Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары

23 сәуір 2016, Сенбі
Категориясы: Физика
Батыс Қазақстан облысы,
Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы
Краснояр орта жалпы білім беретін мектебінің
физика пәнінің мұғалімі Елемесова Гаусар Нағидоллақызы

Сабақ тақырыбы: Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары
Мақсаты:
білімділік:
а) дыбыс толқындары туралы түсінік беру, дыбыстың сипаттамаларын, музыкалық дыбыстарды қарапайым мысалдар арқылы түсіндіру.
тәрбиелік: ұлттық өнерге баулу, дыбыстың адам өміріндегі маңызын ашу.
дамытушылық: пәнге деген ынтасымен қабілетін дамыту,
білімділік танымдарын өмірмен байланыстыра отырып арттыру.
Сабақ әдісі: түсіндіру, баяндау,
Көрнекілік құралдар: слайд, камертон, интерактивті тақта.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Оқушылардың құрал – жабдықтарын тексеру
2. Зейінін сабаққа аудару
3. Атом молекула ойыны бойынша оқушыларды топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Стикердегі диалог
Оқушыларды екіге бөліп, 5 сұрақ беріледі. Бір топқа сұрақты беріп, екінші топқа жауабы беріледі. Оқушылар бір – бірімен сәйкестерін тауып қасына тұра қалады.
1. Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.
2. Бөлшектердің тербелісі толқынның бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп атайды.
3. Бойлық толқын – бөлшектердің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқын
4. Толқын ұзындығы – периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық.
5. Толқын жылдамдығы – толқын ұзындығының бөлшектердің периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама.

ІІІ. Қызығушылықты ояту.
Оқушыларға түрлі аспаптарды, жан жануарлардың дыбыстары бар музыка естіледі. Оқушылар осы арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.

IV. Жаңа сабақ
Статистикалық тепе - теңдік.
А) Домбыра төрде ілулі тұрғанда немесе шертпей жай ғана қолымызға алғанда барлық бөліктері өзара тепе - теңдікте тұрады.
Егер домбыра ішегін қолымызбен шертсек белгілі бір үн естиміз.
1. Тепе - теңдікте тұрған ішекті шертіп тербеліс тудырдық.
2. Ішектің тербелісі ауа арқылы, біздің құлағымызға жетеді.
3. Біздің көзімізге көрінбегенімен домбыраның беттік тақтайы да күрделі тербеліске ұшырайды.
Дыбыс ауада таралып тербеліс тудырады. Денелердің тербелісі дыбыс туындауының себепкері болып табылады.
Тербеліс жиілігі 16Гц – тен 20000 Гц – ке дейінгі механикалық толқындар адамда дыбыс әсерін туғызады. Сондықтан мұндай толқындар дыбыс толқындары немесе акустикалық толқындар деп аталады.
Жиілігі 20000 Гц тен жоғары толқындар – ультрадыбыстар
Жиілігі 16 Гц – тен төмен толқындар инфрадыбыстар деп аталады.
102 сурет. Мысал келтіру
Сонымен ауада тарайтын дыбыс толқындары бойлық толқындар болып табылады? Дыбыс барлық ортада тарала алады. Қарапайым бақылаулар дыбыс әр түрлі ортада белгілі бір жылдамдықпен таралатынын көрсетеді.
1 - кесте. Әр түрлі ортадағы дыбыс жылдамдығы. Найзағайдың суретті.
Жарықтың ауада таралу жылдамдығы 300000км/с
Дыбыстың ауада таралу жылдамдығы 330м/с
Музыкалық дыбыстар – камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары.
Дыбысты сипаттайтын физикалық шамалар

Дыбыс қаттылығы
тонның биіктігі
тембр

Дыбыс қатылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.
Тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады.
Тембр – адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.
Шу әр түрлі жиіліктігі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы

V. Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру.
5. 1. Тест жұмысы, 5 минут
1. Жиілігі 16 Гц - тен төмен дыбыстар қалай аталады?
А) инфрадыбыстар Б) акустикалық дыбыстар
С) ультрадыбыстар Д) толқындық дыбыстар
2. Адамның есту мүшесі қабылдайтын дыбыс толқындарының жоғары жиілігі қандай?
А) 20 000Гц Б) 200 000Гц С) 200Гц Д) 2Гц
3. Дыбыс қаттылығы немен анықталады?
А) осциллограф Б) дыбыс зорайтқыш
С) камертон Д) генератор
4. Дыбыс қаттылығы қандай шамаға тәуелді?
А) тонның биіктігіне Б) тербеліс амплитудасына
С) тербеліс жиілігіне Д) таралу жылдамдығына
5. Дыбыс қаттылығының бірлігі қандай?
А) метр Б) герц
С) метр/секунд Д) децибел
6. Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы
А) 330м/с Б) 50м/с
С) 1480м/с Д) 5600м/с
7. Ұшақтың көтерілу кезіндегі дыбыс қаттылығы
А) 100дБ Б) 50 - 60дБ
С) 120дБ Д) 10дБ
5. 2. Есептер шығару
26 – жаттығу № 2, 3
2. Жиілігі 510Гц дыбыс көзінен толқын ауада 340м/с жылдамдықпен таралады. Толқын ұзындығын табыңдар.
3. Бақылаушы найзағайдың жарқылын көрген мезеті мен күннің күркіреуін есту арасындағы уақыт 10с болғанын байқады. Найзағай бақылаушыдан қандай қашықтықта жарқылдаған? Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы 343 м/с деп есептеңдер.
Есептер шығару.
1. Толқын ұзындығы 2м, бөлшектердің толқындағы тербеліс периоды 0, 2с. Толқын қандай жылдамдықпен тарайды?
2. Бөлшектердің толқындағы тербеліс жиілігі 0, 6Гц, толқынның таралу жылдамдығы 12м/с. Толқын ұзындығын табыңдар.

VI. Сабақты бекіту
Домбырамен күйсандықтан бір нота орындату.
Сұрақ: Осы аспаптардың шығаратын дыбыс жиіліктері бірдей ме?
Жауабы: Бұл аспаптардың жиілігі де бірдей, бірақ тембірі әртүрлі болады. Біз тембіріне қарай музыкалық аспапты немесе кімнің сөйлеп жатқанын анықтай аламыз. Дыбыс тембірі бойынша дыбыс көзі анықталады.

VIІ. Үйге тапсырма беру.
VIІI. Оқушыларды бағалау.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
28 598
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Дыбыс толқындарын, оның негізгі сипаттамаларын, акустикалық резонанс, жаңғырық, ультрадыбыс тақырыптарын мысалдар арқылы түсіндіріп, білімдерін қалыптастыру.
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Ультрадыбыс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Ультрадыбыс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық
Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады. Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.
Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары
Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Куванова Гулнар
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі Мамекбаева Жұмакүл Әбілханқызы
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары
Қызылорда қаласы, И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжінің физика пәні оқытушысы Күздеубаева Перизат Сайфуллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×