Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Лоренц күші. Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы

21 сәуір 2015, Сейсенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: Лоренц күші. Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы.
Сабақтың мақсаты:
Қозғалыстағы заряд және магниттік өріс арасындағы өзара байланысты түсінді, Лоренц күшін анықтауға арналған формуланы біледі. Мысалдар келтіре отырып, оның күнделікті өмірдегі қолданысын түсіндіре алады.
Оқу нәтижелері:
Магнит өрiсiнде қозғалатын электрондардың бастапқы бағытынан ауытқуына әкеліп соғатын Лоренц күшi, табиғаттың көптеген құбылыстарына байланысты екенін біледі және оның күнделікті өмірдегі қолданысын түсіндіре алатын болды.
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер:
Топтық жұмыс, электрондық оқулықпен жұмыс, постер құрастыру, Венн диаграммасы, флипчартпен жұмыс, 6 қалпақ.
Түйінді идеялар:
Лоренц күшінің магниттік бөлігінің бағыты бөлшек жылдамдығына перпендикуляр болғандықтан механикалық жұмыс жасамайды. Күш тек электрондардың жылдамдығының бағытын ғана өзгертеді.
Сабақтың кезеңдері және мұғалімнің іс - әрекеті:
1) Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2) Топқа бөлу. Оқушыларға «Магнит», «Әсер», «Күш», «Заряд»сөздері жазылған қағаздар таратылады, осы сөздерге байланысты топқа бөлінеді. (2 мин)
3) Сергіту сәті (1 мин)
1) Итермелеу сатысы – оқушыларды уәждендіру, жаңа тақырыпты түсінуге платформа дайындау. Осы мақсатта интерактивті тақтада сұрақтар көрсетіледі. Сұрақтарды талқылау үшін топтарға төмендегідей сұрақтар қойылады (5 мин)
Ампер күші дегеніміз қандай күш?
Ампер күшінің бағыты қалай анықталады?
|F_A |=q_0 N ¯(ϑ_б ) Bsinα қортып шығар.
Бұранда ережесі мен сол қол ережесін пайдаланып, параллель токтардың бір бағытта тартылатынын, ал қарама - қарсы бағытта өтсе, тебілетінін қалай дәлелдеуге болады?
4) Жаңа тақырыпты меңгеру.
Осы мақсатта интерактивті тақтада электронды оқулықтан бейне - фильм көрсетіледі. Бейне - фильмді талқылау үшін топтарға төмендегідей сұрақтар қойылады (5 мин)
Қандай құбылысты бақыладыңдар?
Параллель токтар бір бағытта тартылса, ал қарама - қарсы бағыттнеге тебіледі деп ойлайсыңдар?
Демек бүгінгі сабақта осы мәселені қарастырамыз?
Проблемалық сұрақ қою: Ампер заңын біле отырып, осы өрістегі белгілі бір жылдамдықпен қозғалған бірлік электр зарядқа магнит өрісінің әсер ету күшін анықтау.
а) Таратпа материал және табыс критерийлері таратылып, оқушыларға өз беттерінше білім алуға мүмкіндік беріледі. (7 мин)

ә) Жаңа материалды топтық талқылау (3 мин)
б) «Көршіңнің қалы қалай?» (бағалау критерийлеріне сәйкес әр оқушы өзінің оң жағындағы баланың жаңа тақырып бойынша білімін «бағдаршам» тәсілімен бағалайды) (1 мин)
4) Жаңа тақырыпты бекіту және жаңа білімді ескі біліммен ұштастыру.
а) Әр топқа әртүрлі тапсырма беріледі (10 мин):
1 - топ – сабақ бойы меңгерілгендері бойынша тестік сұрақтарға жауап береді.
2 - топ – сурет бойынша есептерден постер құрастыру:
3 - топ – есептер шығару:
4 - топ - есептер шығару.
ә) Жұмыстарын қорғау және стикерлер арқылы бағалау(7 мин)
1 - топ 2 - топқа және керісінше, ал 3 - топ 4 - топқа және керісінше қорғайды.
5) Рефлексия (1 мин)
≪Ақылдың алты қалпағы≫әдісі
6) Үй тапсырмасы: §10. 9 21 - жаттығу №2, 3
16 751
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Магнит өрісі. Магниттік индукция
Магнит өрісі. Магниттік индукция
Магнит өрісі электр заряды қозғалысқа келгенде ғана пайда болады. Егер заряды тыныш тұрса, онда магнит өрісі пайда болмайды.
Заттардағы магнит өрісі
Заттардағы магнит өрісі
Заттардағы магнит өрісінің формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Түзу сызықты токтың, дөңгелек токтың және соленоидтың магнит өрістері. Магнит ағыны
Түзу сызықты токтың, дөңгелек токтың және соленоидтың магнит өрістері. Магнит ағыны
Түзу сызықты токтың, дөңгелек токтың және соленоидтың магнит өрістері туралы түсінік беру. Магнит ағыны туралы мағлұмат беру. Магнит өрісі мен ток арасындағы байланыс туралы түсінік беру.
Тұрақты магнит
Тұрақты магнит
ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы, «Жансүгіров атындағы орта мектеп» КММ Физика және информатика пәні мұғалімі Аскербаева Рысхан Сағымбайқызы
Электродинамика
Электродинамика
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қоскөл ОЖББМ – нің физика пәні мұғалімі Шамғонова Дидар Нұрланқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×