Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары

22 мам 2014, Бейсенбі
Категориясы: Физика
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары.

Сабақтың эпиграфы: «Сөйлемеген бала ойлай да алмайды»
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік мақсаты: Тербелістер мен толқындар тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталай отырып, жаңа сабақты меңгеру.
Дыбыстың қасиеттері мен әртүрлі ортада таралуын ұғыну. Оқушылардың білім деңгейін тереңдетіп, шығармашылыққа баулу.
б) Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өз бетімен және ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін, есте сақтау қабілетін, ой – өрісін дамыту, оларды шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, танымдық белсенділіктерін қалыптастыру.
в) Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұйымшыл болуға, ынтымақтастыққа, өзін-өзі басқаруға баулу. Эстетикалық, патриоттық және кәсіптік бағдар беру.
Сабақтың түрі: Жаңа технологияға негізделген ізденіс - зерттеу(физика, биология, анатомия, медицина, музыка) сабағы.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: Баяндау, дәріс беру, кітаппен жұмыс, есептеулер, ақпараттық - рецептивтік, шығармашылық, пікір алмасу, бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электрондық оқулық, оқулықтар, сызбанұсқалар, камертон домбыра,
Пән аралық байланыс: математика, анатомия, медицина, музыка, биология.
Бұл сабақта: «Естігенімді ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, өз ақыл-ойыммен істеген ісімді түсінемін» деген ұстаным алға қойылады.

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа тақырыпты баяндау
4. Жаңа тақырыпты бекіту
5. Оқушылар білімін бағалау
5. Сабақты қорытындылау
6. Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесіп, олардың сабаққа дайындығын қадағалау.
2. Дәрісхананың тазалығына назар аудару.
3. Оқушыларды топқа бөлу
1 - топ. «Зерттеушілер»
2 - топ. «Биологтар»
3 - топ. «Дәрігерлер»
Оқушылар білімін бағалау әр топқа таратылған жұлдызшалар арқылы жүргізіледі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру. Ой қозғау
«Теңге алу» ойыны арқылы ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береді.. Жауап берген топ оқушыларына жұлдызшалар беріліп отырады.

III. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін бағалау.
Үй тапсырмасы бойынша қойылған сұрақтардың жауаптарының
кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқтала кетіп, өтілген сабақты қорытындылау.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен және қаралатын сұрақтарымен таныстыру. Әрбір топтың ізденіс - шығармашылық жұмыстарын тыңдау.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту.
1. Тест алу
2. Есептер шығару

V. Оқытушының жауаптарды толықтыра отырып, оқушыларды бағалауы және қорытындылауы.
Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеруде, жаңа сабақтың
тақырыбын пысықтауда топ оқушыларының жинаған жұлдызшалары ескеріледі. Әртүрлі жануарлар мен табиғат құбылыстарының дыбысын ажырата отырып, оқушылар өз еркімен суреттер салып түсіндіреді.

VI. Үйге тапсырма беру.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Б. А. Кронгерт. Физика оқулығы «Мектеп» баспасы, 2013
2. Г. Мякишев. Физика оқулығы
3. Ғаламтордан қосымша мәліметтер

Сабақтың өткізілу барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын, кабинеттің тазалығын және дайындығын тексеру, оқушылардың жұмыс белсенділігін көтеру, жұмыс дәптерінің барын тексеру, білім алушыларды түгелдеу
2. Үй тапсырмасын сұрау. «Толқындық құбылыстар»тақырыбы бойынша А) «Ұяшықтарды таңдау» ойыны.
1. Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.
2. Бөлшектердің тербелісі толқынның бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп атайды.
3. Бойлық толқын – бөлшектердің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқын
4. Толқын ұзындығы – периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық.
5. Толқын жылдамдығы – толқын ұзындығының бөлшектердің периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама.

6. Сейсмикалық толқын – жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуы.
Б)«Сәйкесін тап» ойыны
В) Пропорциялық тест
Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамыз
1. Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (Домбыра)
2. Уақыт өтуімен ілесе кеңістікте тарайтын тербелістер ( Толқын)
3. Дененің бірдей уақыт аралығындағы дәлме – дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысы (Тербеліс)
4. Қандай да бір кедергіден шағылып, бастапқы таралған орнына қайта
оралған толқын (Жаңғырық)
5. Жер сілкіну ошағынан келген тербелістерді байқайтын құрал
(Сейсмограф)
Жаңа сабақтың тақырыбы « Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары»
Тақырыптың жоспары: 1. Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары.
2. Музыкалық дыбыстар мен шула
3. Дыбыстың маңызы
1. Зерттеушілер тобы.
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары туралы жалпы мәліметтер береді
Адамда дыбыс әсерін тудыратын механикалық толқындардың тербеліс жиілігі 16 Гц - тен 20000Гц аралығында болады. Мұндай толқындар дыбыс толқындары немесе акустикалық толқындар деп аталады,.
Жиілігі 20000Гц - тен жоғары толқындар - ультрадыбыстар, ал жиілігі 16Гц - тен төменгі - инфрадыбыстар деп аталады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 819
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Дыбыс толқындарын, оның негізгі сипаттамаларын, акустикалық резонанс, жаңғырық, ультрадыбыс тақырыптарын мысалдар арқылы түсіндіріп, білімдерін қалыптастыру.
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Ультрадыбыс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Ультрадыбыс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық
Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады. Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары
Дыбыс ауада таралып тербеліс тудырады. Денелердің тербелісі дыбыс туындауының себепкері болып табылады. Тербеліс жиілігі 16Гц – тен 20000 Гц – ке дейінгі механикалық толқындар адамда дыбыс әсерін туғызады. Сондықтан мұндай толқындар дыбыс толқындары
«Тербелістер», «Толқындар» тарауын жалпылау
«Тербелістер», «Толқындар» тарауын жалпылау
берілген тақырыптар бойынша алған білімдерін жүйелеу, білімдерін пайдалануға үйрету.
Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары
Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Куванова Гулнар
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×