Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Электр өрісі және оның кернеулігі. Өрістің күштік сипаттамасы

29 қазан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Физика
Тақырыбы: Электр өрісі және оның кернеулігі. Өрістің күштік сипаттамасы

Мақсаты: Электр өрісі тарауы бойынша мағлұмат бере отырып, зарядталған денелер арасында болатын әрекет етуші күштерді графикте кернеулік арқылы кескіндеу алады, потенциал, электр өрісін тудыратын шамалар, құрылғылар туралы түсініктері қалыптастыру
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың түрі: Практикалық
Оқытудың технологиясы: ДОТ, КОТ элементтері

І. Ұйымдастыру бөлімі
«Түстер терапиясы» әдісі арқылы топқа бөлу
Түрлі түсті қағаздар таңдап бөлінеді. Интерактивті тақтада берілген түстердің біреуін әр топ өз кезегінде таңдап, сол бойынша сұрақтарға жауап беріп, топ атын анықтайды.
Қызыл түсті - Заряд
• Ол бір денеден екінші денеге өтеді
• Тұйық жүйеде сақталады
• Күш атасын танымас
• Күнелту үшін – ас керек, ас ішу үшін – күш керек, күшті жұмсауға – ес керек.
• Оны бөлшектен бөліп қарастыра алмайсың
• Ол екі түрге ажыратылады
Көк түсті – Өріс
• Материя түрі
• Оны сипаттау үшін күш сызықтары енгізілген
• Электромагниттік құбылыстарды сипаттаған кезде ол маңызды рөл атқарады
Сары түсті - Күш
• Кернеулік өрістің қандай сипаттамасы?
• Үзіліссіз, қиылыспайтын қандай сызықтар?
• Осы сұрақтар бойынша түйін сөзді ата

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
(Үш топқа үш түрлі таратпа қағаз беріледі. Әр таратпа қағазда теориялық, практикалық, зертханалық жұмыстар көрсетілген.)

І тапсырма: Сұрақтар тізбесі
І топ - Заряд:
1. Электродинамика пәні нені қарастырады? (жалпы жағдайдағы электромагниттік өрісті және оның электр зарядына ие денелермен өзара әрекеттерін зерттейтін физиканың бөлімі)
2. Ығысу тогы деген не және оның формуласын көрсет? (Ығысу тогы – айнымалы электр өрісінің магниттік әсерін сипаттайтын физикалық шама.)
3. Максвелдің І теңдеуінің дифференциалдық түрі?
4. Электр тұрақтысының мәні?
5. Шарль Кулон электростатиканың негізгі заңын қай жылы ашты?
ІІ топ - Күш:
6. Электродинамика дегеніміз не?
7. Фарадей заңдары?
8. Максвелдің ІІ теңдеуі?
9. Кулон заңының өрнегі?
10. Элементар заряд мәні және ол неге элементар заряд деп аталынды?
ІІІ топ - Өріс:
11. Электродинамиканың зерттеу аясы?
12. Максвелл теңдеулері неше түрге бөлінеді?
13. Максвелл теңдеуінің ІІІ түрі?
14. Нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу заңы?
15. Электрон массасы нешеге тең?
ІІ тапсырма: Есептер: І топ:
678. Бірінен бірі 3 см қашықтықта тұрған әрқайсысы 10нКл екі заряд өзара қандай күшпен әсерлеседі?

ІІ топ: 685. Тең емес аттас зарядпен зарядталған бірдей екі металл шар біріне - бірі тиістіріліп, содан кейін алғашқыдағыдай қашықтыққа ажыратылады. Сонда өзара әсер күші міндетті түрде артатынын және зарядтар шамасындағы айырмашылық неғұрлым көп болса, соғұрлым ол күштірек болатынын дәлелдеңдер.

ІІІ топ: 731.
20нКл заряд потенциалы 700 В нүктеден потенциалы 200 В нүктеге орын ауыстырғанда өріс қандай жұмыс істеді? Потенциалы 100В нүктеден потенциалы 400 В нүктеге орын ауыстырған да ше?

