Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс

06 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
Оқушыларды топқа бөлу

Эпигф: «Бәріміз біріміз үшін»

ІІ. Қызығушылықты ояту.( Үй тапсырмасын тексеру)
« Жедел сұрақтар» стратегиясы
1. Механикалық толқын дегеніміз не?
2. Толқынның неше түрі бар?
3. Бойлық толқын дегеніміз не?
4. Көлденең толқын дегеніміз қандай толқын?
5. Толқын ұзындығы дегеніміз не?
6. Толқын жылдамдығы деп нені түсінесіздер?
7. Толқынның энергия тасымалдайтынын қалай түсіндіруге болады?
8. Жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуынан пайда болатын толқын?
9. Ауырлық және беттік керілу күштері әрекетінен туындайтын толқын?
25 - жаттығудың есептері

IIІ. Мағынаны тану. (Жаңа сабақты меңгеру)
« Ой шақыру» стратегиясы
Қазір өмірімізді радио - телехабарларсыз, телефон байланысынсыз елестету мүмкін емес. Механикалық толқындар әлемінде біз көрмейтін, бірақ, сол арқылы бір - бірімізбен қарым - қатынас жасап, музыка, радио тыңдайтын толқын түрі бар.
Ол қалай аталады? (Дыбыс)
Тербеліс жиілігі 16Гц - тен20000Гц - ке дейінгі механикалық толқындар адамда дыбыс әсерін туғызады.

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс.
Мақсаты:
білімділік: Дыбыс толқындары туралы түсінік беру
Дыбыстың сипаттамаларын, музыкалық дыбыстарды қарапайым мысалдар арқылы түсіндіру.
тәрбиелік: ұлттық өнерге баулу, дыбыстың адам өміріндегі маңызын ашу. Домбыраның құрылысымен танысу. Этнопедагогикалық тәрбие беру.
дамытушылық: пәнге деген ынтасы мен қабілетін дамыту,
Ультра, инфрадыбыстар туралы түсінік қалыптастыру

«Бағытталған оқу» стратегиясы
а) Жаңа тақырыпты игерту. / постер жасап, қорғау/
ә) Демонстрация (темір сызғышпен, камертонмен, )
б) Топтарды бағалау(көк, сары, қызыл)

Ең алғаш ауадағы дыбыс жылдамдығын 1636 ж француз физигі М. Мерсен анықтаған. Неғұрлым орта тығыздығы артқан сайын дыбыстың таралу жылдамдығы артады.
Дыбыстың қаттылығының деңгейін өлшеу үшін логарифмдік шкала бекітілген. Қаттылық бірлігінің ондық үлесі, яғни 1бел10децибелге тең. Ол телефонды ойлап тапқан американдық өнертапқыш А. Бельдің құрметіне Децибел (дБ) деп алынған
Проблемалық әдіс: темір сызғышпен, стакан, ағаш қасық, пакет, электронды оқулық пайдалану

Парижде ән салған Әміре Қашаубаевтың даусы бас, секундына 350тербеліс жасаса. Бибігүл Төлегенованың дауысы секундына 2018тербеліс жасайды екен. Секундына 3000тербеліс жасайтын дыбыстарды музыкалық тондарда пайдаланбайды.
Музыкалық аспап үнінің сапалы шығуы оның арнайы ағаштан, біліктілікпен шебер жасалынуына байланысты.

ҮІ. Ой - толғаныс (Сабақты бекіту)
1. Физикалық диктант ( иә, жоқ)
1. Дыбыс – есту түйсігін туғызатын серпімді толқындар.
2. Жиілігі 20Гц - тан жоғары толқындарды адам құлағы естиді.
3. Найзағай – табиғи дыбыс көзі.
4. Акустика – дыбысты зерттейтін физика бөлімі.
5. Дыбыс қаттылығы тербеліс жиілігімен анықталады.
6. Дыбыс тоны тербеліс жиілігімен анықталады.
7. Дыбыстың аудағы жылдамдығы 330 м/с.
8. Дыбыс қаттылығының өлшем бірлігі – Бел.
9. Медицинада ультра дыбысты адам денесіне ультра-дыбыстық тексеру үшін қолданады
10. Инфрадыбыстың адам организміне кері әсері болмағандықтан ол кең қолдау тапқа

Бір - біріңді тексер!
2. Есептер шығару
№ 1. Адам үңгірдің алдына келіп қатты айқайлады. Ол жаңғырығын 3 секундтан соң естіді. Осы үңгірдің тереңдігі қандай?
№2. Бақылаушыдан 5 км қашықтықта найзағай түсті. Қанша уақыттан соң бақылаушы оның дыбысын естиді?
№3. Судағы дыбыс толқынының ұзындығын анықтаңдар. Оның жылдамдығы 1480м/с, ал жиілігі 740Гц

3. Бес жол өлең
1. Зат есім
2. Сын есім
3. Етістік
4. сөйлем
5. балама сөз

Рефлексия
1. Бүгінгі сабақтан менің білгенім?
2. Мен үшін жаңалық
3. Сабақ туралы пікірім
4. Мен таң қалдым.

Үйге тапсырма: П31 - 35. 26 - 27 - жаттығыу
Шудың пайдасы мен зияны, онымен күресу жолы. / Эссе жазу/
«Шудың және өзге де жасанды акустикалық әсерлердің нормаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011жылғы 1қарашадағы №1270 Қаулысы
Бағалау. « Бағалау парағы» бойынша
9 887
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Дыбыс толқындарын, оның негізгі сипаттамаларын, акустикалық резонанс, жаңғырық, ультрадыбыс тақырыптарын мысалдар арқылы түсіндіріп, білімдерін қалыптастыру.
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Ультрадыбыс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Ультрадыбыс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық
Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады. Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары
Дыбыс ауада таралып тербеліс тудырады. Денелердің тербелісі дыбыс туындауының себепкері болып табылады. Тербеліс жиілігі 16Гц – тен 20000 Гц – ке дейінгі механикалық толқындар адамда дыбыс әсерін туғызады. Сондықтан мұндай толқындар дыбыс толқындары
Дыбыс. Дыбыс сипаттамасы
Дыбыс. Дыбыс сипаттамасы
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Шуленова Гулжаухар Пернебаевна
Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі Мамекбаева Жұмакүл Әбілханқызы
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары
Қызылорда қаласы, И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжінің физика пәні оқытушысы Күздеубаева Перизат Сайфуллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×