Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кешірім мен келісім

27 қаңтар 2019, Жексенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Өзiн - өзi тану сабағының жоспары 4 сынып
Тақырып: Кешірім мен келісім
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: кешірімділік, татулық, бірлік, достық, мейірімділік, қайырымдылық.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың ешкімге қиянат жасамай, кешірімді болу және басқа адами қасиеттер туралы түсініктерін дамыту.
Міндеттері:
• кешірімділік, татулық, бірліктің адами қарым - қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;
• шынайы достық қарым - қатынастар жасау іскерліктерін дамыту;
• мейірімділікке, қайырымдылыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
Су асты патшалығына ойша саяхат
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз;.....

2. Үй тапсырмасын тексеру
Мақтаншақ жолбарыс
Ертегі
Ертеде бір жолбарыс болыпты. Ол әрқашан: «Мен күштімін, ештеңеден қорықпаймын»,- деп мақтанады екен. Ол бір күні кетіп бара жатып, гүлге қонып сайрап отырған бұлбұлды көреді.
• Кет кәзір, менің бағымнан!- дейді жолбарыс қаһарланып.
• Біраз сайрасам қайтеді?- депті бұлбұл жалынып.
Жолбарыс:
• - Мен саған сайрағанды көрсетейін!- деп ұмтылып бергенде, бұлбұл лып етіп ұша жөнеліпті. Сол мезетте жолбарыстың қолына гүлдің тікені кіріп кетеді. Ол зар қағып, басын тауға да, тасқа ла ұрыпты. Бір - екі күннен кейін қолы ісіп кетеді. Жанын қоярға жер таба алмай, көзінің жасын көл қылып жылап отырады. Оны көрген қарға:
• - Жолбарыс аға, неге қапаланып отырсың?- деп сұрайды.
• - Қолыма тікен кіріп кетті. Суыра алмадым. Ой, жаным - ай!- деп жолбарыс безілдеді. Қарғаның жаны ашып:
• - Жүріңіз, мен сізді досымның үйіне алып барайын. Тікеніңізді мүйізімен оп - оңай суырып тастайды,- деп оны жайраның үйіне бастап келеді. Жайраға болған оқиғаны айтады.
• - Менің мүйізім тікен шұқылау үшін емес, жауымнан қорғану үшін керек. Жүріңіздерші, мен сіздерді бір танысымның үйіне алып барайын. Ол тікен тұрмақ, етіне бойлаған найзаны да алып береді,- деп, аюдың үйіне алып барады. Аю мән - жайға қаныққан соң:
• - Е, мұндай нәрсе менің тісіме де, қолыма да ілікпейді. Енді не істесек екен? Айтпақшы, тікен де ағаш қой, солай емес пе? Ендеше, мен сіздерді сондай іспен шұғылданатын танысыма алып барайын.
• Аю екі қонағын піл палуанның үйіне бастап барыпты. Болған оқиғаны айтып беріпті.
• - Жолбарыс батыр, қолыңа қада кіріп кетсе, суырып – ақ тастар едім. Тікенді алу үшін аса ептілік керек,- депті піл.
• Піл бастап, барлығы тістері пышақтай қолтырауынға келеді. Оған мән - жайды түсіндіреді.
• Қолтырауын:
• - Менің тісіме тікен ілікпейді. Анау бақта бұлбұл бар. Ол - өте мейірімді құс. Барып өтін, оп - оңай алып тастайды,- депті. Бәрі жиналып, бұлбұлдың үйіне барыпты. Ол жолбарысқа ләм - мим демей, тұмсығымен тікенді алып тастапты.
• Жолбарыс өзінің өткендегі өрескел ісіне қатты ұялып, бұлбұлдан кешірім сұрайды. Бірге келген достарының бәріне ризалығын білдіреді. Олармен бірге ойын - сауық жасады. Бұлбұл болса, өз жәрдеміне риза болып, ұзақ уақыт құйқылжыта сайрап ән салды.
Сұрақ:
1. Әңгімеде не туралы айтылған?
2. Жолбарыс пен бұлбұлдың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?
3. Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?
4. Сендерде осындай жағдайлар болды ма? Естеріңе түсіріп, айтып беріңдер.
Қорытынды: Бір - бірімізге мейірімді, қайырымды, кешірімді, болсақ, бірлігіміз жарасып, тату - тәтті тұрамыз. Ешқашан да қиянат жасамауға тырысу керек.

3. Жағымды ой - пікір. Дәйексөз.
«Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық»
М. Әуезов.
Адамдар абайсызда бірін - бірі ренжітіп алғанда кешірім сұрап, татуласады. Ал татулық - адамдар, сыныптастар, достар арасындағы қарым - қатынастағы ең жақсы қасиет. Жаттату
2 - 3 оқушыға қайталатып, жатқа сұрау
Сұрақ:
1. Татулықты қалай түсінеміз?
2. Ашуға булықпаудың жолдары қандай?
3. Ашуланған кезінде не істейсің?
Қорытынды:
Татулық бар жерде мейірімділік, қайырымдылық, достық, бірлік, жақсы өмір бар. Тату болып, өзімізге де, өзгеге де қиянат жасамайық

Мектеп: №66 ЖББОМ
Мұғалiм: Блялова А. А.
Кешірім мен келісім жүктеу
2 280
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өмір - мәңгілік жасампаздық (қарым - қатынас)
Өмір - мәңгілік жасампаздық (қарым - қатынас)
Өмірдің мән - мағынасын ашып, ешкімге қиянат жасамай өмір сүруге бейімдеу.
Кешірім мен келісім
Кешірім мен келісім
Кешірім мен келісімге келу дұрыс әрекет құндылығынан туындайтыны туралы түсініктерін кеңейту.
Ар – намыс керек адамға
Ар – намыс керек адамға
Оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу, әділеттілік, жақсы азамат болу.
Кешірім мен келісім
Кешірім мен келісім
Қасиеттері: мейірімділік, кешірімшіл, адамгершілік Сабақ мақсаты: Кешірім мен келісімге келу дұрыс әрекет құндылығынан туындайтыны туралы түсініктерін кеңейту.
Татулық - бірлік бастауы
Татулық - бірлік бастауы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×