ІІІ тапсырма: Тәжірибе:
1. Бір біріне үйкелген денелердің зарядын тәжірибе жүзінде қалай байқауға болады? Зарядталған электроскопты пайдаланып, дененің электрді өткізетінін және өткізбейтінін қалай анықтауға болады?
2. Электростатикалық машинаның жұмыс істеу принципі және электр зарядының екі тегі бар екенін растайтын тәжірибе көрсет.
3. Денелердің электрленуіне байланысты үй жағдайында жасалынатын тәжірибелер

ІІІ. Жаңа сабақ.
Жер бетінен біршама биіктікте орналасқан тас пен Жер арасында өзара әрекеттесу мәселесін талқылай отырып, Жер мен тас бір бірін белгілі бір күшпен тартады. Жер мен тастың айналасында тартылыс өрісі бар. Жердің өрісі тасқа әсер етеді және керісінше деп пайымдадық.
Эксперимент жүзінде тағайындалған кулон заңы зарядтардың өзара әрекеттесуін сандық тұрғыдан білдіреді, бірақ «Бір зарядтың басқасына әрекеті қандай жолмен беріледі, бұл өзара әрекеттесудің табиғаты қандай?» деген сұрақтарға жауап бермейді. Қағазды майдалап кесілген қиындыларына үйкелген эбонит таяқшаны апарғанда қағаз қиындылары таяқшаға тартылатындығын байқаймыз. Электрометр тілшелері зарядталған таяқшаны аспаптың таяқшасына тигізгенде бастапқы қалыптан ауытқиды. Бұл тәжірибелер зарядталған кез келген дененің айналасында заттан ерекшеленетін электр өрісі деп аталатын кеңістік бар екенін көрсетеді. Осы өріс арқылы электрлік өзара әрекеттесу жүзеге асады. «Электр өрісі» ұғымын ағылшын ғалымы М. Фарадей және Дж. Максвел енгізді. Электр өрісі материяның айрықша бір түрі болып табылады. Бір затты көріп, сезетін болсақ, электр өрісін сезім мүшелеріміздің көмегімен қабылдай алмаймыз. Ол тек зарядталған денелер әрекетінен ғана байқалады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 934
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Магнит өрісі. Магниттік индукция
Магнит өрісі. Магниттік индукция
Магнит өрісі электр заряды қозғалысқа келгенде ғана пайда болады. Егер заряды тыныш тұрса, онда магнит өрісі пайда болмайды.
Потенциал және потенциалдар айырымы. Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымының арасындағы байланыс (Конденсаторлар)
Потенциал және потенциалдар айырымы. Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымының арасындағы байланыс (Конденсаторлар)
Потенциал және потенциалдар айырымы. Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымының арасындағы байланыс (Конденсаторлар) Потенциал ұғымын қалыптастыру, өрістің энергетикалық сипатын, потенциал айырымы мен кернеулік арасындағы байланысты
Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі.
Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі.
Алғашқы түсініктер мен ұғымдар қалыптастыру және бекіту: өріс, электр өрісі, кернеулік – электр өрісінің күштік сипаттамалары, физикалық мағынасы, есептеу формуласы, өлшем бірлігі.
Электр өрісінің потенциалы
Электр өрісінің потенциалы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Электр өрісі нүктелерінің энергетикалық сипаттамасын енгізу, нүктелік заряд өрісінің потенциалының формуласы және потенциалдар айырымының физикалық мағынасын ұғындыру. Эквипотенциалдық бетке түсінік беру.
Потенциал және потенциалдар айырымы. Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымының арасындағы байланыс
Потенциал және потенциалдар айырымы. Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымының арасындағы байланыс
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жаланаш селосы, Ж: Ермегияев атындағы орта мектеп Физика пәнінің мұғалімі Утегенова Сәуле
Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі
Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш селосы, Ж. Ермегияев атындағы орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Утегенова Сәуле
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×