Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Диэлектриктер және өткізгіштер

23 қараша 2017, Бейсенбі
Категориясы: Физика
Физика 8 сынып
Тақырыбы: Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Диэлектриктер және өткізгіштер
Мақсаты: БжС технологиясын пайдаланып электр құбылысы тақырыбын меңгерту, білімдерін бағалауда уақытты тиімді пайдалану.
Міндеттері: Білімділік: Оқушыларға электр заряды ұғымын қалыптастыру. Электр зарядын бір денеден екінші денеге берілуі туралы түсінік қалыптастыру
2. Дамытушылық: Баланың ойын дамыту, есте сақтау қабілетін қалыптастыру, сөздік қорын молайту, ой қорытып, нақты шешім жасауға үйрету. Ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
3. Тәрбиелік: Күнделікті тұрмыспен байланыстыру, еңбекпен ұштастыру Тиянақтылыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Пәнге баулу, қызығушылықтарын туғызу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, баяндау, БжС «Ауызша сабақ - 2»технологиялық қартасы
Көрнекілігі және құрал жабдығы: Электрондық оқулық, презентация,

Ұйымдастыру кезеңі Үй тапсырмасы тексерілмейді - бұл жаңа тақырып.
ООМ бойынша бағалану айтылады.
Жаңа тақырып
Есеп шығару
Қарама - қарсы сұрақ қою
Сөздік қор
Бағалау

«Ауызша сабақ - 2» картасы Жаңа тақырып түсіндіріледі:
Янтарь – «электрон» деген грек сөзі. «электрон»сөзінен электр, электрлену барысынан пайда болатын күштерді электр күштері деп атайды. Өзара жанасқан денелер бір - біріне тартылады, демек денелер өзара электрленеді, олардың арасында тартылыс күші пайда болады. Электрлену кезінде түрлі заттардан жасалған денелердің электрлік өзара әрекеттесу қабілетіне ие болатыны дәлелденеді. Денелердің осы қасиетін электр заряды деп аталатын физикалық шама сипаттайды. денелердің өзара электрлік әрекеттесу қабілетіне ие болуы олардың электрленуі деп аталады
. Зарядтар жоқтан пайда болмайды және ешқайда жоғалып кетпейді
Тұйықталған жүйедегі денелердің электрленуінің барлық құбылыстарында электр зарядтарының қосындысы сақталады:
q1+ q2+….+ qn = const
Электрленуді байқауға арналған ең ыңғайлы аспап электроскоп
өткізгіштер: адам, мал денесі, ылғал жер, металдар, тұздар.
Диэлектриктер – пластмассалар, фарфор шыны, эбонит, плексиглас, шыны, ауа, газдар жатады. Оларды оқшаулағыштар немесе изоляторлар деп атайды.

Семей қаласы
№47 орта мектеп, физика пәні мұғалімі
Әбішева Жанар Ақылтайқызы

Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Диэлектриктер және өткізгіштер. жүктеу
5 347
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Физика пәнінен орта мерзімдік жоспар
Физика пәнінен орта мерзімдік жоспар
Физика пәнінен орта мерзімдік жоспар
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіш және өткізбейтіндерді күнделікті өмірде және өндірістерде қолдана білуге үйрету.
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіш және өткізбейтіндер
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіш және өткізбейтіндер
Бір - бірімен жанасқанда денелердің өзара әсерлесу құбылысын денелердің электрленуі, сол кезде туындайтын күштерді электр күштері деп атайды.
Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр өрісіндегі диэлектриктер
Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр өрісіндегі диэлектриктер
Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр өрісіндегі диэлектриктер. Оқушылардың электр өрісіндегі өткізгіштер, электр өрісіндегі диэлектриктер түсініктерін қалыптастыру.
Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы
Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың электростатиканың негізгі заңдары тұйықталған жүйеде зарядтың сақталу заңы мен Кулон заңының маңызы мен мазмұнын түсініп есеп шығаруға дағдыландыру.
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы (8 сынып)
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы (8 сынып)
Маңғыстау обылысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Жарылғасова Феруза Кендебайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×