Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Ультрадыбыс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық

21 ақпан 2017, Сейсенбі
Категориясы: Физика
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Ультрадыбыс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық
Сілтеме: Жоспар
Жалпы мақсаты: Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары жайлы мағлұмат беру
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамаларын күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету

Негізгі идеялар: 16 Гц - 20000 Гц → дыбыс толқындар, акустикалық дыбыстар.
Жиілігі 20000 Гц - тен жоғары дыбыстар ультрадыбыстар, 16 Гц - тен төмен – инфрадыбыстар деп аталады.
Ауада тарайтын дыбыс толқындары серпімді бойлық толқындар болып табылады.
Дыбыстың қаттылығы неге байланысты болатынын анықтау үшін камертонды қолданады.
Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады. Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.
Белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқынын тон деп атайды.
Тембр – адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.
Шу - әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады Дыбыстың әр түрлі кедергілерден шағылуы барысында, естілу ұзақтығының артуы реверберация деп аталады.
Жиілігі 20000 Гц - тен жоғары дыбыстарды ультрадыбыстар деп атайды.
Шағылған ультрадыбысты пайдаланып, нысананың орнын анықтау тәсілі эхолокация деп аталады.
Акустикалық резонанс құбылысын түсіндіруге арналған тәжірибе көрсету.

Дыбыстың шағылуы.
Жаңғырық – қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары.
Дыбыстың әр түрлі кедергілерден шағылуы барысында, естілу ұзақтығының артуы реверберация деп аталады.
Жиілігі 20000 Гц - тен жоғары дыбыстарды ультрадыбыстар
Тапсырмалар Топтық жұмыс
Жеке жұмыс
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
Физикалық диктант, 5 минут
1. Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.
2. Бөлшектердің тербелісі толқынның бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп атайды.
3. Бойлық толқын – бөлшектердің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқын
4. Толқын ұзындығы – периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық.
5. Толқын жылдамдығы – толқын ұзындығының бөлшектердің периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама.
6. Сейсмикалық толқын – жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуы.
7. Гравитациялық толқын – ауырлық және беттік керілу күштері әрекетінен туындайтын толқын.

ІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
Камертон арқылы тәжірибе. Дыбыс қалай пайда болды? Теннис шарымен тәжірибе жасау. Түсіндір. Дыбыс шығаратын дене тербеледі. Ал, тербелетін кез келген дене дыбыс шығара ма?
2 - тәжірибе. Линейкамен жасалады. Тербеліске келтіру арқылы дыбыс шығару. Ой түйіндеу.
3 - тәжірибе Сым беріледі. Сыммен тәжірибе жасау. Дыбыс шығару дыбыс белгілі бір жиілікте шығарылады екен. Дыбыс анықтамасы шығарылады. 19 - 20000 Гц аралығындағы жиіліктегі тербелістер дыбыс шығарады екен.
1. Дыбыс деген не?
2. Дыбыс қалай таралады?
3. Жылдамдық қайда көп темірде ме, ауада ма? Неге? – Темірде себебі тығыз ортада тербеліс жылдам беріледі.
4. Айдағы жарылысты ести аламыз ба? жоқ, себебі аралық вакуум.
5. Вакуумда дыбыс тарала ма?
6. Тәжірибе:
7. Дыбыстың денелердің тербелісі арқылы тарауына қарапайым мысал ретінде қазақ халқының ұлттық аспабы домбыраны келтіруге болады.
Кейбір дыбыс көздері шығаратын дыбыстың қаттылық деңгейінің мәндері, дБ

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы,
№19 жалпы орта білім беретін мектептің
жоғары білімді, жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі
Алманова Гүлсім Аманқұлқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 490
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өндірістік санитария. Өндірістік шу.
Өндірістік санитария. Өндірістік шу.
Дыбыстың жиілігі дегеніміз – оның бір секундтағы толқуының саны. Ол Герцпен (Гц) өлшенеді. Дыбыстың 1 секундтағы толқуы 1 герцке тең. Адамның жай сөйлегендегі дыбысының орташа деңгейі 40 децибилл болып есептеледі.
Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Дыбыс толқындарын, оның негізгі сипаттамаларын, акустикалық резонанс, жаңғырық, ультрадыбыс тақырыптарын мысалдар арқылы түсіндіріп, білімдерін қалыптастыру.
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары
Дыбыс ауада таралып тербеліс тудырады. Денелердің тербелісі дыбыс туындауының себепкері болып табылады. Тербеліс жиілігі 16Гц – тен 20000 Гц – ке дейінгі механикалық толқындар адамда дыбыс әсерін туғызады. Сондықтан мұндай толқындар дыбыс толқындары
Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары
Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Куванова Гулнар
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі Мамекбаева Жұмакүл Әбілханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×