағы )
5. Оқысаң озарсың, (Оқымасаң тозарсың)
Шығармашылық жұмыс:
«Білім әлемі» тақырыбына коллаж жасау немесе әңгіме жазу.

Жүректен жүрекке.
Балалар шеңбер құрып тұрып бір – біріне жақсы оқу мен білім алу арқылы болашақта үлкен маман иесі болуына сенім білдіру арқылы Д. Әлімжановтың өлең жолдарын оқиды
Білім іздесең,
Кітаппен таныс,
Еңбегің еш болмайды.
Ақыл іздесең, Адаммен таныс,
Өнерің кеш қалмайды.

Әлеует:
А. Хамза ұлы «Үміт»
Соңғы тыныштық сәті:
7 947
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жарасымды қарым - қатынас
Жарасымды қарым - қатынас
Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу арқылы жарасымды қарым - қатынас туралы оқушылардың түсінігін кеңейту.
Бақыт құшағында
Бақыт құшағында
Барды қанағат тұту, жалпы адам бақыты туралы түсіндіру. Ішкі тыныштық құндылықтарын дамыта отырып, жақсы азамат болуға дағдыландыру.
Өмірді танып білуге құштарлық
Өмірді танып білуге құштарлық
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Әріпова Марал
Ғаламшар ғажаптары
Ғаламшар ғажаптары
Өзін өзі тану пәні мұғалімі Мустафина Гульмира Куанышевна
Ақыл - жастан, асыл - тастан
Ақыл - жастан, асыл - тастан
Қарағанды қаласы, №21 негізгі мектепте бастауыш сынып мұғалімі Базылова Данагүл Дюсенбайқызы
Татулық - бірлік бастауы
Татулық - бірлік бастауы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×