Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өзімді өзім танумен өсіп келем...

21 қазан 2018, Жексенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
5 сынып
Тақырыбы: ӨЗІМДІ ӨЗІМ ТАНУМЕН ӨСІП КЕЛЕМ...
Мақсаты: оқушылардың адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі өзін - өзі тану туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- оқушылардың "Өзін - өзі тану" пәні бойынша өткен сыныптарда алған білімдерін пысықтай отырып, өзін - өзі танудың үздіксіз үдеріс екендігін ұғындыру;
оқушылардың өмірдегі ұстанымын, болашағын анықтауына оқу материалдары арқылы ықпал ете отырып, адамның қайталанбас тұлға екендігі туралы түсініктерін дамыту;
- әр адамның қайталанбас тұлға екендігін есте тұта отырып, өзін - өзі түсіну, өзін - өзі бағалай білу және өзін - өзі тәрбиелеу туралы халық даналығымен таныстыру;
- өзін - өзі тәрбиелеу үрдісінде рухани құндылықтардың қайнар көзі - халықтық тағылымдардың тәжірибесінен тәлім ала білуге баулу.

ШАТТЫҚ ШЕҢБЕРІ
Ж. Қалжанова
Өз - өзіңмен, балашым,
Жаның тапсын жарасым.
Теңдесі жоқ ешкімге,
Бұл өмірде дарасың.

Желден жүйрік көңіл күй,
Есті сөзді ойға түй.
Жылуына бөлеген,
Жаным, жарық күнді сүй.

Тарихты біл, тілді сүй,
Төрт түлігің - төлді сүй.
Орманды сүй, белді сүй,
Айдын шалқар көлді сүй.

Халқыңды сүй, елді сүй,
Ел басқарған ерді сүй.
Қасиетті мекенің –
Туып өскен жерді сүй...

Өлеңнің әнін білмеген жағдайда оқушыларға өлең жолдарын оқытып, өмірге келген әр балаға деген анасының тілектері: «өз - өзімен жарастықта болуы», «өмірдегі даралығы», «дана сөздерді Угына білуі», «өз тарихын, тілін, табиғатын, туған жерін сүйе білуі» сияқты талаптардың маңызы туралы ой қозғалады. Осындай ана тілектеріне сай болу үшін не істеу керек деген сұрақ төңірегінде әңгіме жүргізеді.

