Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кешірім мен келісім

27 қаңтар 2019, Жексенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
4 сынып
Тақырыбы: Кешірім мен келісім
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттері: мейірімділік, кешірімшіл, адамгершілік

Сабақ мақсаты: Кешірім мен келісімге келу дұрыс әрекет құндылығынан туындайтыны туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- кешірімді болуға үйрету
- оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамыту
- мейірімді болуға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу. 5Т
Шаттық шеңбері (2 мин)
Оқушылар шеңберге тұрып амандасады, төмендегі өлең жолдарын бірге қайталайды.
Адамдарға кешіріммен қарайтын,
Жан жылуы жылылық боп тарайтын,
Кішіпейіл бала болғым келеді,
Айналасын нұрлы күнге балайтын.

- Балалар, Бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезінген қандай тамаша, қандай қуаныш.
Кешірім, келісім, татулық сөздер арқылы топқа бөлу.
Әңгімелесу. (5мин)
«Кешірім», «Келісім» дегенді қалай түсінесіңдер?
Кешірім сұраған сәтің болды ма?
Кешірім сұраудың достықты сақтауға көмектескен кездері болды ма?
Кешіре білу қын ба?, кешірім сұрау қын ба?

Үй тапсырмасын тексеру: (8мин)
Тапсырма: «Мақтаншақ жолбарыс» ертегісін оқып келу.

Сұрақтар:
- Бұлбұл неліктен бақтан ұшып кетті?
- Жолбарыстың мұңаюының себебі неде?
- Жолбарысқа көмек берген кімдер?
- Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?
- Кешірімшіл болу әр адамның қолынан келеді ме?
- Айналаларыңа деген мейірімділіктеріңді қалай көрсетіп жүрсіңдер?
Дәйексөз. «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» (3 мин)

Сергіту сәті. «Қыдырып қайтайық» (2 мин)

Жағдаяттарды талдау (5 мнн)
1. Қали түнімен сақаларға қорғасын құйды. Ертесіне ол ойын үстінде Досанның асықтарын ұтып алды. Досан Қалиға ренжіп, кетіп қалды.
- Сендер Қалидың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
2. Жанар мектептен бүгін көңілсіз оралды. Ол құрбысы Мәдинамен алғаш рет ренжісіп қалды. Үзіліс кезі болатын. Ең жақын досы Мәдина Жанардың айнасын сұрады. Досының көңілін қимай Жанар айнасын берген еді. Мәдина айнаға қарады да, шыр айналып билей бастады. Жанар:
- Абайла, айна сынып қалмасын. Оны анам сыйлап еді. Ол мен үшін ең қымбат сыйлық, - деді. Сөйткенше болған жоқ, айна жерге түсіп кетіп, сынды да қалды. Жанардың көзі жасаурап кетті.
- Ой, не болды сонша, айна деген арзан емес па?- деді Мәдина.
Жанар не дерін білмей, тұрып қалды.
•Әңгіменің қалай аяқталғанын қалар едіңдер?
•Мәдина мен Жанардың достығы қалай жалғасуы мүмкін?
•Сендер мұндай жағдайда не істер едіңдер?

Мектеп: «Бірлік»
Мұғалiм: Серкова Р.
Кешірім мен келісім жүктеу
2 211
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кешірім сұрау
Кешірім сұрау
Бір әңгіме бойынша Сүлеймен пайғамбар бір күні демалып отырған кезде кеудесінде жорғалап бара жатқан құмырсқаны алып лақтырып жібереді. Жәбірленген құмырсқа ашуланып: “Әй, Алланың пайғамбары, сен маған аяушылық етпестен неге лақтырасың? Қиямет күні
Кешірім мен келісім
Кешірім мен келісім
Оқушылардың ешкімге қиянат жасамай, кешірімді болу және басқа адами қасиеттер туралы түсініктерін дамыту.
Ағылшын тіліндегі кешірім сұрау түрлері және оны семантикалық мағынасына қарай талдау
Ағылшын тіліндегі кешірім сұрау түрлері және оны семантикалық мағынасына қарай талдау
Кешірім сұрау әдетте тілдік қатынас жасауда адамдар бір-бірімен ағылшын тілінде әр түрлі формада қолданады. Ол қоғамда үлкен роль атқарады және әңгімелесу кезінде гармониялық, түсіністік жағдаяттары туындайды. Көптеген адамдар коммуникативті кешірім
Кешірім мен келісім
Кешірім мен келісім
Қасиеттері: мейірімділік, кешірімшіл, адамгершілік Сабақ мақсаты: Кешірім мен келісімге келу дұрыс әрекет құндылығынан туындайтыны туралы түсініктерін кеңейту.
Достық еліне саяхат
Достық еліне саяхат
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майшұқыр ауылы. Бастауыш сынып мұғалімі Абжанов Алишер Жанатұлы
Кешірімділік - көңіл кеңдігі
Кешірімділік - көңіл кеңдігі
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылы, М. Мақатаев атындағы Тірек мектебінің (РО) биология және өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Қарамолда Бағлан Жексенбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×