Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Люминесценттік шамдар

14 сәуір 2012, Сенбі
Категориясы: Физика
1. Сабақтың тақырыбы: Люминесценттік шамдар.
2. Сабақтың мақсаты:
а) Оқыту: люминесценттік шамының құрлысы, қызметі, түрлерімен танысу.
б) Дамыту: люминесценттік шамдары туралы түсінігін, ой - өрісін дамыту.
в) Тәрбиелік: ұқыптылыққа, үнемділікке үйрету.

3. Сабақтың түрі: Демонстрациялық.
4. Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, ойын.
5. Пән аралық байланыс физика «Қыздыру шамы», химия «Инертті газдар» (Ar, Ne т. б )
6. Сабақтың көрнекілігі: люминесценттік шамының құрлысы, қыздыру шамы плакат, қыздыру шамын ток көзіне қосу құрылғысы.

7. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Мұғалім: оқушылар, өткен сабақта үйге қандай тапсырма берілгенін кім айтады?
Оқушы: өткен сабақта үйге берілген тапсырманың тақырыбы «Қыздыру шамы»
Мұғалім: олай болса үй тапсырмасын пысықтау мақсатында және сіздердің үй тапсырмасына дайындықтарыңды тексеру үшін, мына сұрақтарға жауап беріп көрелік.

1 - сұрақ: Жарық шамын кім ойлап тапқан?
Жауабы: Орыс электротехнигі А. Н. Лодыгин.

2 - сұрақ: Қыздыру шамы дегеніміз не, оны қандай мақсаттарға қолданады?
Жауабы: Қыздыру шамы жасанды жарық көзі болып табылатын құрал, ол бөлмені жарықтандыру үшін қолданылады.

3 - сұрақ: Қыздыру шамындағы вольфрам қыл сымның балқу температурасы қанша градусқа тең?
Жауабы: 3370
Мұғалім: қыздыру шамын құрылғы арқылы айнымалы тоққа қосып көрсетеді. Енді осы қыздыру шамының құрылысы неден тұрады екен (қыздыру шамының плакаттағы суреті ілінеді). Қыздыру шамының құрылысы:

1 - вольфрам қыл сым;
2 - металл өткізгіш;
3 - вольфрам қыл сымды дәнекерлеу шынысы;
4 - ауаны айдап шығару түтігі;
5 - қыздыру шамының мойыны;
6 - түйіспе.

8. Жаңа сабақты түсіндіру
Мұғалім: оқушылар біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Люминесценттік шамдар». Қыздыру шамдарынан кейін өмірге, осы люминесценттік шамдар енген. Люминесценция латынның «жарық» және «әлсіз әсер білдіру»- деген мағынасынан шыққан. Люминесцеттік шам дегеніміз – жарық ағыны негізінен, ультракүлгін сәулесінің әсерінен люминофордың жарқырауынан пайда болған газ разрядтық жарық көзі. Люминесценттік шам жарық беру үшін қолданылады. Оның қыздыру шамдарынан артықшылығы электр энергиясына үнемді келеді, яғни тоқты аз жейді. Сондықтан оны өндірісте, тұрмыста кеңінен қолдануға болады(т. б.)

Ой сергіту жұмбақтары:
Онсыз жерде жылу жоқ, тіршілікті көру жоқ.
(Күн)

Аспанда жарық және жылу берер күн бар,
Бөлмеде жарық және жылу берер не бар?
(Қыздыру шамы)

Түнде көп, күндіз жоқ.
(Жұлдыздар)
Ия оқушылар біз бұдан табиғатта жарық пен жылуды күн көзінен алатын болсақ, тұрмыста қыздыру шамдарынан алатынымызды білдік.
Люминесцеттік шамдардың жұмыс істеу ұзақтығы қыздыру шамдарына қарағанда ұзақтау келеді. Люминесценттік шамның кең тараған түрі сынапты шам, оның ішкі бетіне люминофор ағылған, әр түрлі формадағы шыны түтік. Түтіктің екі ұшы арқылы оның ішіне спираль тәрізді электроттар енгізілген. Шамның жұмыс істеу мерзімін ұзарту үшін, түтік ішіне сынап тамшысы мен белгілі бір мөлшерде инертті газ енгіземіз(аргон - Ar, неон - Ne) Люминесценттік шамды айнымалы ток көзіне қосқанда сынап атомдары электр өрісі әсерінен қозғалысқа түсіп, люминофор қабырғаға соғылып, жарық шығарады. Шамның жұмыс істеу мерзімі 10000 сағат. (Люминесценттік шамды іске қосу сұлбасы сызылады - ЛБ - 80 екі шамын БЛ - 2 - 80 трансформатромен қосу сұлбасы).

9. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары.
1. Люминесценттік шамның қарапайым шамдардан айырмашылығы неде?
Ж: жұмыс істеу мерзімі ұзақ және жақсы жарықтандырады.
2. Түтік ішіне қандай газдар енгізіледі?
Ж: сынап, инертті газдар (аргон, неон).
3. Түтіктің ұштары арқылы не енгізіледі?
Ж: Спираль тәрізді электродтар.
4. Шынының ішкі бетінде не болады?
Ж: люминофор қабаты.
5. Люминесценттік шамды не үшін қолданады?
Ж: жарық беру үшін қолданады.
6. Дроссельдің қызметі қандай?
Ж: шамдар арқылы өтетін токты шектейді.
10. Оқушылар білімін бағалау.
11. Үй тапсырмасы. Оқулықтан «Люминесценттік шамдар» тақырыбын оқу.
9 105
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ток күші. Амперметр
Ток күші. Амперметр
Алғашқы түсініктер мен ұғымдар қалыптастыру және бекіту: ток күші, анықтамасы, өлшем бірлігі, есептеу формуласы, Топтық жұмыстар кезінде өзгенің пікірін сыйлау, өз көзқарасын ұтымды жеткізе алу және оны қорғай алу машығын дамытуға жағдай жасау.
Жасанды жарық көздері
Жасанды жарық көздері
Жасанды жарық көздері туралы білім алушылардың жалпы түсініктерін қалыптастыру;
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Куванова Гулнар
Физикадан практикалық жұмыс
Физикадан практикалық жұмыс
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Исабекова Бибинур
Электр қыздырғыш құралдар. Қыздыру шамдары. Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар
Электр қыздырғыш құралдар. Қыздыру шамдары. Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №22 орта мектебінің физика пәні мұғалімі: Сман Мадина
Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері. Күн - жұлдыз
Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері. Күн - жұлдыз
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға ауылы, Жанкелдин орта мектебінің физика және математика пәнінің мұғалімі Молбаева Айгерім Қошанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×