Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кешірім мен келісім

05 қаңтар 2016, Сейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Мектеп №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің
өзiн - өзi тану сабағының мұғалімі Досмурзина Салтанат Каматовна

Тақырыбы: Кешірім мен келісім
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттері: мейірімділік, кешірімшіл, адамгершілік
Сабақ мақсаты: Кешірім мен келісімге келу дұрыс әрекет құндылығынан туындайтыны туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- кешірімді болуға үйрету
- оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамыту
- мейірімді болуға тәрбиелеу. Ресурстар: оқулық, дәптер
(аудио, видео жазбалар)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу. 5Т
Тыныштық сәтi. Баяу әуен тыңдай отырып жасау. «Күннің нұры»
Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?
Үй тапсырмасын тексеру:
Тапсырма: 13 сабақ. 67 - 70 беттегі «Мақтаншақ жолбарыс» ертегісін оқып келу.
Сұрақтар:
- Бұлбұл неліктен бақтан ұшып кетті?
- Жолбарыстың мұңаюының себебі неде?
- Жолбарысқа көмек берген кімдер?
- Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?
- Кешірімшіл болу әр адамның қолынан келеді ме?
- Адамгершіліктің маңызы неде?
- Айналаларыңа деген мейірімділіктеріңді қалай көрсетіп жүрсіңдер? Ескерту:
Дәйексөз.
Өз ойларыңа абай болыңдар, ол әрекеттің бастауы болады.
Лао Цзы
Ұлдарға екі рет, қыздарға екі рет, хормен 1 рет айтылады.
Дәйексөзді дәптерге жазып алу.
Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы
Видео ролик: Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесінен
Сұрақтар:
Әке мен бала қайдан келе жатты?
Жолдан нені көрді?
Бала неліктен тағаны алмады?
Әкесі қандай әрекет жасады?
Әкесінің іс - әрекетінен бала не түйді?
Сен ақылыңа үнемі жүгінесің бе?
Айналадағы іс - әрекеттер мейірімділік жасауға кедергі бола ала ма?
Қандай істер адамды бақытқа жетелейді?
Жомарттық жасаған кездеріңіз болды ма?
Шығармашылық жұмыс. Қасиеттер жазылған үш қағазбен үш топқа бөлу.(мейірімділік, кешірімшіл, адамгершілік)
Тапсырма: Сөзтізбек
Тор көздегі сандардың орнына қазақ әліпбиіндегі әріптерді ретімен қойсаңыз, халықтың даналық сөзі шығады. Шыққан сөзді қорғайды.

Толық нұсқасын жүктеу
6 010
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жарасымды қарым - қатынас
Жарасымды қарым - қатынас
Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу арқылы жарасымды қарым - қатынас туралы оқушылардың түсінігін кеңейту.
Кешірім мен келісім
Кешірім мен келісім
Оқушылардың ешкімге қиянат жасамай, кешірімді болу және басқа адами қасиеттер туралы түсініктерін дамыту.
Кешірім мен келісім
Кешірім мен келісім
Кешірім мен келісімге келу дұрыс әрекет құндылығынан туындайтыны туралы түсініктерін кеңейту.
Бақыт құшағында
Бақыт құшағында
Барды қанағат тұту, жалпы адам бақыты туралы түсіндіру. Ішкі тыныштық құндылықтарын дамыта отырып, жақсы азамат болуға дағдыландыру.
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Ақылды тыңдай білу де өнеге
Ақылды тыңдай білу де өнеге
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп – гимназияның бастауыш класс мұғалімі Каирова Клара Урбисиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×