Ойын «Таныс болайық».
Шаттық шеңберін одан әрі жалғастырып, «Таныс болайық» ойыны ойнатылады. Ойынды жүргізудің мақсаты - әр баланың өмірде өз жолы, өз тандыры, өз таңдауы бар екендігіне көңіл аудару. Ойынның шарты бойынша шеңберде тұрған әр бала өз есімін атайды да, оның немен байланысты қойылғаны жөнінде мәлімет береді. Мыс: Асыл есім жаны сұлу, таза, ақылды болсын; Болат - ер жүрек, қайратты, елін қорғайтын азамат болсын; Жібек - жаны нәзік, әдемі, сүйкімді болсын; Абай ұлы аңын сияқты данышпан, өнерлі, халқына сыйлы болсын т. е. с.
Әңгімелесу
Оқулықта «Ойланайық, әңгімелесейік» айдарымен берілген сұрақтар негізінде әңгіме жүргізіледі:
1. Біз "Өзін - өзі тану" пәнінен не үйрендік?
2. Өзін - өзі танудың адам өміріндегі маңызы қандай?
3. Өзін - өзі тануды «сарқылмас қазына» деуге бола ма? Неліктен?
Мәтінмен жұмыс
ТАНЫМ ТАҒЛЫМЫ
Аңыз әңгіме
• «Алыстан көруге үйренді» дегенді қалай түсінесіңдер?
• Сендер танымның қай жолын таңдап алар едіңдер? Неліктен?
• Қай данышпанның тағылымы табандылығына, болашақты болжауға үйретеді? Неліктен?
Жаңа ақпарат
Жаңа ақпарат нақтылы тұжырымдама жасау үшін беріледі. Оқулықта ұсынылған түйіндемені оқып. жетекші сұрақтар арқылы талдау жасалады.
«Өзін - өзі тану өмірдің мәнін түсінуге, қарым - қатынас жасау кезінде жақсы мен жаманды ажыратуға көмектеседі.
Өзін - өзі тануға үйрене отырып, адам өзімен және қоршаған ортамен үйлесімді, жарастықта өмір сүруге талпынады. Ол адамдардың өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануға, өз қабілеттерін шыңдауға көмектеседі».
Жаңа ақпаратпен танысу оқушылардың пікірін зерделеп, ол ізгілік жолын қалаған адам өзінің айналасындағы адамдарға жақсылық жасау, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық көрсету сияқты ізгі істерімен өзін де, өзгені де тәрбиелейді деген бағытта түйісуі керек.
Тапсырма
• Абай атамыздың «Өзіңнен өзің әр күн сайын есеп ал» деген сөзін қалай түсінесіңдер?
• Есті болу үшін адамға қандай қасиеттер керек деп ойлайсыңдар?
Дәйексөз
Отырарлық ғұлама ғалым әл - Фарабидің адамның өзін - өзі тануы туралы «Дүниедегі ең оңай нәрсе - біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе - өзіңді - өзің түсіну» деген нақыл сөзіне талдау жасалады. Таңдауда біреудің бойындағы кемшілікті көріп, ақыл айту оңай, адамның ең жақсы қасиеті - өз бойындағы кемшіліктерді өзі байқап, соны болдырмауға тырысу, адамның өзін - өзі түсінуі, түсіне отырып өзін - өзі тәрбиелеуі өмірлік үдеріс. Өзін - өзі тәрбиелеудің нәтижесі жемісті болады.
Түйіндеме
Оқулықта ұсынылған тұжырымдамаларға жеке - жеке талдау жасалады.

Тапсырма
Шығыс философы әл - Машанидың өлеңін оқып, даналыққа қол жеткізудің басты шарты - адамның өзін - өзі тануы деген бағытта әңгіме жүргізіледі. Өлеңді үйге жаттап келуге тапсыруға болады.
Адам - ғалам ғажайып жеке - дара,
Жан құмары - ізденген мәңгі сана.
Өзіңді өзің танысаң - істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана.
Әл - Машани
Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген сауалнамалық сұрақтарды мұқият оқып, өз ойларын үйде жазып келу тапсырылады.
Жүректен жүрекке
МЕН ДЕ ӨСІП КЕЛЕМІН
Ә. Орманшина

Желдей жүйткіп жылдармен
Мен де өсіп келемін.
Отанымды сүйемін,
Қадірін оның білемін.
Мектепке де барамын,
Білімнің бойлап тереңін,
Үйренемін, ұғамын,
Өмірдің жинап керегін.
Керек болса көмегім,
Қол ұшымды беремін.
Адал туған Отанға
Ұлы болсам деп едім.
Өзімді өзім танумен өсіп келем. жүктеу
3 091
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.
«Өзін - өзі тану» курсы адамның өзін - өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін - өзі жетілдірудің
Өзімді өзім танумен өсіп келем...
Өзімді өзім танумен өсіп келем...
оқушылардың өмірдегі ұстанымын болашағын анықтауына оқу материалдары арқылы ықпал ете отырып адамның қайталанбас тұлға екендігі туралы түсініктерін дамыту;
Өзін-өзі тану пәнінен презентациялар
Өзін-өзі тану пәнінен презентациялар
Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының бастауыш класс және өзін-өзі тану пәні мұғалімі Каирова Клара Урбисиновна
Өз-өзіңді танысаң - істің басы (тренинг сабақ)
Өз-өзіңді танысаң - істің басы (тренинг сабақ)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы педагог-психологы Әбіл Гүлназ Базаралықызы
Өзімді өзім танумен өсіп келем
Өзімді өзім танумен өсіп келем
Гүлмира Тұрашқызы Боранбаева мектеп директорының ғылыми -әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы, №39 «Қызылөзек» орта мектебі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×